Дєрістер (ќысќаша конспект)


Практикалық сабақ 3,4 - Мұнай өнімінің йодтық санын және қанықпаған көмірсутек мөлшерін анықтау



бет22/27
Дата06.02.2022
өлшемі3,94 Mb.
#78625
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Практикалық сабақ 3,4 - Мұнай өнімінің йодтық санын және қанықпаған көмірсутек мөлшерін анықтау
Жұмыс мақсаты: Мұнай өнімдерінің йодтық санын және көмірсутек мөлшерін анықтау
Жұмысты жасау: Анализденетін мұнай өнімін мақта арқылы фильтрлейді (артық ылғалдан арылу үшін), сонан соң бос бюкстің және ішіне мұнай өнімінің өлшемесі құйылған бюкстің массасын 0,0004 г дәлдікпен өлшейді.
Конус тәрізді колбаға бұжырланған тығыны бар 5 мл этил спиртін құйып, колба ішіне бюкстағы мұнай өнімін құяды.
Колбаға бюреткадан 25 мл йодтың спирттік ерітіндісін қосып, алдын ала калий иодиді ерітіндісімен шыланған тығынмен тығыздап жабады да, колбаны абайлап сілкиді. Колбаға 50 мл дистильденген су қосып, колбаны тығынмен жауып, 5 мин. Сілкиді де, 5 минутқа қалдырады, сонан соң тығынды және колба қабырғасын біраз дистильденген сумен шаяды. Титрлеу алдында 25 мл 20 %-тік калий иодидін және 25 мл тұз қышқылын қосады. Колбадағы ерітіндіні 0,1 н натрий тиосульфатымен титрлейді. Колбадағы сұйық ашық-сары түске боялғанда колбаға 1-2 мл крахмал ерітіндісін қосып, титрлеуді күгін-көк түс толық түссізденгенше жалғастырады.
Йодтық санды есептеу үшін мұнай өнімінсіз бақылау титрлеуді жүргізеді.
Мұнай өнімінің йодтық санын (ЙС) мына формуламен есептейді:

ЙС= (V-V1 ) *T*100


m
мұндағы V- бақылау тәжирибеде титрлеуге жұмсалған 0,1 натрий тиосульфатының көлемі, мл;
V1-Мұнай өнімін титрлеуге жұмсалған 0,1 н натрий тиосульфатының көлемі, мл:
Т- 0,1 н натрий тиосульфатының йод бойынша титрі;
m- зерттелетін мұнай өнімінің массасы г.
Мұнай өнімінің йодтық санын екі параллель өлшемеден анықтайды, екі нәтижеден арифметикалық орта табады. Зерттелетін мұнай өніміндегі қанықпаған көмірсутектер мөлшерін массалық процентпен мына формуламен есептейді (Нв):
Нв = ЙС * М
254
мұндағы ЙС –зерттелетін мұнай өнімінің йодтық саны;
М – мұнай өнімініндегі қанықпаған көмірсутектердің орташа молекулалық массасы; авиациялық бензин үшін орташа молекулалық массаны 100–ге тең деп алады.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Мұнай өнімінің йодтық саны нені білдіреді?

  2. Мұнай өніміндегі қанықпаған көмірсутектер мөлшері йодтық санмен қалай байланысқан?

  3. Неліктен йодтық саның анықтау реакциясын бөлме температурасында жүргізеді?




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет