Дєрістер (ќысќаша конспект)


Дәріс 5 - Мұнайлардың жіктелуі



бет9/27
Дата06.02.2022
өлшемі3,94 Mb.
#78625
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Дәріс 5 - Мұнайлардың жіктелуі
Дәріс жоспары:

  1. Мұнайдың ғылыми жіктелуі

  2. Мұнайдың химиялық жіктелуі

  3. Мұнайдың технологиялық жіктелуі

1. Мұнайдың ғылыми жіктелу түрлері:
1888 жылы барлық жаңғыш қазбалар каустобиолиттер деп аталған. Олар екі топқа бөлінген: көмірлер және битумдар. Битумдарға мұнайды және жаңғыш газдарды да, мұнайға тектес қатты заттар да жатқызды. 1987 жылы Хьюстон қаласында ХІІ дуниежүзілік мұнай конгресінде мұнайлардың тығыздығы бойынша жалпы жіктелу схемасы қабылданған:

  1. Жеңіл мұнайлар – 870,3 кг/м3

  2. Орта - 870,3-920, 0 кг/м3

  3. Ауыр – 920,0 – 1000 кг/м3

  4. Өте ауыр – 1000 кг/м3 жоғары, тұтқырлығы 10 000 мПа/с кем емес

  5. Табиғи битумдар – 1000 кг/м3, тұтқырлығы 10 000 мПа/с жоғары

Құрамындағы майлар бойынша табиғи битумдардың жіктелу схемасы:

  1. Мұнай – майлардың үлесі 65% жоғары

  2. Мальталар – 40-65%, бұл қара түсті, өте қою шайырлы мұнайлар. Олар күкірт пен оттеке бай болады.

  3. Асфальттар – 25-40%, қоныр қара түсті, тұтқырлы, аздап созылымды немесе қатты аморфты заттар.

  4. Асфальтиттер – 25%-тен төмен деп қабылданған қатты заттар

Бүгінгі күні мұнайдың жіктелу үш тобы белгілі: химиялық, геохимиялық (генетикалық), технологиялық (өндірісті, тауарлы). Мұнайдың қасиеттері құрамына, ал құрамы генезисіне байланысты болғандықтан оның жіктелуі сипаттамасы да шартты болып келеді.
2. Химиялық классификация мұнай құрамында бір немесе бірсыпыра көмірсутектер кластары басым болуына негізделген. Бұл классификация бойынша мұнайдың алты түрін ажыратады:

  1. парафиндік (құрамында алкандар көп) Манғышлак мұнайы.

  2. Парафиндік нафтендік (құрамында алкандар + циклоалкандар)

  3. Нафтендік (құрамында 60% көп циклоалкандар)

  4. Парафиндік - нафтендік – ароматтық (алкандар мөлшері = циклоалкан + арендер және 10% шәйір)

  5. Нафтендік – ароматтық (құрамында циклоалкандар, арендер және 20% шәйір)

  6. Ароматты (құрамында арендер көп).

Көмірсутектің негізгі класының үлесі 50%-дан және қосымша компоненттің үлесі 25%-тен кем болмау керек. Парафинді мұнайларда барлық фракцияларда алкандардың мөлшері бірталай: бензин фракциясында 50%-дан кем емес, ал майлы -20% және одан да көп болуы мүмкін. Асфальтендер мен шайырлар өте аз.
Парфинді нафтенді мұнайларда және олардың фракцияларының негізінде алкандар мен нафтендер болады, арендер мен шайырлы асфальтенді заттардың үлесі аз.
Нафтенді мұнайларда барлық фракцияларда циклоалкандар (60% және одан да жоғары) негізгі компонентке жатады. Олардың құрамында қатты парафиндердің, шайырлардың және асфальтендердің үлесі өте аз.
Нафтен ароматты мұнайлардың негізінде ауыр фракцияларда концентрленетін цикландар мен арендер жатады. Бұл мұнайларда шайырлар мен асфальтендердің мөлшері 15-20% дейін жетеді.
Ароматты мұнайлар – барлық фракциялардың құрамында арендердің үлесі басым және тығыздығы жоғары мұнайлар.
Мұнайдың аталымына негізгі, үлесі жоғары болатын, компонент бірінші орын алады, яғни үлесі азайған сайын екінші, үшінші орын алады. Егер белгілі көмірсутектер класына жататын компоненттің үлесі 10%-тен аз болса, ол мұнайдың аталымына кірмейді. Мұнайдағы үш компоненттің үлесі шамамен бірдей болатын жағдайда парафин нафтен ароматты болып жіктеледі.
Бүгінгі күнге қабылданған стандарты бойынша тауарлы мұнайлар белгілі кластарға, типтерге, топтарға және түрлерге бөлінеді. Күкірт және оның қосылыстары шикі мұнайдың айнымас компоненттері болып табылады. Мұнай құрамында күкірт еріген элементарлы күкрт, күкіртті сутек, меркаптандар, сульфидтер, дисульфидтер мен тиофеннің туындылары түрінде болады. Олар улағыш, жарамсыз иісті, шайыр шөгуінде себепші болып сумен қосылғанда металдарды коррозияға ұшыратады және зиянды қоспалар болып саналады. Сондықтан олардың тауарлы мұнай ішінде болуы тиімсіз. Құрамында күкірттің массалық үлесі бойынша төрт класқа бөледі:
Мұнайдың құрамындағы күкірт бойынша жіктелуі

Класс

Аталымы

Күкірттің массалық үлесі, %

1

Аз күкіртті

0,60 дейін

2

Күкіртті

0,60 – 1,80

3

Жоғары күкіртті

1,81 – 3,50

4

Аса жоғары күкіртті

3,50 ден жоғары

Тығыздығы және экспорт үшін – қосымша фракциялардың шығымы және парафиндердің массалық үлесі бойынша мұнайлар бес типке бөлінеді
Мұнайдың тығыздығы бойынша жіктелуі

Мұнайдың типі

Аталымы

200С-та тығыздықтың көрсеткіші, кг/м3

0

Ерекше жеңіл

830,0 дан көп емес

1

Жеңіл

830,1 – 850,0

2

Орташа

850,1 – 870,0

3

Ауыр

870,1 – 895,0

4

Битумды

895,0 – тен жоғары

Экспортқа тағайындалған 0-2 типті мұнайлар үшін қосымша 200, 300 және 3500С-ға дейін қайнайтын фракциялардың шығымын және парафиндердің массалық үлесін көрсетеді, ол 6% масс. Жоғары болмау керек.
Жерастынан өндірілген мұнайдың құрамында әрқашан жерасты суы, және әртүрлі механикалық қоспалар болады. Мұнай кен орындарының жер асты суда еріген күйде әр түрлі мөлшерде минерал, тұздар, газдар, кейбір органикалық қосылыстар болады. Олар, әсіресе хлорлы тұздар, мұнайдың құрамында болып тасымалдау, өндеу кезінде құбырлардың, аппаратураның коррозиясын тұғызып, мұнайдың тұтқырлығын арттырып, зиянды әсер етеді. Сондықтан мұнайды тасымалдау және өңдеу алдында даярлау керек. Мқнайлар даярлау дәрежесі арқылы құрамында судың, хлорлы тұздардың, механикалық қоспалардың, хлорорганикалық қосылыстардың үлесі және көмірсутектердің қаныққан бу қысымы бойынша үш топқа бөлінеді:
Мұнайдың даярлау дәрежесі бойынша жіктелуі




Мұнай тобының нормасы

1

2

3

Судың массалық үлесі, %тен көп емес

0,5

0,5

1,0

Хлорлы тұздардың концентрациясы, мг/дм3

100

300

900

Механикалық қоспалардың массалық үлесі, %-тен көп емес

0,05

Қаныққан бу қысымы, кПа (мм. Сынап б.), көп емес

66,7 (500)

Хлорорганикалық қосылыстардың мөлшері, млн-1

нормаланбайды

Күкіртсутектің және жеңіл меркаптандардың массалық үлесі бойынша мұнайларды үш түрге бөледі:
Мұнайдың күкіртсутектің және жеңіл меркаптандардың массалық үлесі бойынша жіктелу

Көрсеткіш атауы

Мұнай түрлеріне нормалар

1

2

3

Күкіртсутектің массалық үлесі, млн-1

20

50

100

Метил – және этилмеркаптанның массалық үлесі, млн-1

40

60

100

Генетикалық жіктелу мұнайлар құрамында жоғары және төмен өсімдіктер қалдықтарының қатынасы бойынша: гумит сапропелді, сапропелді және сапропелді гумитті болып үш типке бөлінеді.
Сонымен қатар мұнайлар физикалық және химиялық сипаттамалар және ауыр қалдықтардың құрамы бойынша жіктелінеді:
Мұнайды физикалық сипаттамалар бойынша жіктелу

Көрсеткіштің аталымы

Кластың аталымы

Өлшем бірлігі

Мәні

Тығыздығы

Өте жеңіл мұнай

кПа/м3

0-800

Жеңіл мұнай

кПа/м3

800-840

Тығыздығы орта мұнай

кПа/м3

840-880

Ауыр мұнай

кПа/м3

880-920

Тұтқырлығы

Аз тұтқырлы

мм2

0-40

тұтқырлы

мм2

40-80

Жоғары тұтқырлы

мм2

> 80

Мұнайды химиялық сипаттамалар бойынша жіктелу

Химиялық заттың аталымы

Кластың аталымы

Химиялық үлесі, %

шайырлар

Аз шайырлы

0-5

шайырлы

5 – 10

Жоғары шайырлы

> 10

асфальтендер

Аз асфальтенді

0-1

асфальтенді

1,4 -3

Жоғары асфальтенді

> 3

Асфальтты шайырлы заттар

Аз шайырлы

0-10

шайырлы

10-20

Жоғары шайырлы

20-35

Аса жоғары шайырлы

>35

Мөлдір фракция (3000С)

Фракцияның төмен үлесімен

0-25

Фракцияның орташа үлесімен

25-50

Фракцияның жоғары үлесімен

50-75

Фракцияның аса жоғары төмен үлесімен

75-100

Мұнай және табиғи қалдықтар құрамы (%) бойынша жіктелу



Аталымы

Асфальтендер

Шайырлар

Майлар

Көміртекті қалдық

Мұнай

< 0,1 – 12,0

3-22

67-97

0,2 – 10,0

Ауыр мұнай

11-45

14-39

24-64

10,0-22,0

Мұнай қалдықтары

11-30

29-40

49

18,0-32,0



3. Пайдаланып жүрген технологиялық жіктеуге сәйкес мұнайларды былай жіктейді:
Құрамындағы күкірттің үлес салмағына байланысты төрт класқа бөледі (I < II< III < IV)
3500C-қа дейін айдалатын фракциялардың шығымына қарай үш түрге бөледі (T1 > T2 > T3)
Базалық майлардың үлес салмақтарына қарай үш топқа бөледі (M1 > M2 > M3)
Тұтқырлық индексі бойынша төрт топшаға бөледі (И1 > И2 > И3 > И4)
Қатты парафиннің үлес салмағына байланысты үш түрге бөледі (П1 < П2 < П3)
Күкірттің массалық үлесі бойынша аз күкіртті мұнай – І класқа, күкіртті – ІІ класқа, жоғарыкүкіртті – ІІІ класқа, аса жоғары – күкіртті – ІV класқа жатады.
Құрамындағы парафиндердің үлесіне қарай азпарафинді мұнай – П1 түрі, парафинді мұнай – П2 түрі, жоғарыпарафинді – П3 түрі болып бөлінеді
Сонымен мұнай кластың, типтің, топтың, топшаның және түрлердің көрсеткіштерімен жүйелі құрастырылған шифрімен сипатталады. Егер сипаттайтын көрсеткіші бойынша мұнай нөмірі төмен топқа жатса, ал екінші көрсеткіш арқылы номірі жоғары топқа сәйкес келетін болса, онда мұнайды номірі жоғары болатын топқа жатқызады.

Мұнайдың технологиялық классификациясы



Көрсеткіштері бойынша жіктелуі

Құрамы

Құрамындағы күкірттің үлесі, % масс.

І
0,60-қа дейін

ІІ
0,61-1,8

ІІІ
1,81-3,50

ІV
3,5-тен көп

Қатты парафиндердің үлес салмағы, % масс.

П1
До 5

П2
5-10

П3
10-нан көп




Базалық майлардың үлес салмағы, % масс.

М1
25-тен кем емес

М2
15-25

М3
15-ке дейін




Тұтқырлық индексі

И1
95-тен көп

И2
90-95

И3
85-90

И4
85-тен кем емес

3500С-қа дейін айдалатын мөлдір фракциялардың шығымы, % масс.

Т1
Не менее 55

Т2
45-55

Т3
Менее 45




Кластар, топтар, түрлері бойынша технологиялық жіктелу

Кластар

Күкірттің үлесі, %

Типі

Фракцияның үлесі 3500С-қа дейін

Тобы

Базалық майдың үлесі, %

мұнайда

бензинде

Реактивті отында

Дизельді отында

мұнайға

Мазутта 3500С-тан жоғары

1

≤0,50

≤0,10

≤0,10

≤0,20


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет