Е. Б. Ахметов құқық негіздері



бет9/9
Дата14.12.2019
өлшемі196,64 Kb.
#53605
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1708 ahmetov e. b khukhikh negizderi studentterine arnalgan okhu khurali e. b. ahmetov


5 Реферат дайындау

Реферат белгілі бір тақырып бойынша студентке өздік жазбаша жұмысы болып табылады. Студент рефератты жазу кезінде берілген тақырып бойынша әдебиетке талдау жасап, ғылыми материалдарды жүйелеу керек.

Рефераттың құрылымы:

1) Реферат:

а) сыртқы беттен;

б) мазмұны;

с) кіріспе:

д) негізгі бөлім;

е) қорытынды;

ж) пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралуы керек.

Көлемі 20-25 бет басылған мәтін болуы керек.

Мазмұнына қойылатын талаптар:

1) Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, историографиялық шолу, зерттеудің мақсат-міндеттері, тәжірибе жүзінде маңыздылығы, (мөлшермен кіріспенің көлемі 1–2 бет);

2) Негізгі бөлім зерттелетің тақырып бойынша ғылыми материалды талдаудан тұрады. Негізгі бөлімнің материалы тарауларға бөлінеді (негізгі бөлімнің көлемі –15–20 бет).

3. Қорытынды зерттеудің қорытындылары бойынша өте қысқа көлемде болуы керек.

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі келесі құрылымдардан тұрады:

- алфавиттік тәртіп бойынша;

- тақырыптық – хронологиялық;

- қайнар көзі бойынша.

- Қосымшаға зерттеу жүргізілген қосалқы материалдар:

репродукциялар, иллюстрациялар, құжаттардың көшірмесі, фотосуреттер, суреттер, схемалар,кестелер, статистикалық мәліметтер.

Ресімдеу ережелері: ақ шет міндетті түрде сақталуы керек: сол жақ ақ шет –20 мм, төменгі- 20-мм, оң жақ –15мм.



Тесттер
1. ҚР-сы құралады:

А) одақтас республикалардан;

Б) әкімшілік-аумақтық бөліністерден;
В) ұлттық округтерден.
2. Құқық дегеніміз не?

А)тәртіп;


Б) мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелер жиынтығы;
В)міндет.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша білім алудың қандай түрі тегін?

А) кәсіби;

Б) міндетті орта;


В)арнайы орта.
4. ҚР-ның Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастау кім?

А) президент;

Б) парламент;

В) халық.



5. Төменде көрсетілген органдардың ішінен қайсысының ҚР-сы Конституциясының нормаларына ресми түсінік беруге құқығы бар?

А) прокуратура;

Б) конституциялық кеңес;

В) Жоғарғы сот.
6. Жергілікті мемлекеттік атқару органының басшысының лауазымы қалай аталады?

А) мэр;


Б) әкім;

В) референт.


7. ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңы қашан қабылданды:

А) 2000 ж;

Б) 1999 ж.;

В) 2002 ж.


8. Мүліктік және мүліктік емес қатынастарды қай құқық саласы реттейді?

А) конституциялық;

Б) отбасылық;

В ) азаматтық.


9. Неке мынадай жағдайларда бұзылады:

А) Ата-анасының өтініштері бойынша;

Б) Ерлі-зайыптылардың біреуі қаза болған жағдайда;

В) Ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша.


10. Судьялардың өкілеттік мерзімі қанша жыл?

А) өмірлік;

Б) 2 жыл;

В) заңда көрсетілмеген.


2 Нұсқа «Құқық негіздері»
1. Мемлекеттің пайда болуы туралы теологиялық теорияның мәнi неде?

А) Құдай жаратты;


Б) Адамның табиғатынан туындайды;
В) Ұлттық ерекшелiктердi есепке ала отырып туындайды;
Г) Өздiгiнен туындайды;
Д) Адамдардың психикасынан туындайды.

2. Мемлекеттiң пайда болуы туралы патриархалдық теорияның негiзiн қалаушысы кiм?

А) Августин;

Б) Радищев;

В) Аристотель;

Г) Маркс;

Д) Спенсер.



3. Дұрыс емес жауапты көрсет. Мемлекеттің ішкі функциясының салаларына жатады:

А) Экономикалық функция;

Б) Әлеуметтік функция;

В) Идеологиялық функция;

Г) Саяси функция;

Д) Экологиялық функция.


4. ҚР-сы құрылады

А) автономиядан;

Б) штаттардан;

В) одақтас республикалардан;

Г) әкімшілік-аумақтық бөліністерден;

Д) ұлттық округтерден.


5. Басқару нысанының қандай түрлерi бар?

А) Унитарлық және федеративтi;

Б) Республика және монархия;

В) Демократия және деспотия;

Г) Күрделi және жай;

Д) Орталық және жергiлiктi.


6. Құқық дегеніміз не?

А) дәстүр;

Б )тәртіп;

В) мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелер жиынтығы;


Г) салт;

Д) міндет.


7. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша білім алудың қандай түрі тегін?

А) жоғары;

Б)кәсіби;

В) арнаулы;

Г) міндетті орта;
Д) арнайы орта.

8. Конституциялық құқық қандай қарым-қатынасты реттемейді:

А)Мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын


Б)Мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негіздерін құрайтын қоғамдық қатынастарды
В)Сайлау жүйесінің негіздерін
Г)Тек қана саяси-құқықтық механизмдердi
Д)Мемлекеттік билікті іске асыру тетіктерін реттейді және белгілейді.

9. Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қашан қабылдады:

А)1991жыл


Б)1993 жыл
В)1995 жыл
Г)1977 жыл
Д)1978 жыл

10. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі:

А)Территориялық құндылықтар
Б)Мемлекет, халық, заңды тұлға
В)Азаматтардың міндеттері, қажетті мінез-құлық
Г)Оқиғалар, субъектінің
Д)Меншік

11. ҚР-ның Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастау кім?

А)президент


Б)парламент
В)үкімет
Г)халық
Д)Үкімет

12. Төменде көрсетілген органдардың ішінен қайсысының ҚР-сы Конституциясының нормаларына ресми түсінік беруге құқығы бар?

А)прокуратура


Б)конституциялық кеңес
В)Жоғарғы сот
Г)Үкімет
Д)Ұлттық қауіпсіздік комитеті

13. ҚР-ның Үкіметі қандай билікті жүзеге асырады?

А)заң шығару;

Б)сот;

В) атқару;



Г) қоғамдық;

Д) әкімшілік.


14. Жергілікті мемлекеттік атқару органының басшысының лауазымы қалай аталады?

А) мэр;

Б) губернатор;

В) әкім;

Г) референт;

Д) спикер.
15. Ең жоғарғы заң шығару органы қабылдайтын құқықтық кесім қалай аталады?

А) бұйрық;

Б) шешім;

В) заң;


Г) үкім;

Д) меморандум.


16. ҚР-да қос азаматтыққа жол беріле ме?

А) беріледі;

Б) берілмейді;

В) ерекше жағдайда берілед;

Г) оны азаматтың өзі шешеді;

Д) Президент шешімімен берілед.



17. Әкімшілік жазалаудың ең көп тараған түрі:

А)сөгіс;
Б) айыппұл;

В) салық салу;

Г) қарызды қайтару;

Д) тәртіптік жазаға тарту.

18. ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңы қашан қабылданды:

А) 2000 ж;

Б) 1999 ж.;

В) 2001 ж.;

Г)2002 ж;

Д) 2003 ж.


19. Еңбек шарты қандай мерзімге жасалады?

А) екі жылдан аспайтын уақытқа;

Б) белгісіз мерзімге;

В) үш жылдан аспайтын мерзімге;

Г) маусымдық мерзімге;

Д) барлық аталған мерзімге.


20. Еңбек заңы бойынша жалақының төлену мерзімдері:

А) айына 1 рет;

Б) апта сайын;
В) заңда көрсетілмеген;
Г) айын екі рет;
Д) 2 ай сайын.
21. Мүліктік және мүліктік емес қатынастарды қай құқық саласы реттейді?

А) қылмыстық;

Б) әкімшілік;

В) конституциялық;

Г) отбасылық;

Д) азаматтық.


22. Заң бойынша белгіленген неке жасы:

А) 20 жас;

Б) 16 жас;

В) 17 жас;

Г) 18 жас;

Д) 19 жас.


23. Неке мынадай жағдайларда бұзылады:

А) Ата-анасының өтініштері бойынша;

Б) Сотпен хабарсыз кеткен деп танылса;

В)Ерлі-зайыптылардың біреуі қаза болған жағдайда;

Г) Қылмыс жасағаны үшін 2 жылға сотталса;

Д) Ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша.



24. Мемлекеттiң сыртқы функциясы болып табылады:

А) Салық салу;

Б) Елдiң қорғанысы;

В) Меншiктi қорғау;

Г) Құқықық тәртiптi қорғау;

Д) Әскерде қызмет ету.


25 Судьялардың өкілеттік мерзімі қанша жыл?

А) өмірлік;

Б) 5жыл;

В) 2 жыл;

Г) заңда көрсетілмеген;

Д) 7 жыл.



Глоссарий
Атқарушы билік органы – мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылатын, өз құрылымы, құзырылығы бар, заңнамаға сәйкес құрылған, мемлекеттік тапсырмасы бойынша қатысуға құқық берілген, шаруашылық, әлеуметтік – мәдени, әкімшілік – саяси сфераларға күнделікті жетекшілікті атқарушы және бұйырушы қызмет тәртібінде жүзеге асыруға арналған, сала аралық басқарумен шұғылданатын ұйым.

Әкімшілік құқықтың пәні – бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.

Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған

Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жүйесінің саласы.

Конституциялық – құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.

Құқықбұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.

Құқықтың қайнар көздері бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін және бекітетін, оларға заңды және жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.

Мемлекет бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын

(құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси – аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекет функцияларыбұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары.

Мемлекет механизмі бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі.

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.

Мемлекеттік органбұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын және осы үшін тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме.

Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның – монархтың қолында болатын басқару нысаны.

Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны.

Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер.

Федерациябұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет

Әрекет дегеніміз – адамның қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі.

Әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы.

Жер қоры дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз

Қылмыстық құқық - жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз

Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынатсар.

Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі.

Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау және т.б.) қылмыстық жауатылыққа адам 14 жастан тартылады.

Қылмыстың субъективтік жағы – бұл қылмыстың ішкі мәнін, мазмұны

ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды

Мемлекеттік баж - уәкілді берілген мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

Сенімхат бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі.

реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы



Төлемақы дегеніміз – мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланған кезде төленетін төлем.

Экологиялық құқықтың мәні – бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық қатынастар дегеніміз – бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз – айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экология заңдарын бұзу дегеніміз – белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз.

Халықаралық құқық – бұл ерекше құқық жүйесі болып табылады. Ғылым және оқу пәні болып табылады.

Халықаралық келісімшарт – оның субъектілерінің арасындағы құқық пен міндеттерді белглейтін, солар үшін заңды міндетті халықаралық – құқықтық нормаларды тудыру туралыанық көрсетілген келісім

Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. – 30.06.1995 ж.

2 Ашитов Б. З. ҚР құқық негіздері. – Алматы, 2003. – 212 б.

3 Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. – Қарағанды, 2002. – 125 б.

4 Абдулина З. К. ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы. – Алматы, 2003. – 145 б.

5 Ағыбаев А. Н. Қылмыстық құқық Жалпы бөлім. – Алматы, 2001. –230 б.

6 Алауханов Е. Смертная казнь: да или нет // Мысль. – 2003. – № 3.

7 Антокольская Н. В. Семейное право. – М. : Юрист, 1999. – 240 с.

8 Баянов Е. ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері. – Алматы, 2003. – 150 б.

9 Азаматтық құқық / Жауапты ред. М. К. Сулейменов, Ю. Г. Басин том. – Алматы, 2003 – 180 б.

10 Баққұлов С. Д. Құқық негіздері. – Алматы, 2004. – 140 б.

11 Бирюков Л. Н. Международное право. – М. : Юрист, 2000. –170 б.

12 Байдельдинов Д. А. Экологическое право РК. – Алматы, 2001. –180 б.

13 Жайлин Ғ. А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. – Алматы, 2003. –1 Т. – 170 б.

14 Жоламанов М. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы : А. Эверо, 2004. –140 б.

15 Ибрагимов Х. Ю. Административное право. – Алматы : А. Данекер, 2000. –175 б.

16 Кулжумбаева Ж. О. Международное право. – Алматы, 1999 –145 б.

17 Нечаева А. М. Семейное право. – М. : Юрист, 2002. –150 б.

18. Оспанов С. Д. Уголовный процесс РК (часть общая). – Алматы, 2003. –142 б.

19.Сапаргалиев Ғ. ҚР Конституциялық құқығы. – Алматы,1998. –220 б.

20 Салық кодексі. – 30.10.2001 ж.

21 Таранов А. А. Административное право РК. – Алматы, 2002. –225 б.

22 Төлеугалиев Г. А. ҚР Азаматтық құқығы. – Алматы, 2001. – 215 б.

23 Толеубекова Б. Х. Уголовный процесс РК (часть особенная). –Алматы, 2002. – 312 б.

24 Уваров В. Н. ҚР Еңбек құқығы. – Алматы, 2002. – 120 б.

25 Худяков А. И. Финансовое право (часть общая). – Алматы, 2002. – 220 б.

26 Худяков А. И. Финансовое право (часть особенная). – Алматы, 2002. – 140 б.

27 1995 ж. «ҚР Үкіметі туралы» ҚР-ның конституциялық заңы.

28 1995 ж. «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы.

29 1995 ж. «Конституциялық Кеңес туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы.

30 2000 ж. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» ҚР-ның конституциялық заңы.

31 2001 ж. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

32 2001ж. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі

33. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. Жалпы сипаттама – Алматы, 1997

34 1998 ж. «Неке мен отбасы туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

35 1999ж. «Еңбек туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

36 1997ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі,

37 1999ж. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі,

38. 2007ж. Қазақстан Республикасының экологиялық Кодексі.

39 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы – жалпы бөлім. – Алматы, 2001
Мазмұны






Кіріспе..........................................................................................

3

1

Мемлекет,құқық және мемлекеттік –құқықтық құбылыстар

туралы негізгі ұғымдар....................................................................


4

2

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының

негіздері.........................................................................................

111

3

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және

сот...................................................................................................

224

4

Қазақстан Республикасының мемлекеттік

басқаруы.........................................................................................

228

5

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының

негіздері.........................................................................................

336

6

Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының

негіздері..........................................................................................

441

7

Қазақстан Республикасының Қаржы құқығының

негіздері..........................................................................................



551

8

Қазақстан Республикасының енбек құқығының

негіздері..........................................................................................

662

9

Қазақстан Республикасының экологиялық және жер

құқығының негіздері.....................................................................

769

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының

негіздері.........................................................................................

777

11

Қазақстан Республикасының Іс жүргізу құқығы.......................

82




Әдебиеттер.....................................................................................

107






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет