Е. Б. Ахметов құқық негіздері


Салық элементі және оның жіктелуі



бет6/9
Дата14.12.2019
өлшемі196,64 Kb.
#53605
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1708 ahmetov e. b khukhikh negizderi studentterine arnalgan okhu khurali e. b. ahmetov


7. 2 Салық элементі және оның жіктелуі

Салық элементісалық заңы регламенттелген салықтың қолданылуы жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы.

Салықтың элементтері:

1) Салық субъектісі;

2) Салық объектісі;

3) Салық көзі;

4) Салық мөлшері;

5) Салық жеңілдіктері;

6) Салық ставкасы;

7) Салық кезеңі;

8) Салықты есептеу тәртібі;

9) Салық есептелігі;

10) Салықты төлеу тәртібі.



Салықтың субъектісі – заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді айтамыз.

Салық төлеушілер:

Қызметкерлер өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілік жасайтын, сонымен бірге белгілі бір түсім алатындар, яғни жеке тұлғалар;

Шаруашылық субъектілер – капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.

Салық төлеуші – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.

Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады.

Тауар қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез-келген еңбек өнімі болып табылады.

Мұра - қайтыс болған азамат мүлкінің оның мұрагерлеріне көшуі. Көптеген мемлекеттерге мұраға салық салынады.

Жер белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық.



Салық көзі салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары, бұл- жалақы, кіріс, дивиденттер, яғни салық неден төленетіндігін анықтау.

Салық көзі- салық төлеуге арналған немесе қолданылатын ақша қаржылары.

Салық төлеушілердің салық төлеу үшін негізінен 5 көзі бар:

- табыс;


- қор және жинақ;

- өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса алғанда;

- қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда;

- қарыз қаражаттары.

Табыс – ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар.

Салық мөлшері – салық төлекшінің табысына қарай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді

Салық жеңілдіктері төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару.

Салық ставкасы – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді.

Салық кезеңдері салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі.

Салықты есептеу тәртібі

Негізінде салықты есептеудің 5 кезеңі бар:

- бірінші- салық салынатын объектіні есепке алу;

- екінші- салық салу объектісінен салық базасын есептеу;

- үшінші- салық ставкаларын қолдану;

- төртінші- салық жеңілдіктерін қолдану:

- бесінші- салық сомасын есептеу.

Салық есептілігі – салық төлеуші және салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.

Салықты төлеу тәртібі салық төлеушінің мемлеетке салық төлемдерін төлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарында бекітілген ереже.

Салықтар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:

1) Өндіріп алу тәсілі немесе салық салу объектісі бойынша: тікелей және жанама салық;

2) Тікелей салықтар: нақты және дербес салықтар;

3) Объектінің экономикалық белгілері бойынша: тұтынуға және табысқа салынатын салықтар;

4) Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша: үйлесімді, үдемелі және кемімелі салық;

5) Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай: республикалық және жергілікті салық;

6) Пайдалану ретіне қарай: жалпы және мақсатты салықтар;

7) Салықтарды төлеуге байланысты: заттай және ақшалай салықтар;

8) Салық субъектілеріне қарай: заңды және жеке тұлғалардың салықтары;

9) Салықтардың қолданылуы қызметтеріне орай: жай және төтенше салықтар.

10) Салықты есептеу және төлеу субъектісі бойынша: қызмет арқылы және қызмет ақысыз салықтар;

11) Салық базасының пайда болуы және салықты төлеу көзіне қарай: активті және пассивті салық;

12) Салдықтарды салық төлеушілердің арасында бөлуге байланысты: үлестірме және санды салықтар;

13) Салықтардың төленуіне қарай: тұрақты және біржолғы салықтар.

Тікелей салық – тікелей табыс, немесе меншік иеленушілерден алынады. Оған жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы.

Жанама салық тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынады. Мәселен, қосылған құн салығы, акциз салығы.

Жеке жанама салықтар – бұл тауардың белгілі бір түрінен алынады. Бұл салық акциз деп аталады. 20 ғасырға дейіни күнделікті сұраныс тауарларына акциз салынып келеді.

Қазыналық монополиялық салықтар – мұнда тауарлардан басым бөлігін мемлекет өндіреді. әрине, бұл тауарлардың бағасын да мемлекет бекітеді. Егер мемлекеттің өзі тауарды өндірсе және өткізсе, онда тауарды өткізуден түскен барлық түсімін сауда шығындары шегерілген сомаға салық салынады.

Кедендік баж – мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы мемлекеттік шекарадан өткізер кезде тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алынатын ақшалай төлемдері.

Дербес салықтар деп – салық төлеушілердің табыстарына салынатын салықтарды атауға болады. Қазақстан Республикасында дербес салықтарға жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардағы үстеме пайда салығы, әлеуметтік салық.
8 Қазақстан Республикасының енбек құқығының негіздері
8.1 Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында қызметкерлердің жұмыс уақыты тынығу уақытымен тығыз байланыста белгіленген. Аталған бапта «Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істегендерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс және мереке күндерінде, жыл сайынғы ақылы демалысқакепілдік беріледі» делінген.



Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек туралы заңның 45 – бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленгеннормадан азырақ көзделуі мүмкін.

Қызметкер жеке еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс уақыты ішінде орындауға міндетті, дегенмен бұл уақыт нақты жұмыс істелген уақытыпен сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген уақыты дегеніміз – жұмыс уақытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу нақты жұмыс істелген уақытқа төленеді.

2001 жылғы өндірістік күнтізбелікке сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат болып белгіленген қызметкерлер үшін жұмыс күннің ұзақтығы:

5 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 8 сағаттан

6 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 7 сағаттан, ал бір күн – 5 сағаттан болып белгіленген (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 05 – 2 (8008 хаты).

Қысқартылған жұмыс уақыты. жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін қорғау, оқу мен өндірісті оңтайлы ұштастыруға жағдай жасау, өндіріске кәмелетке толмаған жетекшілерді және еңбекке қабілеттіліктері төмендеген тұлғаларды тарту мақсатында белгіленген. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:

1) 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 24 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында – 4 күн – 5 сағаттан, 1 күн – 4 сағаттан;16 жастан 18 жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында – күніне 6 сағаттан, ал 5-күндік жұмыс аптасында – 4 күн 7 сағаттан 15 мин. (7,25 с) және 1 күн – сағаттан аспайтын;

2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.

Ауыр дене жұмыстары деп қызметкерлердің ауыр заттарды көтеруге немесе орын ауыстыруға байланысты қызметкердің түрлері не 300 ккал (сағаттан астам күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстардыайтады. Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайларына белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі қызметкердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары жатады. Қауіпті (өте қауіпті) – белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.

Жұмыс ісеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің кәсіптер мен қызметтердің тізімін, содан-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.



Толық емес жұмыс күні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқшаулардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің және тағы басқыа азаматтардың жағдайларын ескре отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс күніне жасалуы мүмкін. Қысқартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс күнінің айырмашылығы мынада: егер алғашында жұмыс күні жалақы азайтылмай қысқартылатын болса, толық емес жұмыс күнінде қызметкер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе шығарған өнімнің көлеміне қарай алады.

Толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істеген қызметкерлердің еңбек құқықтарының көлемі ешқандай шектелмейді.

Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6 – ға дейінгі уақыт болып есептеледі. Жұмыс уақытының кемінде 50 пайызы түнгі уақытқа келетін ауысым түнгі ауысымға жатады Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2000 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 бұйрығымен бекітілген « Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулрды» 20-тармағы).

Жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі уақытта жұмыс істеуге 18 жасқа толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.



8.2 Демалыс уақытының ұғымы және түрлері

Демалыс уақыты қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдаланылатын уақыты. Оның еңбек заңдарына сәйкес мынадай түрлері бар:

1) демалуға және тамақтануға арналған үзіліс;

2) күн сайынғы демелыс;

3) демалыс күндері;

4) мереке күндері;

5) демалыстар;

Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. (Ет3-ның 53-бабы). Заңда үзілістің тек төменгі ұзақтығы ғана белгіленген. Үзілістің мейілінше ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Бұл үзіліс жұмыс ұақытына енгізілмейді және оны қызметкер өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. Түскі үзіліс төрт сағат жұмыс істегеннен кейін беріледі. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, демалу және тамақтану тәртібі мен орны жұмыс берушінің актілеріне белгіленеді.

Арнаулы үзіліс. Еңбек заңының 54-бабында жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабықүйжайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістердің берілетіні көзделген. Бұл үзілістер жұмыс уақытына қосылады және жұмыс берушінің актілерімен айқындалып, ұжымдық, жеке еңбек шарттарында белгіленеді.

Күн сайынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда ) басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс (Ет3-ның 55-бабы).

Демалыс күндері. Қызметкерлерге апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, яғни демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі.

Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні де, әдетте қатарынан беріледі.

Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Өндірістік – техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда, сондай-ақ үзіліссіз өндіріс жүргізілетін ұйымдарда жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым кестесіне сәйкес, қызметкерлердің әрбір тобына демалыс күндері аптаның әртүрлі күндерінде кезекпен беріліп отырады.

Жалпы ереже бойынша демалыс күндері жұмыс істеуге жол берілмейді. Қызметкерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға оның келісімі болған ретте ғана рұқсат етіледі.

Демалыс күндерінде жұмысқа тартудың ерекше реттері Еңбек заңының 59-бабында белгіленген. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:

1) төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;

2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау және оны тергеу үшін;

3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын –ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін.

Белгіленген жағдайлар тізбесі толығымен берілген деп түсіну керек.



Мереке күндері. Заң бойынша күнтізбелі жыл ішінде қызметкерлер жұмыс істейтінмереке күндері мыналар: 1–2-қаңтар – Жаңа жыл; 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Наурыз мейрамы, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі; 9 мамыр – Жеңіс күні, 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, 25 қазан – Республика күні (бұл күн Ұлттық мереке болып жарияланған), 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. (Заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы № 2534 Жарлығы).

Заңда белгіленгендей өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарды қоспағанда республикада белгіленген мереке күндері жұмыс жүргізілмейді.



Жыл сайынғы еңбек демалысы – қызметкерлерге жұмыс орны (қызмет) мен орташа жалақысы сақтала отырып, жыл сайын күнтізбелік күн есебінен берілетін заңда көзделген үзіліссіз демалыс. Еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге беріледі. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын берудің талаптары мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгіленеді. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер басқа нормативтік құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде қызметкерлердің жекеленген санаттары үшін өзгеше көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он сегіз күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі. (Ет3-ның 60-бабы)

Республика Президентінің жыл сайынғы демалысының ұзақтығы – 45 күнтізбелік күн (Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы жарлығы, 29-бап)

Мемлекеттік қызметшілерге, прокуратура органдарынан қызметкерлеріне, судьяларға ұзақтығы отыз күнтізбелік күн мөлшерінде жыл сайынғы демалыс беріледі.

Орта, жалпы, бастауыш және орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білім мектептері қызметкерлерінің 56 күнтізбелік күн, әдістеме қызметі, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер қызметкерлерінің 42 күнтізбелік күн демалыс алуларына құқылары бар. Бұл педагогика қызметкерлеріне толық еңбек демалысы егер олар 1 қыркүйектен бастап толық оқу жылы жұмыс істесе беріледі.

Еңбек демалысы күндеріне дәл келетін мереке күндерін есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі.

Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін еңбектегі жұмыс стажина (өтіліне):

1) жұмыс жылы ішінде нақты жұмыс істеген уақыты;

2) жұмыстан заңсыз босату кезінде амалсыздан бос жүрген уақыт;

3) емделуде болып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталуға уақыт қосылады.

Жұмыс істеген бірінші жылы үшін қызметкерге еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша бірінші жұмыс жылы өткеннен кейін беріледі. Қызметкерлердің қалауы бойынша жыл сайын еңбек демалысы бөлініп берілуі де мүмкін.

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, демалыс кестесінде, жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді. Өндіріс қажеттеріне байланысты демалыс кестесі өзгерген жағдайда жұмыс беруші еңбек демалысының басталуынан кемінде екі апта бұрын қызметкерге ол жөнінде хабарлауға міндетті.

Жыл сайынғы еңбек демалыстарын ауыстыру немесе ұзарту жағдайлары еңбек туралы заңдармен рұқсат етілген. Заңның 63-бабына сәйкес еңбек демалысы қызметкер еңбек демалысы кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде, жүкті болуы мен босану бойынша демалысы кезінде толық немесе бір бөлігі ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін. Бірақ бұл орайда еңбек демалысы кезіндегі күндерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төленбейді.

Жыл сайынғы еңбек демалысы (не оның бір бөлігі) тек қызметкердің келісімімен немесе оның өтініші бойынша ғана ұзартылуы немесе келесі жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкін. Тараптардың келісімібойынша ауыстырылған еңбек демалысы келесі жылдың демалысына қоылуы немесе қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта жеке берілуі мүмкін.



7)Жалақы сақталмайтын демалыстар тараптардың келісімі бойынша қызметкерге отпасы жағдайына және басқа да дәлелді себептер негізінде берілуі мүмкін. жалақы сақталмайтын демалыс оның мерзімімен берілу себептері көрсетілген жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді. Заң жалақы сақталмайтын демалыс беру мерзіміне шек қоймайды.

Заңдарда қызметкерлердің кейбер санаттарына әлеуметтік сипаттағы демалыстар көзделген. Еңбек туралы заңның 66- бабына сәйкес әйелдерге жүктелігі мен босануы бойынша босанғанға дейінгі ұзақтығы 70 күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда 70) күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс беруші қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезенге төленген жәрдемақыны босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына қарамастан оған толық беріледі.

Жаңа туған нәрестелерді тікелей перзенханадан асырап алған әйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннкен бастап, сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толған күнге толғанға дейінгі кезенге (ата-анасының біріне) демалыс беріліп оның ұйымда жұмыс істеген ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңге жәрдем ақы төленеді.

Жүктілігі және босануы бойынша демалыстардың басқа, заңдар бір жарым жасқа балалары бар аналарға бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақысы сақталмайтын қасымша демалыстар беруге қарастырған. Қосымша демалыс уақыты ішінде олардың жұмыс орны (қызметі) сақталады.

Бұл демалыс сәби бір жарым жасқа толғанға дейін кез-келген уақытта толық немесе бөліп пайдалануы мүмкін.

Бір жарым жасқа балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақысы сақталмай берілетін қосымша демалыс жалпы еңбек өтіліне, және мамандық бойынша жұмысын өтіліне есептелінеді. бірақ бұл уақыт жыл сайынға еңбек демалысына құқық беретін жұмыс өтіліне қосылмайды.



Оқу демалысы. Оқу демалыстары демалыстың жеке бір түрі болып табылады бұл демалстар қызметкерге ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан беріледі. Еңбек туралы заңның 69-бабы негізінде білім беру ұйымында оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын тапсыру кезеңінде ақы төленетін немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс берілуі мүмкін. Оқу демалыстарын беру тәртібі жеке еңбек ұжымдық шарттарда белгіленеді.

Оқу демалысын алу үшін қызметкер жұмыс берушіге тиісті оқу орнының емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын туралы шақыру – анықтамасын ұсынады.





9 Қазақстан Республикасының экологиялық және жер құқығы
9.1 Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері

ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады;

2) Шетелдік мемлекеттер – Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.);

3) Заңды тұлғалар;

4) Жеке тұлғалар.

Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.

ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

2) ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

3) экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

4) табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;

5) биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

6) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

7) қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

8) халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;

9) халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.

Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.

Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет