Э. Б. Оразбаева (қолы) (аты-жөні)



бет1/23
Дата07.02.2022
өлшемі383,5 Kb.
#86335
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
16.08.20-ФИЛОСОФИЯ-силлабус-Баян Арынгаз




ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика-гуманитарлық ФАКУЛЬТЕТІ


«БЕКІТЕМІН»
Педагогика-гуманитарлық факультетінің
деканы ________ Э.Б.Оразбаева
(қолы) (аты-жөні)
«___» тамыз 2020 ж.
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы


Fil 1102 Философия пәнінің
(пәннің коды және атауы)


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС)



Мамандығы: 6В05101 – Биология мұғалімін дайындау, 6В01505 Биология

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 3

Кредиттер саны: 5

Сағат саны: 150

Лекция: 30 сағат

Практикалық/семинар сабақтар: 20 сағат

Лабораториялық сабақтар: -

СОӨЖ/ СӨЖ: 25+ 75 сағат

Қорытынды бақылау: Емтихан – тест



Оқытушы туралы мағлұматтар: Арынғазиева Баян Бекмырзақызы
филос.ғ.к., профессор м.а.
Е-mail: aringazieva-61@mail.ru
Кафедрасы: Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер
Мекен-жайы: Шымкент қ, А.Байтұрсынов көшесі, 13, кабинет №404 «б»
Тел.мобильн: 8-701-386-02-48
Кеңес беру уақыты: әр аптаның дүйсенбі күнi сағат 14.40-17.30 аралығында
108 «б» дәрісханасында
Шымкент 2020

Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) №1 хаттама «31» 08 2017 ж. университеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген барлық білім беру мамандықтарының білім беру бағдарламасы және «Философия» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына (ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №603 бұйрығымен бекітілген) типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.


Құрастырған: _________________Арынғазиева Б.Б.филос.ғ.к., профессор м.а.
(қолы) (аты-жөні және ғыыми атағы)
Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы (syllabus) «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды.
№6 хаттама, «___» _тамыз_ 2020 ж.
Кафедра меңгерушісі: ___________ Сыздықова Г.М. – ф.ғ.к., доцент
(қолы) (аты-жөні және ғыыми атағы)
Факультеттің оқу-әдістемелік жұмыстарына жауапты______________________


1. Кіріспе



Пәннің мақсаты

- студенттердің философияны дүниені танып-білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру.
- Студенттердің бойында ойлаудың қазіргі заманғы мәдениетін және ғы-лыми ізденістің методологиялық стратегиясын, сыни ойлауды және қа-зақстандық патриотизм принциптеріне, ұлтаралық және конфессия-аралық келісім принциптеріне негізделген берік философиялық көзқарас-тық позиция дағдыларын, белсенді азаматтық позиция, тұлғаның құқық-тары мен еркіндігін құрметтеу, толеранттық әлеуметтік өзара қатынастар дағдыларын қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

- Білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заман-ның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясын-да білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік мә-дениет негіздерін игеруі;
- Студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
- Ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және шығарма-шылық әлеует қалыптастыру.
- Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:

Күтілетін оқу нәтижелері



- философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттау;
- нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;
- дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зер-делеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;
- дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;
- мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен мазмұнына түсініктеме жасау;
- негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қа-зіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу;
- медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жекетұлғалық жағдайлардың философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін талдау жасау;
- қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу;
- кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну.

Оқыту әдістері
мен техноло-гиялары

- студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негіз-делген;
- біліктілікке бағытталған оқыту;
- әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;
- кейс-стади (нақты жағдаяттарды сараптау);
- жобалар әдісі (өзіндік тәжірибе мен біліктілік жинау және қайта жа-сау).

Пәннің пререк-визиттері:

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы.



Пәннің пост-реквизиттер:

-



Қысқартулар
ББ білім беру бағдарламасы
ЭПК- Элективті пәндер каталогы
БӨЖ (СӨЖ/СОӨЖ)-білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тақырыптары
АБ- ағымдық баға
МБ- межелік бақылау
ҚБ-қорытынды бағалау
2. Оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны



Сабақ
түрі

Пәннің мазмұны



сағат саны

Әдебиеттер

1-3 апта:

1. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі

Лекция

1. Ойлау мәдениеті.
2. Философия – даналыққа құштарлық.
3. Қазақ ақын-жыраулар шығармашылығындағы философиялық даналық.

2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет