Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева



бет5/18
Дата27.10.2023
өлшемі59,04 Kb.
#188707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Қазақ тілінен диктанттар жинағы 2-сынып
Құжаттама жүйесі тапсырма, Документ333

Өздік диктант


Тәтті балға тоюды Ойлап аю, Омартаны ториды.
Мұзафар Әлімбай

Ескерту диктанты


Сауысқан

Сауысқан – жылтыр, әшекейлi заттарға әуес құс. Ол ұясына әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды та сиды. Оның ұясынан түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен алтын сақиналарды да кездестiруге болады.




***


Жақсылық

Әлия бүгін мектепке ерте келді. Сыныпқа кіріп, орнына жайғасты. Терезе жақтан ызыңдаған дыбысты естіді. Ол әйнекте жорғалап жүрген араны байқады. Кішкентай қыз араны ұстап алып, желдеткіштен сыртқа шығарып жіберді.




Бақылау диктанты




Ерте заманда адамдар өз ойларын бірбіріне жеткізу, түсіндіру үшін әртүрлі ісқимылдарды қолданған. Тастарға сурет салған және жалаушалар мен белгілерді пайдаланған. Уақыт өте еңбек арқылы олардың ойлары, тілдері дами бастады. (29 сөз.)


***


Сәукеле
Сәукеле – қазақтың ұлттық баскиімдерінің бірі. Ол оюлар мен, әдемі гауһар тастармен көмкерілген. Сәукелені алдын ала даярлап қояды. Ұзатылатын қыз немесе қалыңдық сәукелені қыз ұзату, үйлену тойларында киеді. (27 сөз.)


***


Шапан жабу

Шапан қазақ халқының сыртқы киіміне жатады. Оны аса бағалайды. Қазақта шапан жабу дәстүрі бар. Арнайы тіккізген шапанды құрметті қонағының иығына жабады. Бұл үлкенді сыйлаудың тамаша үлгісі болып табылады. (28 сөз.)


МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ




Дауыссыз дыбыстардың түрлері Сөздік диктант
Ататек, шежіре, отбасы, немере, шөбере.

  • Сөздерге дыбыстық талдау жасату.



Өздік диктант




Шежіре ағашы

Қазақта әрбір адам өзінің жеті атасын білуі керек. Жеті атасын білмеу – өте ұят нәрсе. Жеті атаны үйретуге атаана көмекке келеді. Жеті атаға өзі, әкесі, атасы, бабасы және онан арғы атабабасы кіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет