Э. М. Курантаева 2014-2015 оқу жылы



Дата12.03.2018
өлшемі81,09 Kb.
#39163
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,

Ембі қалалық №2 орта мектебі.



гуманитарлық пәндер онкүндігінің аясында

6"а" класының үздік оқушылары арасында

өткен сайыстың жасақтамасы


Ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Э.М.Курантаева

2014-2015 оқу жылы.


Тақырыбы:"Кім білгір?"

Мақсаты:сайыс өткізу арқылы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәнінен алған

білімдерін тексеру;

Міндеті:оқушылардың берілген сұраққа тиянақты, шапшаң жауап беруін дамыту;

пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімге ұмтылуға тәрбиелеу.



Жүргізуші:Саламатсыз ба, құрметті ұстаздар, оқушылар! Гуманитарлық пәндер онкүндігінің аясында өткізгелі жатқан "Кім білгір?" сайысына қош келдіңіздер! Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өз білімдерін ортаға салып, сайысқа қатысатын

6"а" класының үздік оқушыларын қошеметпен қарсы алайық!

1.Нұрбаева Ә.,2.Бексұлтан Э.,3.Берістемова А.,4.Төлеген Н.,5.Базарбаева А.

Сайыскерлердің білімін бағалап, білгір оқушыны анықтайтын әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

1.Жумагалиева А.Қ. гуманитарлық пәндер ӘБ жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі.

2.Жарыкова Б.Т. мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары,қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі.

3.Асабаева Г.Қ. қосымша білім беру педагогі.

Жүргізуші:

"Бүгінгі жастарға оқу міндет,

Тек қана оқуменен өнер білмек.

Өнер-білім, адалдық, ар-намысты

Жоятын надандық қой жаман індет,"-деп С.Торайғыров айтқандай, адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім, ең алдымен, тіл арқылы игеріледі. Демек тіл - білімнің негізгі құралы.

І кезең: “Cөз тапқанға қолқа жоқ”.

Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру. Жауабы 1 ұпаймен бағаланады. (оқушылар әріп жасырылған стикер таңдайды)

1.Сайыскерлергеге сұрақтар:

І сайыскер. ІІ сайыскер. ІІІ сайыскер.

1. Тілді қадірлейсің бе? 1. Таңертең не жедің? 1.Дәрігер не істейді?

2. Тілде сүйек бар ма? 2.Досыңа не сыйлайсың? 2.Сенің күшің көп пе?

3. Қандай сыйлық алғың келеді? 3.Ағылшын тілін білесің бе? 3.Досыңның есімі кім?

4. Қазақша сөйлеуге қызығасың ба? 4.Көршіңмен татусың ба? 4.Шашың ұзын ба?

5.Бүгін не істедің? 5.Кеше қайда болдың? 5.Шаршағанда не істейсің?

6. Асықты неден алады? 6.Диктантты қалай жаздың? 6.Сабаққа бардың ба?

7. Тілі ұзын адам қандай адам? 7.Момын адам қандай болады? 7.Ұзын бойлы адам қандай?

8. Тіл үшін не істейсің? 8.Хайуанаттар бағында не бар? 8.Гүлді қалай өсіресің?


ІҮ сайыскер. Ү сайыскер.

1. Нанды немен кесесің? 1.Отбасың қандай?

2. Қазақ тілі әлемдегі бай тіл ме? 2.Шайды немен ішесің?

3. Тілін жоғалтқан ұлт не істейді? 3.Үй тапсырмасын орындамасаң не істейсің?

4. Кітап оқығанды ұнатасың ба? 4.Ереже білесің бе?

5. Тілді жоғалтпау үшін не істеу керек? 5.Қандай мамандық ұнайды?

6. Мектепке немен келдің? 6.Есепті қалай шығарасың?

7. Көршіңе барып тұрасың ба? 7.Киімді қалай үтіктейсің?

8. Түнде аспанда не болады? 8. Өнер алды қызыл тіл ме?

Жүргізуші:

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,-дей келе біз келесі БӘЙГЕ кезеңін бастайық.

ІІ кезең: "Бәйге"

Шарты: әр сайыскерге 6 сұрақтан қойылады, жауабы 1 ұпаймен бағаланады.

І сайыскер.

1. Қазақтың тұңғыш педагог – жазушысы кім? /Ы.Алтынсарин/

2.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? /42 әріп/

3.Абайдың әжесінің аты кім?/Зере/

4.Сәкен Сейфуллиннің шын есімі?/Сәдуақас/

5."Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" өлеңінің авторы?/С.Аронұлы/

6.Киіз үйдің төбесі /шанырақ/

ІІ сайыскер.

1."Қырық мысал" жинағының авторы? /Ахмет Байтұрсынұлы/

2.Қазақтың классик әдебиетінің атасы? /Абай Құнанбайұлы/

3.Абайдың анасының аты? /Ұлжан/

4.Тудың авторы?/Шәкен Ниязбеков/

5.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?/15 дауысты дыбыс/

6. "Жолама құлар маңайға" өлеңінің авторы?/Шәкәрім Құдайбердіұлы/

ІІІ сайыскер.

1."Шығамын тірі болсам, адам болып"өлеңінің авторы?/ С.Торайғыров/

2.Буын түрлері./ашық, бітеу, тұйық/

3.Мемлекеттік әнұранның авторлары?/Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев/

4. Тілдің қатысына қарай дыбыстар қалай бөлінеді? /жуан, жіңішке/

5. «О,Ақтан жас, Ақтан жас" кімнің туындысы? /Дулат Бабатайұлы/

6. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

ІҮ сайыскер.

1."Адамдық борышың" өлеңінің авторы?/Шәкәрім Құдайбердіұлы/

2.Қазақ әліпбиінде неше дауыссыз дыбыс бар?/25 дауыссыз дыбыс/

3.Қазақстан қай құрлықта орналасқан?/Еуразия құрлығында/

4.Киіз үйдің есігі?/сықырлауық/

5.Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?/ашық, қысаң/

6.Етістің неше түрі бар?/4: өздік, өзгелік, ырықсық, ортақ/

Ү сайыскер.

1."Сен құрметте оны қарағым!" өлеңінің авторы?/Әбу Сәрсенбаев/

2.Дауыссыз дыбыстар қалай жіктеледі?/қатаң, ұяң, үнді/

3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері?/Тоқтар Әубәкіров/

4. "Анама хат"өлеңінің авторы?/А.Байтұрсынұлы/

5. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

6. Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер /омоним/

Жүргізуші:

Көрерменді таңғалдырар

Ғажайып бір сайыс болсын,

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын,- деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
ІІІ кезең: "Дода"

Сайыскерлер ұяшық таңдау арқылы ұпай жинайды. Бір сайыскер сұраққа жауап бере алмаса, басқа сайыскердің жауап беріп, ұпай алуына мүмкіншілік бар.

"ӘДЕБИЕТ"

ұпай

сұрақтар

жауабы

10

Қобыландының мінген аты

Тайбуырыл

20

“Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы, ерінбе..." Кімнің сөзі?

С.Торайғыров

30

“ІХХ ғ. Жетісу ақындарының алтын діңгегі” деп М.Әуезов кімді бағалаған?

С.Аронұлы

40

“Күлтегін” атты тарихи шығарманы бүгінгі нұсқада жырлаған қазақтың белгілі ақыны

Қ.Мырза Әли

50

“Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар”,-дейді Абай атамыз отыз бірінші қара сөзінде.Ол қандай себептер?

31-қара сөз тыңдала-ды.

"МОРФОЛОГИЯ"



10

Берілген зат есімдерді етістікке айналдырыңыз.

Басу,аяқтау, ақылдасу, бейнелеу, ашулану

20

“Еңбек түбі – береке” сызықшаны қою себебі.

Бастауыш та, баяндауыш та зат есім

30

Есімдіктердің мағыналық топтарын ата

Есімдіктердің 7 тобын атайды.

40

-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнағы арқылы қай шақ жасалады?

Мақсатты келер шақ.

50

Үстеудің мағыналық түрлерін ата

Үстеудің жеті түрін атайды.

"СӨЗЖАСАМ"



10

Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі

Түбір

20

Екі я одан да көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін, мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты, күрделі сөздер

Тіркесті сөздер

30

Жаздыгүні,биыл,түрегелді” сөздерінің құрамына енген түбір-лердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшыраған. Бұлар ғылым тілінде қандай сөздер деп аталады?

Кіріккен сөздер

40

ҚР ҰҒА қысқарған сөзінің мағынасын аш

ҚР Ұлттық ғылыми академиясы

50

Қос сөздің неше түрі бар?

Мысал келтір.



қайталама қос сөздер:көре-көре

қосарлама қос сөздер:бала-шаға




Жүргізуші:

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден –

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол –



Еңбектену, жалықпау.

Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі. Сайыскерлер І,ІІ,ІІІ дәрежелі мадақтамалармен марапатталады.
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет