Э. М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түры



бет2/79
Дата12.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#178676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
treatise53019 (1)

Ономастика: зерттеу мәселелері

сының очеркі” (орыс тілінде) атты монографиясы жарық көрді.
Бұл - қазақ ономастикасының кейбір бөлімдерін (антропонимия, топонимия, этнонимия, космонимия мен зоонимия) кешенді түрде зерттеуге арналған ғылыми еңбек. Монографияда ономастика бөлімдеріне лингвисти- калық талдау жасалған, казак жалкы есімдерін жасаушы лексемалардың қоры, қүрылымдық-сөзжасамдык модельдері, жалқы есімдер жалпы есімдермен, тарихи диалектологиямен өзара қатынасы, сонымен қатар әлеуметтік лингвистикамен байланысы зерттелген. Жүмыс- та тіл тарихынан, атау этнографиясынан, қазак халқының мәдениетінен бай дерек келтірілген. Қазақстанда ономастикалық лексикография жасау тәжірибесі болып табылатын кісі аттары, космонимдер сөздігі, халыктар мен рулар тізімі берілген.
Монографиялық зерттеу ретінде лексикалык күрам, этимология, күрылым, хронология түрғысынан эр аймак- тын антропонимдері мен топонимдерін қарастырған Т. Жанүзақов, А. Әбдірахманов, О.А. Сүлтаньяев, Е.Ә. Ке- рімбаев, В.У. Махпиров, Г. Сағидолдагийн, Қ. Рысбер- генова, Ф.Р. Ахметжанова, А. Әлімхақ Г.Б. Мәдиева т.б. еңбектері өзіндік деңгейде оқу қүралы болып табылады [36;39; 1; 128;81; 120; 119;9;58;]. Ономастика бойынша әдебиет тізімін кандидаттық және докторлык диссерта- циялар, жеке ғылыми макалалар толыктырады, соның ішінде Қазақстанның белгілі топонимісі О.А. Сүл- таньяев алғаш дайындаған орта мектепке арналған “Понятные непонятности” [1973] атты оқу қүралын атап өтуге болады.
Қазіргі кезде, өкінішке орай, Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттеріне арналған және жаңа талапқа сай теориялық материалдары бар арнайы оқу ономастикалық әдебиеті жоқ.

5



Кіріспе
Аталған себептерден осы жұмысты жасау қажеттілігі туындады. Бұдан баска әл-Фараби атындағы Қазак ұлттық университетінің филология факультеті магистратурасы- ның “Тіл теориясы” мамандығы бойынша бірнеше жыл- дан бері Ономастиканың теориялық негіздері
деп атала- тын арнайы курс оқылады. Осы құралды жазуда негізгі бағыт болған арнайы курс оқу бағдарламасы дайындал- ған. Онда жалкы есімнің жалпы ерекшелігі көрсетілген. Бағдарлама мазмұны ономастиканың бірнеше негізгі мәселелерін, реферат, курстық және дипломдық жұмыс тақырыптары тізімін ұсынады. Аталмыш оқу құралы Г.Б. Мәдиеваның “Теория и практика” атты кітабы негізінде нақтыланып, толықтырылып жасалды.
Жалқы есім - лексиканың ең жылжымалы, өзгер- мелі қабатын, атау беруші халыктың танымдық көзқара- сына сәйкес әлем моделімен анықталатын ономастикалық кеңістікті құрайды. Жалқы есімдер ерекшелігі мен құра- мына әр деңгейдегі лингвистикадан тыс жатқан факторлар (географиялық, идеологиялық, тарихи, әлемге көзқарас- тық, әлеуметтік, мәдени, тілдік қатынас) эсер етеді. Сол себептен жалқы есімдер ішінде көне атаулардан басқа едәуір орынды кірме және жасанды атаулар алады.
Жалқы есімдерді зерттегенде тілдің ономастикалық жүйесін кез келген синхронды талдау диахронды шолусыз болмайтынын ескеру керек, себебі, кез келген тарихи, этнографиялық деректер ономастиканың казіргі қалпын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі ономастикалық кеңістік әлеуметтік, психологиялық, тарихи жаңалық- тарымен ерекшеленеді. Адамның үлттық нышаны сәл өзгерсе, оның атауы да өзгереді. Бүрынғы кеңес өкіметінің, соның ішінде Қазақстанның топонимдік бейнесі соңғы кездері өзгергені соншалык, географиялык карталар мен анықтама материалдарын өзгертуге тура келді. Қазақтар- дың антропонимдік жүйесінде едәуір өзгерістер орын алды, мысалы, балаларына ат беру семантикалық

6

Ономастиканың теориясы мен практикасы

принциптері өзгерді, фамилияның жаңа формалары қалып- тасты. Қазақстанның эргонимдері айтарлықтай өзгеріп, жаңа модельдермен, атау берудің жаңа тенденцияларымен толықтырылды. Аталған фактілердіңбарлығы жүмысымыз- да орын алды.
Бүл басылым отандық және шетел ономастикасында жасалған дәстүрлі теориялық ерсжелерге сүйеніп, ономастика түрғысынан жаңа ізденістермен елеулі толықтырылды. Оның негізгі мақсаты - ономасгиканың қазіргі теориялық мәселелерімен, жалқы есім специфи- касымен байланысты ономастикалық зерттеулердің ерекшелігімен окырмандарды таныстыру. Сол себсптен төмсндегілер жүмыс міндеттері болып табылады:

  • ономастиканың ғылым ретінде қалыптасу, даму тарихымен таныстыру (Қазақстанның да, шетелдің де);

  • ғылыми пәндер арасында және озара байланысында ономастиканың алатын орнын корсету;

  • тіл категориялары арасында жалқы есім деңгейін және тіл жүйесіндегі онимдік лексиканың орнын, апеллятивтен оның айырмашылығын анықгау;

  • денотатпен байланыс негізінде жалқы есімдерді раз- рядтарға және кластарға топтастыру;

  • жалқы есімдердің созжасамдық мүмкіндіктерін, құрылымды-семантикалық ерекшслігін көрсету;

  • жалқы есімдерге тән қызметін анықтау;

  • метатіл мен ономастикалық зергтеулердің әдіс- терімен таныстыру.

Студенттерді зерттеу-ізденістеріне жетелейтін жоғары мектептің казіргі әдістеріне қарай аталмыш жүмыс студенттің кез келген ономастикалық мәселені салысты- руына мүмкіндік жасайды. Әр болімнің соңында ономастикалық білімді тереңдететін, жалқы есімнің ерекшелігін корсететін маңызды сүрақтар, озін-озі тексеру сүрақтары, мысалдар мен талдау тапсырмалары берілген.

7

Кіріспе

Құралда жалқы есім түрлерінің ерекшеліктерін, олардың сөзжасамдық қасиетін және жалқы есімдердің даму, қалып- тасу үрдістеріне зерттеу жүргізетін реферат түріндегі студенттердің жеке жүмыс тақырыптары берілген. Бүл тақырыптарды практика сабақтарында жеке тапсырмалар ретінде, курстық, диплом, бітіру жүмыстары, магистрлік диссертациялары және студенттердің ғылыми конферен- цияларында баяндама ретінде қолдануға болады. Негізгі және қосымша әдебиеттерден түратын әдебиеттер, әр түрлі ономастикалық сөздіктер тізімі, Қазақстанда қорғалған докторлық және кандидаттық диссертациялар тақырыитары көрсетілген. Студенттер және ономастикамен айналысатындар үшін отандық ономастикаға қүнды үлес қосқан, негізін қалаушы ғалымдар туралы дерек берілген. Жалқы есімдер туралы белгілі әдебиетшілердің айгқандары және фольклорлық шығармалар да қызығушы- лық тудырады.


Кітапта кездесетін қысқартулар



ағылш. — ағылшын
бұл.— бұлақ
грам. — грамматикалық
ш. — шек
е.м. — елді
мекен
қаз. - қазақ
қара. — қараңыз
лат. — латын
мыс. — мысалы
ор. — орыс
т.б. — тағы басқа
ТМОИ - кітап атауы;
Теория и методика ономастических исследований






I ТАРАУ ОНОМАСТИКА - ҒЫЛЫМИ ПӘН



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет