Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі



бет10/30
Дата05.02.2022
өлшемі2,57 Mb.
#1879
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
2.2. Адамгершілік құндылықтары
Мораль адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде немесе адамзат индивидуумы дамуында, яғни филогенез бен онтогенезде пайда болады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар: а) ол адамның бірге өмір сүру қабілетін сипаттайды және адамдар арасындағы қатынас формасын білдіреді; ә) моральдың заңы әрекет субъектісі мен объектісін ажыратуға жол бермейді, яғни моральды насихаттау мен оны іс жүзінде ұстану - тұтастай бір үдеріс; б) мораль - бұл адамның өз еркімен көтеретін ауыр жүгі. Мораль - бұл адам өзін ұтысқа қоятын ойынның түрі. Сократ у ішуге мәжбүр болды. Иисус Христос крестке таңылды. Джордано Бруно өртенді. Ганди өлтірілді. Бұл ойынның ережесі осындай.
Моральдық құбылыстардың бейнеленуі тек теориялық деңгейде ғана емес, нақты сезімдер, көзқарастар, симпатия жөне антипатия, иллюзия және т.б. түрлерінде кәдуілгі сана деңгейінде де іске асырылады. Бұл екі деңгейде де бейнеленетін нәрсе бір сөздермен ғана белгіленеді. Мысалы, парыз категориясы да бар, индивидтің парыз туралы көзқарасы да бар.
Мораль ұғымы оны, бір жағынан, инстинктивті, импульсивті мінез-құлық қалпына, екінші жағынан, белгілі бір нәтиже алуға бағытталған рационалдық есепке қарсы қоюшылық арқылы ашылады. Ең алғашқы моральдық уағыздар: «Өзіңе қаламаған нәрсені — өзгеге жасама» (адамгершіліктің алтын заңы) немесе сүйіспеншілік принципі: «өз жақыныңды өзіңді-өзің сүйгендей сүй» — адамнан ізгілікті сақтауды талап етеді. Адамгершіліктің кейбір бастауларын қарастырайық.

Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет