Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет1/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika



1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ 
А. Н. Доғалов 
Н. С. Досмағанбетов 
МАКРОЭКОНОМИКА
Оқулық
Алматы, 2012


2
ƏОЖ 330 (075.8)
КБЖ 65.012.2 я 73
Д 54
ISBN 978-601-217-304-8
ƏОЖ 330 (075.8) 
КБЖ 65.012.2 я 73 
© 
А. Н. Доғалов, Н. С.
Досмағанбетов, 2012
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2012
Д 54
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 
Ғылыми кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
экономика ғылымдарының докторы, профессор
 Д. М. Мадиярова; 
экономика ғылымдарының докторы, профессор
 А. Б.
Майдырова. 
Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С. 
Макроэкономика:
экономикалық мамандықтарға арналған 
оқу 
лық/ А. Н. Доғалов, Н. С. Досмағанбетов – 2-бас., өңд. жəне 
толықт. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012. – 416 б.
ISBN 978-601-217-304-8
Аталған оқулықта макроэкономика пəнінің базалық сұрақтары жан-
жақты қарастырылған. Тақырыптық мəселелер теориялық тұрғыдан ғана 
емес, өзін-өзі тексеру сұрақтары, жаттығулар, есептер, графиктер мен кес-
телер, тест тапсырмалары, статистикалық деректер жəне негізгі ұғымдар 
көмегімен де жатық түсіндіріледі. 
Оқулық оқыту жүйесінің кредиттік технологиясына негізделген. Эконо-
мистер даярлайтын жоғары оқу орнының студенттеріне, оқытушыларға, сон-
дай-ақ, макроэкономиканы өз бетінше оқитын оқырман қауымға арналады.


3
АЛҒЫ СӨЗ
«Макроэкономика» курсы – қазіргі уақытта өз алдына жеке 
пəн ретінде жоғары білімді мамандарды дайындауда аса маңызды 
рөл атқаратын экономикалық теория ғылымының құрамдас бір 
бөлігі. Əсіресе, Еліміздің экономикасының бəсекелік қабі лет ті-
лігін арттыруға байланысты алға қойылған жаңа белестерді ба-
ғындыруда болашақ мамандардың инновациялық жетістіктерге 
негізделген сапалы білімі мен біліктілігі əрі экономикалық саясат-
ты жасаудағы дайындықтары өте қажет-ақ. Сонымен қатар, осын-
дай талаптар мен міндеттер Елбасының жыл сайынғы халыққа 
дəстүрлі жолдауларында, соның ішінде, «Қазақстанның əлемдегі 
барынша дамыған елу елдің қатарына кіру» Стратегиясын орын-
дауда көрсетілген тапсырмалардан туындайды.
Экономикалық теория ғылымын толық меңгеру үшін, оның 
бірінші бөлімі – микроэкономикалық талдау курсын оқумен қатар, 
оның екінші құрамдас бөлімі – макроэкономика курсын міндет ті 
түрде игеру қажет. Жалпы алғанда, макроэкономика теориялық 
пəн ретінде кез келген ел экономикасының макроэкономикалық 
саясатын жасаудың негізі болып табылады. Сол себепті, қазіргі 
уақытта, отандық экономикалық саясатты қалыптастырып жүзеге 
асыруда макроэкономика курсын оқу жоғары оқу орындарында 
міндетті пəнге айналған.
Макроэкономика пəнiн оқытудың ең басты бағыты – сту-
дент тердiң кəсiби деңгейiнің жоғарылығын камтамасыз ету, на-
рықтық экономиканың жаңа тетiктерiн терең түсiндiру, оны iс 
жүзiнде қолдануға машықтау. Макроэкономика пəнi студенттерді 
жаңаша ойлауға, олардың нарықтық көзқарасын, психологиясын 
қалыптастыруға тиiстi. Мұндай мамандарды дайындауда аталған 
курстың орны ерекше, өйткенi бiздiң пəннің танымдық жəне 
практикалық қызметтердi атқарумен қатар, басқа қолданбалы 
экономикалық пəндер үшiн əдіснамалық рөлi жоғары.


4
Макроэкономика курсының басты мақсаты – студенттердің 
нарықтың жəне нарықтық бəсекелестіктің ұлттық экономика 
шеңберіндегі жаңа талаптарын меңгере алуына, олардың на-
рықтық тұрғыдан ой түйіндей білуіне, экономикалық психоло-
гиясын дамытуға жəне еліміздің экономикалық саясатын қалып-
тастыруға өз үлестерін қосуына көмектесу.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру 
қажет:
- макроэкономиканың əдіснамалық мүмкіндіктері мен тəсiл-
дерін игеру арқылы, оның негiзгi түсiнiктерi мен ұғымдарын 
түсiнiп, пəннiң негiзгi мəселелерiн қарастырғанда оларды қол-
дана бiлу;
- макроэкономика арқылы жалпы теориялық бiлiм алып, оның 
қызметтiк тетiктерiн пайдаланудың тиiмдi жолдарын көрсете бi-
лу. Əсіресе, фискалдық жəне ақша-несие саясаттары тетіктері нің 
əртүрлі үлгілердегі ерекшеліктерін ажырата білу арқылы, олар-
ды тиімді үйлестірудің мүмкіндіктерін экономикадағы нақты 
жағдайды ескере отырып шешім қабылдауға даяр болу;
- нарықтық экономиканың Қазақстанда қалыптасуы мен даму 
ерекшелiктерiн терең түсiну арқылы, оны жетiлдiрудің жолда- 
рын қарастыра бiлу;
- макроэкономикадан алған бiлiмді басқа нақты экономика-
лық пəндерде жəне күнделiктi тiршiлiкте қолдана бiлу; 
- экономикалық бiлiмдi өз бетiмен терең игеруге үйрету жə не 
дайындау.
Көрсетiлген мiндеттердi шешу үшiн макроэкономикалық 
тео рия курсының мазмұнын озық iлiмдерге сəйкес өзгерту жə-
не оларды оқыту үшiн жаңа оқу технологияларын пайдалануды 
көздеймiз, оларды оқу үдерісінде əрдайым қолданып отыруды 
қарастырамыз.
Осы оқулықты оқырман қауымға ұсына отырып, пəнге байла-
нысты негізгі экономикалық мəселелерді кеңінен ашуға барын- 
ша тырысамыз.
Біріншіден, макроэкономиканың ең алдымен, ғылым бо-
лып қалыптасуындағы негізгі теориялық бағыттарына тоқталу, 
макроэкономиканың негізгі мəселелерін, əдістемесін, зерттеу 
пəні мен объектісін, макроэкономикалық саясат құралдарын 
қарастыру.


5
Екіншіден, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді, ма к -
ро 
экономикалық тепе-теңдіктің теориялары мен үлгілерін қа-
рас тыру, макроэкономикалық теңдестіктің негізгі түрлерін 
анықтау. Макроэкономикалық талдаудың негізгі ерекшелігі 
– аг регаттау əдісіне сүйене отырып, ұлттық экономиканың бір- 
тұтас жүйе ретіндегі іріленген өлшемдерін, яғни макроэко но ми-
калық нарықтар мен субъектілердің мінез-құлықтарын зерттеу.
Үшіншіден, макроэкономикалық қайшылықтар мен макроэ-
ко номикалық тұрақсыздықтың негізгі белгілерін, соның ішінде, 
экономиканың ауытқымалы кезеңділігіне, жұмыссыздық пен ин-
фляция мəселелеріне кеңінен тоқталу.
Төртіншіден, жабық экономикалық жүйе шеңберінде негізгі 
макроэкономикалық мəселелерді əртүрлі макроэкономикалық 
саясат құралдарын, яғни бюджет-салық, ақша-несие, əлеуметтік 
жəне басқа да саясаттарды жүргізу, пайдалану арқылы шешу жол-
дарын қарастыру.
Бесіншіден, ашық экономикалық жүйе шеңберінде мем 
ле-
кеттің сыртқы экономикалық мəселелерін сол аталған макроэ-
кономикалық саясаттар тұрғысынан шешу жолдарын қарас-
тыру. Осының ішінде, сыртқы сауда жəне оның теорияла 
ры, 
экспорттық-импорттық қатынастар, мемлекеттің сауда саяса-
ты жəне оны жүргізудің құралдары, төлем балансы мен валюта 
бағамы сияқты сұрақтарды баяндау.
Алтыншыдан, ел экономикасының даму нəтижесі əрі ұлы 
мақсаты ретінде экономикалық өсу деген маңызды сұ 
раққа 
тоқталып өту. Осының ішінде, экономикалық өсу мен эко 
но-
микалық дамудың негізгі факторларын айқындау, эконо микалық 
өсудің негізгі үлгілерін қарастыру.
Жетіншіден, макроэкономика курсына қатысты барлық тақы-
рыптарды, ондағы қарастырылатын сұрақтар мен мəселелерді 
əрдайым Қазақстан экономикасының егемен ел ретіндегі өткенгі, 
бүгінгі жəне ертеңгі даму тəжірибесіне, деректеріне сүйене оты-
рып қарастыру.
Макроэкономика курсын оқытудың осындай «жеті кере- 
метін» іске асыру арқылы біз студенттерге экономиканың қа-
зақ стандық жаңа үлгісінің қалыптасуы мен дамуының ерек-
шеліктерін жан-жақты, əрі терең талдай алуына мүмкіндіктер 


6
туғызып, соған қол жеткізуіміз қажет. Сонымен қатар, осындай 
қағидаларды ұстана отырып, оқыта алуды осы оқулықтың аса 
маңызды ерекшелігі деп білуіміз қажет.
Макроэкономиканың негізгі мазмұны мен құрылымы қазір-
гі оқу үдерісінде қолданылып жүрген шетелдік жəне отандық 
авторлардың оқулықтары мен оқу құралдарында əртүрлі жəне 
біркелкі емес, сондықтан осы курстың құрылымын нақты анық-
тау қиынға соғады. Көптеген макроэкономикалық оқулықтар 
мен еңбектер шетелдік жəне ресейлік ғалымдардың зерттеулері -
мен жазылған, соған байланысты олар осы пəнді өз экономика-
сының тəжірибесіне сүйеніп жəне өздерінің экономикалық даму 
мəліметтеріне сай пайымдап баяндайды. Алайда, макроэкономи-
ка ғылымына қатысты қазақстандық авторлардың да еңбектері 
соңғы жылдары жарыққа шығып жатыр.
Сол себепті, біз макроэкономика курсының негізгі базалық 
сұрақтары мен теорияларын шетелдік жəне отандық авторлар-
дың жазған оқулықтары мен оқу құралдарын жəне басқа да ма-
териалдарды кеңінен қолдандық. Қолданылған əдебиет көз дері 
əр тақырыптың соңында ұсынылатын əдебиеттер тізімінде көр-
сетілген. Бірақ оқулықта көрсетілген барлық тақырыптарды те-
рең меңгерудің мүмкіндігі əртүрлі себептерге байланысты шек-
телген. Студенттер осыны ескере отырып, сапалы білім алу үшін 
көрсетілген əдебиет көздерін жəне ел экономикасына қатысты 
күнделікті ресми материалдарды кеңінен қолдануы тиіс.
Макроэкономика курсының жоғарыда көрсетілген мақсаты 
мен міндеттерін орындау үшін, бұл оқулық экономиканың қазір-
гі заманғы озық ілімдеріне сүйене отырып құрастырылған жəне 
білім алудың кредиттік технологиясын пайдалануға негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   325




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет