Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуы



бет2/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы
essay, Анкета рус, Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар, тарих сессия ответы, 1. Этносаралы келісім Р- ауіпсіздігін ныгайту негизи (1), 1. Этносаралы келісім Р- ауіпсіздігін ныгайту негизи (1), 1.1-physical quantities units - cie ial physics-ms
ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуы.

ХХ ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер коғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. ХХ ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола бастады. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды.

Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. О Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі Ахмет Риза медресесіндежаңа әдістемелік оқыту методикасын жақтаушы ұстаздардан дәріс алған болатын.

Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп білді. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдістемелік мектеп бар еді. 1901 жылғы маусым айында Дала генерал-губернаторы Сухотин Ақмола және Семей облыстарының әскери губернаторларына орыс-қазақ мектептерін ашуға ұсыныс жасады. Алғашқыда бұл идеяға қазақтар қауіптеніп сақтыкпен қарады. Балаларын орыстандырумен қатар шоқындырып жібереді деп қауіптенді. Қазақтардың және бір қорыққан нәрсесі — орыс-қазақ мектептері арқылы балаларды орыс шаруаларына айналдырып жіберер, содан соң әскер қатарында міндетті қызмет атқаруға мәжбүр етер деп шошынды. Сондықтан Акмола облысындағы Халық училищесінің директоры А.Е. Алекторов ел арасында жаңа мектептерді ашудың мақсат-міндеттерін түсіндірді. 1902 жылы Далалық өлкеде осындай 14 мектеп ашылған болатын. Олардағы оқу мерзімі екі жыл еді. Оқушылар қазақ және орыс тілдерін, арифметиканы оқыды. Кейінірек ислам дінінің негіздерін оқытуға да рұқсат етілді. Бірақ бұл ретте жұмсалатын қаржыны мұсылмандар өз қалталарынан төлеуге тиісті болды. 1904 жылы болыстық жерлерде бір сыныптық және екі сыныптық училищелер жұмыс істей бастады. Бір сыныптық училищелерде балалар төрт жыл оқыды. Олар онда орыс тілін, дін оқуын, қазақ тілін, арифметиканы, ән сабағын оқып үйренді. Ал екі сыныптық училищелердегі оқу мерзімі алты жыл болды. Олар әлгі пәндерден тыс географияны, жаратылыстануды, сызуды, геометрияны және орыс тарихын оқыды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет