Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Қауіпсіздік мәселелерін жағдайындағы Қазақстанның конфессиялық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері



бет8/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы
essay, Анкета рус, Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар, тарих сессия ответы, 1. Этносаралы келісім Р- ауіпсіздігін ныгайту негизи (1), 1. Этносаралы келісім Р- ауіпсіздігін ныгайту негизи (1), 1.1-physical quantities units - cie ial physics-ms
Қауіпсіздік мәселелерін жағдайындағы Қазақстанның конфессиялық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері

Діннің қоғамдағы маңызы артқанын жіті сезіне отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика елордасы – Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізу бастамасын көтерді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада өтті. Ауқымды шараның табысы І Съездің дінаралық форумды әр үш жылда бір реттен кем емес тұрақты негізде өткізіп тұру туралы шешімінде бекітілді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі 2006 жылы 12-13 қыркүйекте Астанада өткізілді. Форум «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты жалпы тақырып аясында «Діни наным-сенім бостандығы және өзге дінді ұстанушыларды құрметтеу» және «Діни көшбасшылардың халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі» деген екі негізгі бағыт бойынша өткізілді. Екінші форум жұмысына 29 делегация қатысты. Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Американың 35 елінен 77 делегация қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі 2009 жылы 1-2 шілдеде Астана қаласында өтті. Оның басты тақырыбына кез келген мәселенің оң шешілуіндегі рухани көшбасшылар рөлін олардың өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге қосқан үлесі аясында арттыру жайы арқау болды. III Съезде секция отырыстары үшін мынадай тақырыптар таңдап алынды: 1) Моральдық және рухани құндылықтар; 2) Әділеттілік, бейбітшілік және қауіпсіздік; 3) Қоршаған орта және үйлесім; 4) Диалог және әріптестік; 5) Дағдарыстар кезеңінде аса қажет ынтымақтастық. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі 2012 жылғы 30-31 мамырда Астанада өтті. IV Съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы ретінде» деп аталды. Форумға әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты. Форум төрт секция отырысы бойынша өтті: 1) «Орнықты дамуға қол жеткізудегі діни көшбасшылардың рөлі». 2) «Дін және мультикультурализм». 3) «Дін және әйелдер: рухани құндылықтар мен заманауи талаптар». 4) «Дін және жастар». Съезд жұмысының қорытындысы бойынша Қатысушылардың үндеуі қабылданды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет