Еңбек өнімділігі шаруашылық процесінің маңызды корсеткіші Жоспар Кіріспе



бет1/3
Дата26.03.2020
өлшемі217 Kb.
#60720
  1   2   3
Байланысты:
Еңбек өнімділігі шаруашылық процесінің маңызды корсеткіші
Еңбек өнімділігі шаруашылық процесінің маңызды корсеткіші
Еңбек өнімділігі шаруашылық процесінің маңызды корсеткіші
Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім

1.1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары

1.2. Кәсіпорынның еңбек ресурстарын ұйымдастыру және еңбек ресурстарын басқару әдістері

1.3. Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі

1.4. Кәсіпорындағы кадр саясатын жасақтау

1.5. Қазақстан Республикасының еңбек ресурстарын қорғау жағдайы



Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Мазмұны

Кіріспе

Еңбек – бұл тауар өндіру , қызмет көрсету кезінде пайдаланатын ,адамдардың дене күші мен ойлау қабілеттерін және сол қабілеттерді іске асыратын үдерісті білдіретін термин. Дәстұрлі саралануда еңбекті а еңбегі және в еңбегі деп бөліп көрсету қарастырылған. Айтылған а еңбегі белгіленген технология , нұсқау, үлгі бойынша атқарылатын , яғни орындаушы өз тарапынан ешқандай жаңашылдықты енгізбейтін еңбекті айтамыз. Бұл алғашқы белгілі бір тәртіппен орындалатын еңбек. в еңбегі термині жаңа рухани немесе материалдық игіліктерді ,сонымен бірге жаңа өндіріс әдістерін жасауға бағытталған еңбек. Еңбектің бұл түрін новациялық,шығармашылық еңбек деп те атайды.

а еңбегі басым болатын қызмет түрлері кең тараған. Мысалы, конвеерде жинаушының белгіленген ырғақпен өндірістік операцияларды орындауы осы еңбектің түріне жатады. Белгілі бір тәртіппен тек қана мамандығы томен қара жұмыс қана орындалмайды. Соның ішінде , егер тек бұйрықтар мен нұсқауларды орындаумен шектелетін болса, шенеуніктің қызметтерін де жатқызуға болады, шын мәнінде ол да а еңбегіне жатады. Берілген тәртіп бойынша әрекеттерді орындаудан бас тартуға рұқсат берілмейтін қызметтін күрделі түрлері де кздеседі.

Жаңалық тапқыштардың , ғалымдардың, мұғалімдердің , дәрігерлердің , инженерлердің, өндірісті ұйымдастырушылардың,, кәсіпкерлердің еңбектері шығармашылық түрге жатады. Шығармашылықтың жоғарғы белгісі өнер болып саналады, себебі онда қайталану болайды және осы өрістегі шығармашылық өнім жеке бастың , автор тұлғасының бейнесі болып табылады. Қазіргі экономикада шыармашылық элементтер маңыздылығының бір белгісі – жұмыскердің жалпы табысындағы қаламақы түріндегі түсетін еңбекақы үлесі болуы мүмкін. Бұл аспектіде әділ бәсекелестік пен құқықтық мемлекет жағдайында қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлердің пайдасы авторлық қаламақы түрінде болады. Аталған еңбектің екі түрі де экономикалық үдерістерге затқа айналған еңбек және нақты еңбектің нәтижесі түрінде қатысады. Дегенмен а еңбегінің өнімі тек заттай түрінде емес, сонымен бірге білім және тәрбие жүйесі ретінде беріледі. Ережеге сай, в еңбегінің өнімі а еңбегіне қарағанда ұзақ сақталады және көп жағдайларда уақытқа байланысты өседі. Еңбекті екі құрамдасқа бөлу қажеттілігі олардың кәсіпорын табысына әр түрлі әсер етуіне байланысты. Соңғы өнімнің а еңбегінің есебінен өсуі тек жұмыскерлердің санын, еңбектің ұзақтығын және оның қарқындылығын ұлғайту арқылы жүзеге асады. Бұған қарағанда в еңбегінің есебінен өнім көлемінің өсуі тұрақты немесе жұмыс уақытының шығындары мен еңбек қарқындылығы азаю кезінде де орын алады. Бұл жаңа техникалық ,ұйымдастырущылық және кәсіпкерлік идеялар негізінде өнімдердің жаңа түрлері жасалады, өнім мен қызметтің пайдалы жағы көбейіп, нәтижесінде өндіріс шығындары төмендейді. Жаңа идеяларды жасау мүмкіндігі ерекше қасиетпен , шығармашылық қабілетпен анықталады. Бұл жағдай әрбір адамда болуы мүмкін, бірақ та сол қабілетті ары қарай дамытуға әркімнің шамасы келе бермейді. Сондықтан персоналды басқарудың маңызды мәселелерінің бірі – кәсіпорынның әр қызметшісінің өз шығармашылық қабілеттерін толық дамытуға жағдай жасау болып табылады.

Сонымен , еңбек ресурстары – жеке кәсіпорын , халық шаруашылығының өрісі немесе оның территориялық бірлігі ауқымында қоғамдық өндіріске қатысатын жеке жұмыскерлердың жиынтығы.

Ресурстар сатылатын және сатып алынатын болғандықтан, олардың бағалары да болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының болашақ нәтижесінде баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы барлық түрлері олардың әрбір айрықшаларын қалай болса солай қамтиды.

Ресурстар нарқының ерекшеліктері – ең алдымен олардың шектелуіне қарай өндіріс көлемінің өзінің де және ресурстар ұсынысында да шектелуінің қорытындысы болып табылады.

Экономикалық ресурстар бағасы әр түрлі басқа рыноктарда ұсыныс пен сұраныстың ықпалымен сәйкестіріп үйлестіреді. Ресурстар ұсыныс олардың тікелей баға арасындағы байланысы мен нақтылы бармөлшерін ресурстар иеленушілерін мүдделеріне сәйкес олардың бағаларынжоғары қоюды көрсетеді, ал ресурстар сұранысы баға мен ұсыныс қарама-қарсы байланысы көрсетеді.

Кәсіпорынның экономикалық ресурстары

Кәсіпорын өзінің іс-әрекетін асыру үшін нақты жинақталған экономикалық ресурстары немесе өндіріс факторлары болуы қажет. Экологиялық ресурстар дегеніміз – тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланатын барлық табиғи, адамдар мен адамдардың өндіретін ресурстары. Түрліше барлық ресурстарды әртүрлі көзқарастарға сәйкес топтастыруға болады.

Материалдық ресурстар – (еңбек және кәсіпкерлік) жер немесе шикізат материалдары және капитал.


  1. Адам ресурстары – еңбек және кәсіпкерлік қызмет.

«Жер» ұғымына жататын барлық табиғи ресурстар егістік жерлер, орман, пайдалы қазба, кен орындары, су ресурстары.

«Капитал» немесе инвестициялық ресурстар ұғымы – таауар өндіру және қызмет көрсету, оларды түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге пайдалануға арналған барлық өндірістік өндіріс құралдары (ғимараттар, құрылыс, жабдықтар, және тағы басқа).

Кәсіпкерлік деп өндіретін , жұмыс істейтін және қызмет көрсететін тауарды сатып алатын және сататын, айырбастайтын жеке тұлғаның , кәсіпорыннан немесе ұйымдардың пайда түсіру мақсатымен жүзеге асыратын ісі деп білеміз.

Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адам әріптестердің бірлестігі де бола алады.

Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі бір анықталған экономикалық әлеуметтік және құқықтық. Кәспкерлік сан алуан түрлерін істің меншік формасына қарай , иелік етуіне қарай , ұйымдастыру құқықтық және ұйымдастыру экономикалық түріне қарай жолдама еңбекті пайдалануына қарай тағы басқа әртүрлі нышандары бойынша классификациялауға болады, салалардың кейбіреулерін алып құрастырайық , кәсіпкер істі түріне немесе мақсатына қарай өндірістік , коммерциялық , қаржылық , кеңестік (консульттік) деп бөлуге болады.

Өндіріс процесін және өндіріс құралдарын қорлануын инвестициялау, яғни қаражат жұмсау деп аталады.

«Еңбек» ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетуді барлық дене және адамдардың ақыл-ой қабілеттілігін көрсетеді.

Кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру және еңбектің соңғы нәтижесі тікелей еңбек ресурстарының пайдалану дәрежесімен қызметкерлердің біліктілің деңгейіне байланысты. Кәсіпорындардың еңбек ресурстарының әлеуметтік белсенділігі – жұмысшы күші болып табылады.

Жұмысшы күші дегеніміз – адамдар бойындағы физикалық және рухани қабілеттің жиынтығы. Еңбек ресурстары еңбек процесінде физикалық және руханиқабілетін жүзеге асырылу барысында жұмысшы күші болып табылады.

Кәсіпорында еңбек ресурстарының құрамы тұрақты, уақытша болып бөлінеді. Еңбек ресурстары түсінігін анықтауға біріншіден, барлық халық жасына байланысты тең емес үш топқа бөлінеді:



  1. Еңбекке жарамды жасқа дейінгі жас адамдар (туғанына 16-ға дейін)

  2. Еңбекке жарамды жастағы адамдар;

  3. Еңбекке жарамды жастан жоғары, яғни зейнеткерлер.

Екіншіден , адамдар еңбек қабілеттіліктеріне байланысты еңбекке жарамды және жарамсыз болып бөлінеді.

Кәсіпорында өнім өндіруді жоғарлату қолданылатын ресурстарының санын көбейту есебінен немесе оларды пайдаланудың экономикалық тиімділігін жоғарылату арқылы қол жеткізуге болады. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайтын негізгі экономикалық категориялардың бірі – еңбек өнімділігі болып табылады. Ол өнім көлемі мен еңбек шығыны арасындағы арақатынасты білдіреді.

Еңбек өнімділігі – нақты жұмысшының жұмыс уақытында тұтыну құнын жасауға қабілетті екендігін сипаттайды. Жұмыс уақытының бір бөлігінде немесе бір жұмысшыға неғұрлым көп өнім өндірілсе немесе өнім өндірруге неғұрлым аз уақыт жұмсалса, соғұрлым еңбек өнімділігі жоғары болады. Еңбек өнімділігі нақты жұмысшының жұмыс уақытының бір өлшемінде белгілі өнім мөлшерін өндіру қабілеттілігі. Еңбек өнімділігі жалпы өнім құнын бір жұмысшыға не уақыт еңбек шығыны арқылы анықталады. Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір қасиетке ие , олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді, егістікжерлердің пайдалы қазба байлықтардың өндіріс құралдардың , жұмыс қолдарының белгілі бір шегі болады. Ресурстардың сирек кездесетіні салдарынан өндірістің өнімі де мардымсыз болады, осыдан қоғам тауарлар мен қызмет көрсетудің межелеген барлық мөлшерін ала алмайды.

Кез-келген кәсіпорынның өндірістік – экономикалық іс-әрекеті өндірістік ремурстарды заттай және ақшалай нысаны түрінде қалыптастырудан басталады. Көрсетілген ресустар оларды пайдалануда қалай міндет жүктелсе, солай уақытына қарай бір-бірімен айрықшаланады.

Ресурстар сатылатын және сатып алынатын болғандықтан олардың бағалары болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс – қимылының болашақ нәтижесінің баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы барлық түрлері олардың әрбір айрықшаларын қалай болса солай қамтиды.

Ресурстар нарығының ерекшеліктері – ең алдымен олардың шектелуіне қарай өндіріс көлемінің өзінің және ресурстар ұсынысында да шектелуінің қорытындысы болып табылады. Қоғам өндіруде мұмкіндігі болмаған жағдайда тауар мен қызмет көрсету мөлшері тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыра алмайды.

Жер – өндірісте пайдаланылатын табиғи ресурс.

Еңбек – бұл адамның өндірістегі қабілеті мен дағдысы.

Капитал – өндісте пайдаланылатын ресурс.

1.1.Кәсіпорынның еңбек ресурстары
Нарық экономикасында еңбек ресурстарының маңызы арта түседі. Өндірістің инвестициялық бағыты , ғылыми-техникалық процестің соңғы тәтижелерін қолдану, өнім сапасының артуы еңбек ресурстарына деген көзқарасты өзгертіп, еңбекке творчестволық жағынана қарауға және жоғары дәрежеге мамандар дайындауға ықпал жасайды.

Еңбек ресурстарын басқару дегеніміз – жұмысшылардың еңбек функцияялары атқарған кезде өздерінің барлық мүмкіншіліктерін барынша жоғарғы сатыда қолдануына әсер ететін принциптер мен әдістердін жиынтығы .



Еңбек ресурстарын басқару мынадай бағыттардан тұрады:

  • еңбек ресурстарын жоспарлау;

  • өндіріске қажет еңбек ресурстарын анықтап, оған кететін шығындарды есептеп шығару;

  • еңбек ресурстарын жұмысқа қабылдау;

  • жұмыс орындарына кандидаттар дайындау, конкурс ұйымдастыру арқылы жұмыскерді таңдап алу;

  • жұмыскердің еңбекақысын анықтау, еңбекақылы құрылымын анықтау;

  • жұмысқа алынған адамдарды кәсіпорынмен, үйыммен, және оның басқа да бөлімшелерімен таныстырып, болашақ жұмыс орны жайлы түсінік еру;

  • берілген жұмысты неғұрлым тиімді орындау үшін еңбек ресурстарын оқыту бағдарламасын жасау;

  • жұмыскердің іс-әрекетін бақылау , және бағалау әдістерін жасап, онымен жұмыскерді таныстыру;

  • еңбек етушінің жұмысын өсіру ,төмендету, жұмыстан шығару , бір қызметтен басқа қызметке ауыстыру;

  • басқарушы кадрларды дайындау, келісім-шартын тоқтату, басқарушы кадрларды дайындаудың бағдарламасын жасау;

  • еңбек қарым-қатынастарын жақсарту;

  • қалыпты жұмысты қамтамасыз ету.

Кәсіпорындардағы еңбек ресурстарын басқару әдістері үш топтан тұрады :

  • әкімшілік;

  • экономикалық;

  • әлеуметтік -психологиялық.

Осы топтаулар арқылы еңбек ұжымына , ие болмаса жеке жұмыскерге әсер ету әдістері анықталады.

Кәсіпорындарға кадрларды басқаратын негізгі бөлімше – кадр бөлімі. Олар жұмысқа алу, жұмыстан шығару, жұмысшыларды оқытуды ұйымдастыруды ,іс-қағаздарын дайындау және тағы басқа көптеген фукцияларды басқарады.

Кәсіпорынның өзінің іс әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған экономикалық ресурстары немесе өндіріс факторлары болуы қажет. Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдарды өндіретін ресурстары.

Еңбек ресурстарын жұмысқа қабылдап және олардың қызметін әрі қарай өсірудің негізгі талаптары:


  • жоғарғы кәсіпкерлік квалификация және оқытуға бейімділік;

  • араласу тәжірибесі мен бірге жұмыс жасауға дайындығы.

Кадрларды жұмысқа қабылдаудағы маңызжы құжат – еңбек келісімі немесе контракт.

Еңбек келесімі – жұмысқа алушы мен жұмысқа кіруші адамның арасындағы келісім-шарт. Онда- жұмысқа кірушінің еңбек функциясы , жұмыс орны, қызметтік міндеттемелері ,еңбекақысының көлемі, жұмысқа кірген уақыты, мерзімі көрсетіледі.

Еңбек нарығы жұмыскерді өндіріс құралдарынан, ең бастысы жерден айыру кезінде пайда болды. Алайда, заң түрінде еркін болғанымен, өндіріс құралдарынсыз өмір сүруге қаражатсыз қалды. Аштан өліп қалмау үшін ол өзінің еңбекке қабілеттілігін немесе жұмыс күшін сатуға мәжбүр болды. Осылайша нарыққа жаңа атау берген жаңа тауар пайда болды.

Алайда жаңа тауар және жаңа нарық атауы бойынша зерттеушілер арасында кеілспеушілік орын алды.

Ғаламат ағылшын экономисттері , саяси экономиканың классиктері А.Смит және Д.Рикардо қарастырып отырғаннарықтатауар еңбек, «еңбек өзінің табиғи және нарықтық бағасына ие» деп санады.

Осындай пікірді қазіргі уақытта неоклассикалық өкілдері ұстануда.

ХІХ ғасырда атақты неміс экономисі ,философ және әлеуметтанушы К.Маркс «Капитал» еңбегінде нағыз тауареңбек емес ,жұмыс күші, еңбекке қабілеттілік болып табылатынын көрсетті. Осыдан кейбір экономистер еңбек нарығы деп атаса, К.Маркс ілімін жақтаушылар жұмыс күшінің нарығы деп атады. Кеңістік экономикалық әдебиеттерде соңғы терминді көпшілік қабылдаған болатын.

Отандық экономикалық әдебиетте түбегейлі экономикалық реформалар кезінде аталған нарықты қалай дұрыс айтуға болады деген сұрақ бойынша пікірталас қайта басталды. «Еңбек нарығы» немесе «еңбек күшінің нарығы»? нда қандай тауар сатылады? Сонымен бірге экономикалық әдебиеттерде (шетелдік және отандық) «еңбек ресурстарының нарығы» және «еңбек қызметінің нарығы» деген терминдер пайда болды. Көп жағдайда аталған барлық терминдер синоним ретінде қолданылады. Сонымен бірге олардың әрқайсысының әр түрлі экономикалық мағына беретін аңғару қиын емес еді. Олардың негізінде жатқан «еңбек күші, еңбек» , «еңбектік қызмет», «еңбек ресурстары» терминдері тең емес. Сонымен ,жұмыс күші – бұл еңбекке деген қабілеттілік, еңбек – адамның қажеттілігін қанағаттандыратын, табиғат затын өнімге айналдыруға бағытталған мақсатты қызмет. Еңбектік қызмет – бұл термин «еңбек» терминіне жақын , алайда қызметтің бұл түрі қажеттілікті жүзеге асыру барысында қолданылатынын көрсетеді, яғни игілікті заттай түрде емес ,қызмет түрінде , мысалы: оқу, ем алу, көлік, тұрмыстық қызиет көрсету және тағы басқа түрінде көрінеді. Еңбек ресурстары – бұл еңбекті жүзеге асыру үшін дене күші және рухани қабілеттерге ие болатын халықтың бір бөлігі. Біздің елде еңбек заңына байланысты ерлер 16-63 , жас аралығында, әйелдер 16-58 жас аралығында еңбекке қабілетті (І,ІІ топтағы мүгедектерді қоспағандағы ) болып танылады. Шын мәнінде оған жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі) де кіреді.

Егер сату-сатып алу нысаны болып табылатын тауарды анығырақ бөліп алсақ , аталған проблеманы дұрыс шешуге болады. Қазір отандық экономикалық әдебиеттерде екі көзқарас басым. Біріншісі тауар шығаруға әлеуметті еңбекке қабілеттілер – жұмыскер күші десе , екіншісі тауар деп еңбекті санайды.

Қай көзқарас көбірек дәлелденген ? Егер бірінші абстактілі ұғым «еңбекке әлеуетті қабілеттілер» шын мәнінде барлық тірі адам организмдерінде бар болса, онда екінші абстрактілі ұғым «әлеуметті еңбек» шын мәнінде жоқ. Сондықтан еңбек нарығында күші тауар болып табылады. Алайда неге аталған нарықты еңбек нарығы деп атайды?

Қазірге кезде адам көптеген қабілеттерге ие бола отырып ,еңбек үдерісінде олардың барлығын қолдана бермеді. Еңбек нарығы , біріншіден , еңбек күшіне сұранысымен, екіншіден адам қабілеттерінің бір бөлігін қолданумен , үшіншіден жұмыс күшін қолдану уақытымен , төртіншіден жаңа пайда болған құнды қайта бөлумен байланысты әлеуметтік еңбектің қатынасын көрсетеді. Тек осы жағдайда ғана еңбек нарығы, еңбек ресурстарының нарығы ,еңбек қызметтерінің нарығы ,жұмыскер күшінің нарығы терминдерін синоним өзара тең ұғымдар ретінде пайдалануға болады. Сонымен бірге «еңбек нарығы » термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде көп қолданылып жүргенін атап өту керек.

Егер нақтырақ айтар болсақ, онда «еңбек нарығы» ұғымы күшін пайдалану құқығын белгілі бір уақытқа жұмыс берушіге берумен ,еңбекақы көлемін, жұмыс күнінің ұзақтығын, еңбек жағдайын, төленетін демалыс ұзақтығын, ауру немесе мүгедектік алу жағдайында өтелім көлемін анықтаумен, өндірісті белгілі бір уақытқа тоқтатумен байланысты әлеуметтік еңбектің қатынастардың көрсетеді.

Сонымен қатар «нарық» ұғымына оны өткізу тетігі жатады, ол «сұраныс-ұсыныс» үлгілі түрінде болып, бағалары өзгеріп тұратын ақпараттар мен бәсекелестік негізінде қызмет істейді.

Сонымен , еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін пайдалану мен жалға алу шарттары бойынша сатып алушы мен сатушыарасындағы әлеуметтік еңбек қатынастарының жиынтығы. Аталған жиынтықың негізін білдіретін орталық қатынас жұмыс күшін өмірлік қаражаттарға айырбастау арқылы қатынас орнатады. Бұл қатынас жұмыс күші ретіндегі тауар мен өмірлік қаражаттарға сұраныс - ұсыныс тетігі негізінде жүзеге асады. Бұл үдеріске мемлекет те қатысады. Ол еңбекақысының аз мөлшерін, жұмыс күнінің ұзақтығын, жұмыссыздық бойынша жәрдемнің көлемін және басқа да көрсеткіштерді тағайындайды. Жалпы алғанда әлеуметтік еңбек қатынастары мемлекеттік – нарықтық деріс ретінде жүзеге асады. Нәтижесінде еңбектенушілер , жұмыс берушілер мен мемлекет арасындағы мүдделердің тепе-теңдігі орнайды.

Нарықтық қатынастар жүйесінде еңбек ресурстары маңызды орынға ие. Бұл нарықта мемлекеттік ұйым және жеке ұйымдардағы жұмыс берушілер мен еңбекке қабілетті тұрғындардың мүдделері түйіседі. Еңбек нарығының тетіктері арқылы тұрғындардың жұмысбастылық деңгейі мен еңбекақысы анықталады. Тұрғындардың жұмысбастылығы. Оның ұлғайымы өндірістің қажетті жағдайын қалыптастырады. Тұрғындардың өмір сүру деңгейі , мамандарды іріктеу, дайындау және қайта дайындау , оларды жұмысқа орналастыру мен материалдық көмекке кететін қоғам шығындарының барлығы тұрғындардың жұмысбастылығымен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет