Еңбек Өнімділігі



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі29,61 Kb.
#122612
1   2   3   4   5
Байланысты:
Еңбек өнімділігі
Практзанятэвол-1, 29.11.2021ж (9аптаның тапсырмасы)
МФ = Q / f(x)

немесе:
МФ = ΔМФ / МФ¤


Бұнда x — МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар;
Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:

  • 1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.

  • 2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.

  • 3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.

  • 4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.

  • 5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе бүгінгі жағдайда, тек өндіріс факторларын есепке алумен қанағатганбай, адам факторын да есепке алу қажет.

Өндірістің техникалық дәрежесін көтеру

Кешендік механизация және автоматизация. Прогресивтік технология енгізу. Өнімнің конструкциясын, техникалық сипаттамаларын т.б. жетілдіру. Еңбек заттарының пайдаланылуын жақсарту немесе оларды басқалармен алмастыру.

Басқаруда еңбекпен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру

Басқару құрылымын. Басқарудағы еңбекті механизациялау және рационалдау EFҰ (HOT) енгізу. Еңбекті мөлшерлеу

Өндіріс құрылымындағы өзгерістерге сәйкес еңбек шығындарының өзгерістері

Еңбек сыйымдылығының дәрежесі әр түрлі болатын жеке өнімдер түрлерінің үлес салмағын өсіру немесе төмендету

Адам факторы

Білім дәрежесінің өсуі, өндірістік квалификацияның өсуі, адамдардың еңбекке қатынасы

Басқа салаларда шығындардың айырмашылығын дүниеге әкелетін жағдайлар — жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құруға, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен квалификациясы және т.б. жағдайлар. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрі басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш.
Әдетте, материалдық шығындардың үлес салмағының өсуі өндірістің мамандануымен, онда кебінесе кешендік бұйымдарды пайдаланумен байланысты болады. Бүгінгі заманда, салалар масштабында, шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет