Еңбек Өнімділігі



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі29,61 Kb.
#122612
1   2   3   4   5
Байланысты:
Еңбек өнімділігі
Практзанятэвол-1, 29.11.2021ж (9аптаның тапсырмасы)
Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторлар:

  • тұтынудың, сондықтан өндірістің жекеленуін (индивидуалдық болуын) көздеу;

  • шығарылымдардың (шығарылатын өнімнің) ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруын, алмасуының қажеттігі;

  • ҒЗТКЖ шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама т.б.

Екіншісі, тенденция жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты. Қазіргі заманда, ілгері дамыған елдерде, көп өнімдер бойынша өндіріс дәрежесінің дамығаны сонша, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып отыр. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатталады. Жаңа өнімдердің сапасының жоғарылауы, көбінесе, олардың бағасының осүіне емес, кемуіне, проценттеп емес, еселеп, әкеліп соғады. Ассортименттің күрделі алмасып жаңаруы әр 5-10 жылда, жаңа технологияға көшу — әр 3 жылда жүріп отырады.
Жеке региондардың (және елдердің) орналасуының табиғи географиялық жөне демографиялық айырмашылықтары өндіріс шығындарының регионалдық (елдераралық) дифференциациясын тудырады. Бұдан көп бұрын А.Смит былай деп жазған: «Егер кейбір бөтен ел бізді кейбір тауармен, біздегі бағадан арзан бағамен қамтамасыз ете алса, онда олардан сол тауарларды біздің өндірістің артық өндірген өнеркэсіп өнімдеріне сатып алған жөн». Бұл көзқарас абсолюттік артықшылык теориясы деп аталды. Д.Рикардо өзара пайдалы сауда мен еңбектің халықаралық мамандалуының жалпы принциптерін тұжырымдаған. 

Дереккөздер



  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

  2. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет