Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі Орындаған: Болат Арайлым


-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  қорғау саласындағы міндеттерi



бет2/2
Дата03.11.2022
өлшемі1,15 Mb.
#156395
1   2
Байланысты:
276748.pptx

18-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  қорғау саласындағы міндеттерi
Қызметкер: 1) еңбек қауiпсiздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, epeжeлер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға; 2) арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға; 3) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсіби аурулардың белгілері пайда болғанда жұмыс берушінің қаражаты есебінен міндетті түрде алдын ала, мерзімдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге міндетті.
19-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және  еңбекті қорғау саласындағы құқықтары
Жұмыс берушінің: 1) өз өкілеттігі шегінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде актілер шығаруға; 2) қызметкерлерден Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге; 3) жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қосқан үлесі, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін қызметкерлерді көтермелеуге; 4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзған қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқығы бар.
Еңбекті қорғауды бұзғаны үшін жауапкершілік.
ҚР «Еңбекті қорғау туралы» заңында еңбекті қорғауға катысты заң шығарушылық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Бұл жауапкершілікті шартты түрде кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің жауапкершілігі деп бөлуге болады.
Кәсіпорындар еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз етпегені үшін және еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін, өндірістік мақсаттағы өнімді шығарғаны және өндіргені үшін экономикалық жауапкершілікке тартылады.
Еңбекті қорғау туралы заңдарды бұзушылықтарды қадағалау және бақылау органдары анықтаған кезде, кәсіпорындар өздерінің қаражаты есебінен еңбекті қорғау қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған тәртіпте және мөлшерде айыппұл төлейді.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет