Әбу Наср әл-Фараби



Дата13.04.2020
өлшемі8,49 Kb.
#62364
Байланысты:
Әбу Наср әл-Фараби

Әбу Наср әл-Фараби

Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қ. – 950, Сирия, Шам) – қыпшақ даласынан шыққан ұлы инциклопедист ғалым, ойшыл, филосов, математик, астролог, музыка теортигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Хабел(Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған. Ә.Н. әл-Ф. – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ұстазы» атанған ғаламы. Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келді. Ә,Н әл-Ф, Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшылдармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, мета-физика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. Арабтың атақты ғалым-геогрофы ибн-Халликанның өзінің «Уфиат әл-аин фи әз-заман атты еңбегінде Ә.Н. әл-Ф-дің арғы аталарының аттары таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашсада, 12-16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылман ислам дінін ғылымымен шоғылдануды парыз еткен. Ә. Н. әл-Ф-дің араб тілді ғалымдар санатына қосылуы осы кезден бастау алды.

Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, осымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан,

Ә.Н. әл-Ф.бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған- иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтахидпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф- парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеол—ның ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған «қармат» елін талқандаған соң, Ә.Н. әл-Ф-мен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп «қажылық» жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Ә.Н. әл-Ф. Іштей «қажылық» етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. «Балалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз» деп саид-задалар Ә.Н. әл-Ф-дің қолын құрметпен қысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет