Әдеби кеш Тақырыбы: «Жауһар жырды жүрегінде тербеген»



бет6/6
Дата17.11.2016
өлшемі1,17 Mb.
#1954
1   2   3   4   5   6

2 жүргізуші: Өлең- өмір, өлең- сезім десек, сырлы лирикаға тән ерекшелік өмір құбылысын жүрек толқынысы мен шынайы тербеліс арқылы жеткізу болып табылады.

1 жүргізуші: Ендігі кезекті Фариза ақынның оқырман жүрегінен орын алған жырларына кезек береміз. (Д.Ермековна поэзия туралы 3 өлең)



2 жүргізуші:Қорыта айтқанда, Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жұр десек, асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ, әрине, қателеспейміз.

1 жүргізуші: Өлді деуге болама ойлаңдаршы,



Өлмейтұғын артына сөз қалдырған- деп Абай атамыз айтқандай Фариза апамыз өмірден өтсе де, артына мәңгілік өшпес із қалдырды.

2 жүргізуші: Фариза Оңғарсынова 2014 жылы 23 қаңтарда өмірмен қош айтысты. Соған орай ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың Фариза апамызға арнап шығарған өлеңдерңне кезек береміз.



1 жүргізуші: Қадірлі қонақтар! Осындай жан дүниемізді байытатын, қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып жүрген, өмірін өлең деп деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан Қазақстанның халық жазушысы Фариза апамызға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.


2 жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен -көп рахмет.

Сөз кезегі мектеп директоры Төлеутай Жарұлына беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет