Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет44/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2
Математика ДК есебі 2019, P7.04 - kk - 10100602474786, 11-ДЖТ, Тема Законы, закономерности и принципы менеджмента-melimde.com
С.Негимов
Ырғақ

Ырғақ көне құбылыс. Көркемділік те, тәртіптілік те, мәнерлілік те осында. Мұның төркіні – еңбек. Ырғақ жүйесі еңбек тәртібімен, мақсатты іс-қимылмен ұштасып жатады. Атап айтқанда, егер осы қимылды уақыт ішіндегі процесс ретінде қарастырсақ, онда ол гармониялық қозғалыс – ырғақ есебінде жұмсалады.


Адам табиғаты, оның көркемдік-эстетикалық санасы дәлділікті, нақтылықты, жүйелілікті мәңгілік өмір серігі етіп алды...
...Ырғақ жарасымдылығын, жатықтығын тудыратын буын санының белгілі бір мөлшерін, біркелкілікке көшіретін тұрақты бунақ құрылысын және бунақ жігінің кеңісітікке байланысты алғанда, келісімді уақыт ішінде мейлінше нақпа-нақ келіп отыруы, келісім мен үнге бейімделуі, белгілі бір бөлшектердің шамаластыққа, ұқсастыққа сүйенуі, орайлас ұйымдасуы, тәртіпті түзіліске, жүйелілікке, амал-тәсілге бағынуы, кірпіштей қалануы, сәйкестендірілуі осыны дәлелдей түседі. Әрине, осының бәрі өзгеріссіз қалып қойды деуге болмайды. Қоршаған ортаға деген материалистік көзқарас үздіксіз дамып жетілуде болатындығын, өзгеріске енетіндігін білеміз. Бұл орайда өлең үні, көркемдік құрылысы, әрине жаңа мағына, тың сапа, соны өрнек үстеуі, дәстүрлі өлең тілінің бүтіндей жаңаша құрылуы табиғи, әрі тарихи құбылыс. Әлбетте, халықтың көркемдік ойлау жүйесі мен есту мәдениеті үшін поэтикалық шығарманың дәстүрлі өрнек шеңберінен шығып, байырғы өлең үнінің жаңаша әуенге көшіп баюының өзі қажеттіліктен келіп шығады. Соны өзгерістердің, тың әуеннің эстетикалық әсері, көркемдік қуаты айрықша.
Ырғақтылық, структуралық құрылымындағы қайталанушылық, кейбір көркемдік компоненттердің тәртіппен, жүйелілікпен оқтын-оқтын оралып отыруы поэзиядағы көркемдік құралдардың бірі болып есептеледі. Ол поэзиялық шығармалардың эмоционалдық-образдылық қасиетін арттыра түседі. Өлеңге сымбат, келісім береді, сәйкестікке, өлшемдестікке көшіреді. Құнарлы ой айтуға мүмкіндік тудырады. Дәуір тынысын, замана шындығын, адам жанының сан иірім сырларын, психологиялық табиғатын, ішкі сезімді сездіруге ырғақ құдіреті жетеді. Ырғақ мінезінде ерекше әсерлілік, өтімді өткірлік, жеңіл ойнақылық, үрдіс қимыл, жатықтық, асқақтық бой көрсетеді. Соншалықты поэтикалық әсемдік, философиялық ой, психологиялық құбылыс жарастық тапқан...
...Уақыт озған сайын, өлең өлшемдері жетіле келе жаңа ырғақтың пайда болуы, тілдік материалдың жаңаша түзілуі заңды құбылыс. Бұған қарағанда қазақ өлең тілінің мол мүмкіншілігі пайда болып, ырғақ құрылысында тың өзгерістер жасалынуы мүмкін ғой. Сондықтан да қазақ өлеңі ырғағын, оның бітімі мен болмысын, өзіндік сыр-сипатын тануға тырысып көреміз. Осы поэзиялық тәсілге қысқаша анықтама бере кетсек, онда қазақ өлеңіндегі ырғақ дегеніміз буынға негізделіп, бунаққа жіктеліп, бір тармақ құрап, әрі қарай жүйелі қайталанып, үйлесімділік тудыратын түр. Ал қазақ өлеңі ырғағын үш салаға бөліп қарастырамыз.
Бірінші. Жүйелікке, үндестікке, дыбыс әуезділігіне құрылатын дәстүрлі өлең үлгілеріндегі әуендік ырғақ. Мұнда ырғақтық бөлшектердің қабысуы, бір-біріне пара-пар келушілігі бар.
Екінші. Жазба әдебиет өкілдерінің, атап айтқанда, Абайдың “Сегіз аяғындағы” келте тармақтарға құрылған ырғақтар. Атап айтқанда, бір фраза, бір сөз тіркесі келте ырғақтың ең шағын бірлігі болып есептеледі.
Үшінші. Жазба әдебиет өкілдері поэзиясындағы алуан үнді айнымалы ырғақтар...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет