Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»


Қысқаша био-библиографиялық анықтамалық



бет89/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2
Математика ДК есебі 2019, P7.04 - kk - 10100602474786, 11-ДЖТ, Тема Законы, закономерности и принципы менеджмента-melimde.com
Қысқаша био-библиографиялық анықтамалық


Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931)
Қазақтың ұлы жазушысы, драматург, сыншы, аудармашы. Әдеби дамуға, көркем шығармашылыққа, М.Жұмабаев шығармашылығына байланысты әдеби-сын мақалалар жазған. Нұсқалыққа енген “Мағжан Жұмабаевтың ақындығы туралы” еңбегі жазушының бес томдық шығармалар жинағының 5-томынан алынды.
Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.)
Ежелгі грек философы антикалық әдебиет теориясын тұңғыш жүйелеуші. Ғылымның көптеген салаларын қамтитын еңбектер жазған. Әдебиеттану саласындағы негізгі еңбегі: “Поэтика”. Нұсқалыққа енген үзінді “Әдебиеттануға кіріспе” жинағынан (құрастырған С.Мақпырұлы) алынды.
Ахметов Зәки Ахметұлы (1928)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ғылымға еңбегі сіңген қайраткер. Қазақ өлеңінің құрылысын, Абай, М.Әуезов шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Өлең сөздің теориясы”, “О языке казахской поэзии”, “Роман-эпопея М.Ауэзова “Путь Абая”, “Абайдың ақындық әлемі”. Мәтін ғалымның “Абайдың ақындық әлемі” кітабынан алынды.
Ахметов Кенжебай Карбозұлы (1961)
Филология ғылымдарының кандидаты. “Әдебиеттану әліппесі” кітабының авторы. А.Нұрқатов шығармашылығын зерттеуші. Мәтін “Әдебиеттану әліппесі” кітабынан алынды.
Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950)
Ұлы философ, оқымысты. Ғылымның көптеген салалары бойынша зерттеулер жазған. Оның ішінде эстетика, поэзия, музыка мәселелеріне арналған еңбектердің авторы. Әдебиеттану саласындағы негізгі еңбектері: “Поэзия өнерінің канондары туралы трактат”, “Поэзия (өнер) туралы”. Трактаттан үзінді “Әдебиеттануға кіріспе” жинағынан (құрастырған С.Мақпырұлы) алынды.
Әлімқұлов Тәкен (1918-1987)
Жазушы, әдебиет сыншысы. Абай, Қ.Аманжолов, қазіргі қазақ әдебиеті туралы еңбектердің авторы. Негізгі еңбегі: “Жұмбақ жан”. Мәтін қаламгердің “Жұмбақ жан” зерттеуінен алынды.
Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961)
Қазақтың ұлы жазушысы, драматург, сыншы, ғалым. ҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор. Лениндік және мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты. Абайтанудың негізін салушы. Қазақ әдебиетінің тарихына, фольклорға, поэзия, драма жанрларына қатысты зерттеулер жазған. Негізгі еңбектері: “Әдебиет тарихы”, “Абай Құнанбаев”, “Қазақ халқының фольклоры мен эпосы”. Нұсқалыққа енген “Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі” мақаласы ғалымның “Әдебиет тарихы” кітабынан, Ж.Аймауытовпен бірлесіп жазған “Абайдан соңғы ақындар” мақаласы зерттеушінің “Таңдамалысынан” алынды.
Базарбаев Мүсілім (1927-1995)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, Шәкәрім, М.Жұмабаев, қазіргі әдебиетке байланысты еңбектер жазған. Негізгі еңбектері: “Қуатты ойдан көркем сөз”, “Замана тудырған әдебиет”. ???
Байтұрсынов Ахмет (1873-1937)
Қазақтың ұлы оқымыстысы, ақын, аудармашы, тілтанушы, тұңғыш абайтанушы, көрнекті қоғам қайраткері. Қазақ әдебиеттануы мен фольклортануының негізін салушылардың бірі, тұңғыш теоретигі және терминдер жүйесін жасаушы. Негізгі еңбектері: “Әдебиет танытқыш”, “Қазақтың бас ақыны”. Нұсқалыққа енген мәтіндер ғалымның “Ақ жол” жинағынан алынды.
Банфи Антонио (1886-1957)
Итальян философы, эстетигі. Негізгі еңбектері: “Көркем өнердің өмірі”, “Көркем өнер философиясы”, “Эстетикалық философияның проблемалары”. ??
Бахтин Михаил Михайлович (1895-1975)
Орыс ғалымы. Негізгі еңбектері: “Достоевский поэтикасының проблемалары”. “Ф.Рабле шығармашылығы және орта ғасырлардағы және қайта өрлеу дәуіріндегі халық мәдениеті”. “Эпос және роман”. ??
Белинский Виссарион Григорьевич (1811-1848)
Орыс сыншысы, ғалымы. Орыс әдебиетінің тарихына, теориясына қатысты көптеген еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Александр Пушкин шығармалары”, “Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу”. Сыншының нұсқалыққа енген мәтіндері қазақ тілінде жарық көрген шығармалар жинағынан алынды.
Берковский Наум Яковлевич (1901-1972)
Орыс ғалымы. Негізгі еңбектері: “Әдебиет және театр”, “Германиядағы романтизм”. Мәтін ғалымның “Германиядағы романтизм” монографиясынан алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет