Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп кұйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі образ және образдылық



бет1/2
Дата25.01.2022
өлшемі24,16 Kb.
#114677
  1   2
Байланысты:
2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1), 2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1), 2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1), антип ұлжан, Логистика. Транспорт и склад в цепи поставок товаров (Курганов В.М.) (z-lib.org), СРМП 15неделя, тестъ, филосоия, Уродливая любовь, doc16095991 472547029-1

Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп кұйылар арнасы , әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Бұл мәселені дұрыс таратып, түсіну үшін, әуелі әдебиеттің объектісі- өмір болғанда, нысанасы - адам екенін ескеруіміз қажет. Адам тағдыры жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі. Ойдан шығару – образға барар жол. Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарапты пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі -әдеби тип жасау әрекеті.

Образ деген сөз көркем әдебиетте екі түрлі мағынасында қолданылады. Бірінші, көркем сөз мағынасында, екінші, адам образы - тип мағынасында. Көркем сөз ұғымында образға теңеу де, эпитет те, троп, фигуралардың түрлері де жатады. Кейде сөз образы немесе бейнелеу деп те айтамыз.

Екінші, адам образы- тип мағынасында қолданамыз. Бұрын образ (адам образы) деп ұнамды қаһармандарды ғана атап, ұнамсыз қаһармандарды тип дейтін. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі.Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.

Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі- әдеби тип жасау әрекеті. Ал типтендіру турасындағы пікірлер тіпті қым-қиғаш. Әдебиетпен өнердегі «типтілік дегенді біреулер жеке- дара проблема етіп бөліп әкетіп те көрді, оның алдында бөлек қисын қалыптастырмақ болып, қай-қайдағы қасаң қағидаларды тізеге сап иіп те көрді. Олар, айталық, типтілік дегенді белгілі бір әлеуметтік тарихи құбылыстардың мәніне әкеліп соғатын, реалистік өнердегі партиялылықты көрсетудің негізгі сферасы деп белгілейтін, типтілік проблемасы дегеніміз-әрқашан да саяси проблема, сондықтан көркемдік образды саналы түрде әсірелеу ғана оның типтілігін неғұрлым толық ашып, айқындай түседі деген формуланы» қолдан жасап, әдеби жұртшылыққа әлдебір жаңылтпаштар ұсынды. Дұрысында, бұл секілді тым жасанды «қисың»құрастырудың қажеті жоқ еді. Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы,даралауы болып табылады. Мұның өзі, сайып келгенде, әдебиетшінің әдебиеттегі әрекеті, яки творчестволық процесс. Мұны ешбір суреткер «типтілік»хақындағы «қисынға»,схемаға қарап жасамайды. Творчестволық процесс үстіндегі, тіпті, «өзім суреттеп отырған образ, портрет, характер дегендердің не екенін өзім жөндеп біле бермеймін, -дейді Гончаров, менің көргенім көз алдымда тұрған тірі кісі, осыған ғана қараймын, осының өзін дұрыс суреттеп отырмын ба, жоқ па деп абржимын, оны өзгелермен қарым-қатынасқа көшіріп, тағы бір кезек соған үнілемін....»

Демек, типтендіру мөлшерлі сфераға енетін, өлшеулі формулаға көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың,тынымсыз характері. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін қасаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмірдегі жанды дерегіне қарап бағалайды.Жазушыға тип жасау әрекетінің үстіндегі керегі-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип.

Сонымен, әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау (обобщение) тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады. Мұның өзі типтілік проблемасы әдебиеттің жалпы мәні мен маңызына жағалай теліне беретін жағдай, жалаң уағыз емес, жаппай жапсырыла беретін жамау емес, терең шығармашылық сипаттағы орасан күрделі мәселе екенін аңғартады. Бұл туралы жоғарыда аталған мақалада «типтілік пен партиялылықты теңдестіру, типтілікті реалистік өнердегі партиялылықтың көрінетін негізгі сферасы, ол тек қана саясилыққа саяды деп қарау- әдебиет пен өнердегі құбылыстарды тарихқа қарсы тұрғыдан бағалауға итермелейтіні; суреткердің жасаған заманы мен жағдайларын ескермей, оның дүниеге көзқарасының сипатын терең талдамай, типтілік атаулының бәрінен партиялық позицияның көрінісін табуға тырысу- әдебиет пен өнердің партиялық принципіндегі нақтылы тарихи мазмұнды көмескілейтіні» дәл және әділ айтылған. Творчествоның психологиясы- тым табиғи нәрсе, ол жасандылыққа көнбейді, жасампаздық жетегіне ермейді.

Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшілігін көрсетіп, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп білу керек.

Көркем бейне, яки әдеби қаһарман дейік, я болмаса шығарма геройы не кейіпкері немесе персонажы дейік, бәрібір, осылардың бәрі- бір-ақ ұғым- образ. Бейнелеу- образдылық болса, бейне- образ. Әдебиеттегң адам, сөздегі сурет, шығармада өмір шындығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардың бәрінің сарқып құяр сағасы біреу, ол- образ. Ал « образ-эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті». Образ жасау- тек таланттыға тән әрекет. Ал «талантты жазушының әр образы- тип» дейді Белинский. Демек, біз тип туралыьтолғаймыз.

Жазушының өмірдегі ұсақ-түйек, кездейсоқ жайлардан аулақ биік талғамы арқылы жинақтау және даралау әрекетінен әдеби бейне туады. Әдеби бейненің өмірдегі модельдерін өзгерте, құбылта, құрпылта келгенде суреккердің шығармасындағы әр кейіпкердің болмыс- бітімінде бір адамның емес, бір алуан адамның сыр-сипаты жатады. Сонда бұл белгілі бір әлеуметтік ортадағы бір топ адамның өкілі ретінде танылады. Тип сыры осында.

Типтендіру проблемасы секілді типтің өзі де тым кесек һәм күрделі нәрсе. Неге десеңіз, мінез, бітім, әрекет, ұғым, рух, парасат жағынан байыптап қарасақ, нағыз суреткердің қолынан туған әрбір әдеби тип-әрі әбден жинақталған, сондықтан өзі секілділердің бәрінен ұқсайтын жалпы тұлға, әрі әбден дараланған, сондықтан өзінен өзгелерге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр. Оның көркем образ ретіндегі кесектігі де, күрделігі де осындай деп білу керек.

Типтік образ жасаудың осы шарттарының бәрі, түптеп келгенде, көркем әдебиетте ақиқат шындықтың ең негізгі заңдылықтарын көрсету үшін керек. Мәселен, әдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың, бәр кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшеліктерінен құралады да, тип болады. Сол арқылы ақиқат шындықтағы байлар ортасы мен кедейлер ортасыдағы тіршілік –тағдыр заңдылықтары танытылмақ.

Образ түрлері:

1 Реалистік образ- әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі.

2 Романтикалық образ- әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі.

3 Эпикалық образ- кескін –кейпі, мінез- құлқы, іс- әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден даралған тип.

4 Драмалық образ- эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында – сахнада көзбе- көз, қолма- қол жасалатын көркем бейне.

5 Юморлық образ- күлкілі кейіпкер; юмор- өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі .

6 Сатиралық образ- ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбылыс – керексізб кесір құбылыс.

7 Фантастикалық образ- қиядан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында бедерленген бейне. Әдебиеттегі адам образының бағзы замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі.

8 Трагедиялық образ- әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық құбылыстар өмідірде де , өнерде де юморлық не стиралық құбылыстар қарама- қарсы: юмор мен сатира да күлкілі жайлар ажуә, мысқыл,

кекесін түрінде көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы , қорқыныш, қаза

түрінде көрінеді.

9 Геройлық образ- ұнамды кейіпкер. Адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы асыл мұраттарынан туған тарихи тип.

Образ – ерекше нақты сезімдік сурет, бейне , форма, үлгі, өмірді суретшінің идеясын,сезімін, қайғысын көрсететін мазмұн мен форманың бірлігі.

Образдың негізгі компоненттері: суруттілік, нақтылық, қорытушылық, адам өмірін бейнелеуі немесе адамның бейнеленген затқа қатысы, эстетикалық мағынасы мен қиялы. Әдеби шығарма не туралы жасалса да бәрібір, сайып келгенде, бәрі де адам, тек адам туралы ғана сыр шертеді. Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде-бір өрнек- өмір суреті жоқ және болуы да мүмкін емес. Бұл ретте, көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әншейін бір уақытпен кеңестіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсіл десек, ағат айтқан болмаймыз. Өйткені адамның сыры мен сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы мүмкін емес.

Реалистік образ – әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында ; бұл – кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын – соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Дұрысында, образ атаулының айырықша мағыналы, мәнді түрі де осы – реалистік образ. Өйткені бұл образдың эстетикалық идеалы – романтикалық образдағыдай бұлыңғыр емес, анық, адам қолы жетпейтін тым асқақ, алыс емес, қолмен ұстап, көзбен көргендей затты әрі жақын нәрсе. Сондықтан реалистік образдың эстетикалық – тәрбиелік мәні де, қоғамдық – өзгертушілік күші де айырықша үлкен.

Эпикалық образ – кескін – кейпін, мінез – құлқы, іс – әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Мүсіндеу мен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп – көп амал – тәсілдері әсіресе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр – түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, терең әрі жан – жақты танытуға мүмкіндік бар. Оған эпикалық шығарманың өрісі де, құшағы да еркін жетіп жатыр.

Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбылыс – керексіз, кесір құбылыс. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына – көрініске шығарады, қағып – сілкіейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді.

Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқаұқсас арманында бедерленген бейне ; әдебиеттегі адам образының бағзы замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі.

Юморлық образ – күлкілі кейіпкер; юмор – өмірдегі кісі күлерлі құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкіні әншейін жеңіл – желпі нәрсе деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады. Әрине, эстетикалық комедиялық категориясындағы юмордың, сатираның, эронияның, сарказмның, гротескінің, әрқайсысындағы күлкінің сипаты әр бөлек. Юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі әзіл, ал әзіл келемежге айналса , эрония келемеж ащы мысқылға айналып, сын үдей түссе сарказм болғаны. Алайда юмор бар жерде ылғи да сын бар дей беруге болмайды.

Трагедиялық образ да әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңы, адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асыңқы, адам жаңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең және шебер жинақтаудан туады.

Геройлық образ – ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.

«Образ жасау – тек таланттыға ғана тән әрекет» деп ғалым З.Қабдолов жазушы шеберлігінің шынайы көркем бейне жасаудағы рөлін анық көрсеткен. Бейімбет шығармаларының кейіпкерлер әлемімен таныса отырып біз дарынды қаламгердің қолтаңбасын танимыз. Бір біріне мүлдем ұқсамайтын, тағдырлары әрқилы, мінез-құлықтары да мүлдем кереғар кейіпкерлер галериясы көз алдымыздан тізбектеліп өте береді.

Көркем бейне сомдаудың теориялық қыр-сырын ғылыми деңгейде жан-жақты талдап берген ғалым З.Қабдолов «Сөз өнері» монографиясында: «Суреткер үшін керемет қиын нәрсе адамның жаны мен жүрегіндегі көзге ілінбес көп иірімдерді табу, тану, жазу. Сезімнің тілі – бір түрлі, тілсіз тіл. Сол тілсіз сезімге тіл бітіргендей, қағаз бетін адамның ішкі күйінің суретіне, құбылысына, қимылына айналдыру – суреткерден қаншалықты нәзіктікті, шеберлікті қажет ететіні түсінікті болуға тиіс» дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет