Әрбір көркем бейне өзінің тарихи-танымдық, қоғамдық-әлеуметтік, психологиялық-тәлімдік мәнімсен қайталанбас құбылыс



Дата25.01.2022
өлшемі24,59 Kb.
#114678
Байланысты:
антип ұлжан
2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1), 2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1), 2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1), 8888, Логистика. Транспорт и склад в цепи поставок товаров (Курганов В.М.) (z-lib.org), СРМП 15неделя, тестъ, филосоия, Уродливая любовь, doc16095991 472547029-1

Әрбір көркем бейне – өзінің тарихи-танымдық, қоғамдық-әлеуметтік, психологиялық-тәлімдік мәнімсен қайталанбас құбылыс. Реалистік әдебиеттегі адам образы көркемдік сипаты жағынан түрліше жасалатынымен, солардың барлығында да суреткердің ұстанатын әлеуметтік бағдары, діттиеген межесі біреу-ақ, ол – осы кейіпкерлер арқылы оқырманға әсер ету, көңіліне ой салу, жақсылыққа тәрбилееу. Тәрбиелік ықпал етудің жолы да сан тарау: тікелей үлгі ұсынгып, дұрыстықты көрсету бар да, бұрыстық пен небір сһлекеттерді бейнелеп, одан жирендіру бар. Стаира мен юмордың ұстанатыны, негізінен, осы екінгші бағыт. Яғни сатира «кесірп-кесапат атаулыны сынауға, дертті мансұқ етуге, қол смоғылмайтын көріністерді әшкерелей отырып, тәрбиелеуген тиіс».

Әдебиет пен өнердегі күлкі элементтерінің ең бір өнімді қолданылатын тұсы көркем бьейнелерге қатысты. Жазушы өз кейіпкерлерін сомдауда суреткеерлік мақсатына сәйкес түрлі сатиралық құралдарды пайданалып отырады. Ол тек сатиралық немесе юморлық образдарға ғана қатысты емес, қаламгер кез келген бейненің кейде тұтас болмысын, кейде ждекелеген жақтарын ашуда күлкі элементтерден әрлеп отыруы да орын алмақ. Әдебиеттегі сатиралық, юморлық образдар мен персонаждар бейнесін сомдаудағы сатира мен юмор элементтерінің қызметіне талдау жасау – көркем шығармадағы адам бекйнелерін илеялық -мазмұндық, көркемдік-стильдік, психологиялық тұрғыдан танудың бір жолы.

Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі- әдеби тип жасау әрекеті. Ал типтендіру турасындағы пікірлер тіпті қым-қиғаш. Әдебиетпен өнердегі «типтілік дегенді біреулер жеке- дара ироблема етіп бөліп әкетіп те көрді, оның алдында бөлек қисын қалыптастырмақ болып, қай-қайдағы қасаң қағидаларды ьтізеге сап иіп те көрді. Олар, айталық, типтілік дегенді белгілі бір әлеуметтік тарихи құбылыстардың мәніне әкеліп соғатын, реалистік өнердегі партиялылықты көрсетудің негізгі сферасы деп белгілейтін, типтілік проблемасы дегеніміз-әрқашан да саяси проблема, сондықтан көркемдік образды саналы түрде әсірелеу ғана оның типтілігін неғұрлым толық ашып, айқындай түседі деген формуланы» қолдан жасап, әдеби жұртшылыққа әлдебір жаңылтпаштар ұсынды. Дұрысында, бұл секілді тым жасанды «қисың»құрастырудың қажеті жоқ еді. Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы,даралауы болып табылады. Мұның өзі, сайып келгенде, әдебиетшінің әдебиеттегі әрекеті, яки творчестволық процесс. Мұны ешбір суреткер «типтілік»хақындағы «қисынға»,схемаға қарап жасамайды. Творчестволық процесс үстіндегі, тіпті, «өзім суреттеп отырған образ, портрет, характер дегендердің не екенін өзім жөндеп біле бермеймін, -дейді Гончаров, менің көргенім көз алдымда тұрған тірі кісі, осыған ғана қараймын, осының өзін дұрыс суреттеп отырмын ба, жоқ па деп абржимын, оны өзгелермен қарым-қатынасқа көшіріп, тағы бір кезек соған үнілемін....»

Демек, типтендіру мөлшерлі сфераға енетін, өлшеулі формулаға көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың,тынымсыз характері. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін қасаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмірдегі жанды дерегіне қарап бағалайды.Жазушыға тип жасау әрекетінің үстіндегі керегі-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип.

Сонымен, әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау(обобщение) тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады. Мұның өзі типтілік проблемасы әдебиеттің жалпы мәні мен маңызына жағалай теліне беретін жағдай, жалаң уағыз емес, жаппай жапсырыла беретін жамау емес, терең творчестволық сипаттағы орасан күрделі мәселе екенін аңғартады. Бұл туралы жоғарыда аталған мақалада «типтілік пен партиялылықты теңдестіру, типтілікті реалистік өнердегі партиялылықтың көрінетін негізгі сферасы, ол тек қана саясилыққа саяды деп қарау- әдебиет пен өнердегі құбылыстарды тарихқа қарсы тұрғыдан бағалауға итермелейтіні; суреткердің жасаған заманы мен жағдайларын ескермей, оның дүниеге көзқарасының сипатын терең талдамай, типтілік атаулының бәрінен партиялық позицияның көрінісін табуға тырысу- әдебиет пен өнердің партиялық принципіндегі нақтылы тарихи мазмұнды көмескілейтіні» дәл және әділ айтылған. Творчествоның психологиясы- тым табиғи нәрсе, ол жасандылыққа көнбейді, жасампаздық жетегіне ермейді.

Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшілігін көрсетіп, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп білу керек.

Бейімбет Майлин әдебиетіміздің барлық саласында, әр түрлі жанрларында бірдей қызмет еткен жазушы. Оның творчествосына тән халықтық, қарапайымдылық қасиет тек поэзиясында ғана емес, прозалық шығармасында да ерекше байқалады. Бейімбет Майлин проза жанрының майталманы. Тіпті әңгіменің хас шебері деп те атаймыз.

Әдебиетіміздің проза саласында, әсіресе оның көркем әңгіме сияқты шағын жанрында Бейімбеттей көп еңбек еткен және реализмнің аса көркем шыңына жеткен жазушы жоқ десе де болғандай. Заманымыздың ұлы суреткері Мұхтар Әуезов: «Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым–қатынастары әрдайым нанымды болып шығады. Және бұл шығармалардың түр, үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады. Бейімбет әңгімелерінің көп топтары революцияның ең алғашқы жылдарынан бастап, отызыншы жылдардың ортасына дейін совет дәуірінде қазақ ауылында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі деуге болады» [8, 358] – деп әділ бағасын бергені аян.

Біздің бақытымызға қарай прозамыз жас болса да – Әуезов сияқты тамаша бөлек, өзінше жеке–дара тұрған құбылыс бар. Оның аты – Бейімбет Майлин [9,67] .

Б. Майлин әзілдің, сықақтың, сатираның шебері. Бұл элементтер қаламгердің шығарма атаулысының бәрінде де мол. Сөйтіп, әзіл, сықақтың дүниені еркін қолданған жазушы көптеген фельетондарын бояулы сықақ сөздерді төгілте қолданып, қызғылықты етіп жасайды. Бір мысал. «Рақымбайдың мақаласы» деген фельетонында Рақымбай республикалық мекеменің бастығы. Ол республикалық «Еңбекші қазақ» газетінің редакторымен жиі кездесіп, пікірлесіп жүреді, бір күні екеуі бақшалы алаңда жолығып, соңғы кезде астана интеллегенциясының арасында пікір екшелеп жүрген мәселелерді сөз қылады. Солардың қатарында әдебиет пен өнер жөнінде айтыс болып жатқан мәселелер ауызға алынады. Редактор күтпеген жерден:

– Сіздің пікіріңіз қалай? – деп сұрайды.

Республикалық мекеменің бастығы Рақымбай газеттің бетін көрмейді екен, оқымайды екен. Ол абыржиды, бірақ талай қиын көпірлерден өтіп төселгендігін істеп сыр білдірмей бағады. «Бәріне бірдей несогласныймын» дейді ол орыс сөзін бұза, сиыр құймышақтата, бұлдырата сөйлеп.

Жақсы, келіспейтін мәселелер туралы мақала жазыңыз, пікіріңізді ортаға салыңыз, – дейді редактор Рақымбайға. Газетке үйір болып көрмеген Рақымбай шын-ақ сасады. Бірақ ол сыр білдірмейді: республикалық мекеменің бастығы, республикалық газетті басқаратын редактормен дәрежелес, білмеймін я жаза алмаймын деп оның алдында дәрменсіздігін сездіруді сүйегіне ар көреді.

Сөйтіп мүшкіл халге ұшыраған Рақымбай секретарь әйелге «Еңбекші қазақ» газетінің тігінділерін құшақ–құшағымен алдырып, ұзын столдың үстіне көсілте жайып тастайды да, есікті тарс кілттеп алып, мақала жазу қамына кіріседі. Жазушы осы арада Рақымбайдың «Еңбекші қазақ» газетіне дәйым жатырқай қарап келгенін еске салады. Республикалық мекемеге бастық болып отыруы жеткілікті, газет оқып, көзін талдыруды қажет таппаған, күтпеген жерден басына іс түсті; газет оқуға тура келді. Бірақ әдеттенбеген нәрсе ырқына көнбей, ұзақ азаптың нәтижесінде Рақымбай шағын мақаланы зорға оқып шығады. Содан кейін тамұқ азабын шеккендей болып көп ми тыңдаудың нәтижесінде туған «Рақымбайдың мақаласынан» үзінділер келтіріледі. Сөз емес, мағыналы сөйлем тіркестері емес, жын ұрған әумесердің сандырағы секілді балдыр-батбақ бірдемелер. Кең тынысты, қаламы орамды жазушы шаптыға, тарыла сөйлемейді, ұзақтан толғап, образ арқылы Рақымбайдың мүшкіл халін уақиғаның заңды даму барысында әйгілейді. Рақымбай бар сыры баян болып, бұғалыққа өзі іліккен күшті қолмен құлағынан тұқырта басып, шөктірілген асаудай, амалы құрып, мықшиып отырғанын көреміз.

Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі- әдеби тип жасау әрекеті. Ал типтендіру турасындағы пікірлер тіпті қым-қиғаш. Әдебиетпен өнердегі «типтілік дегенді біреулер жеке- дара ироблема етіп бөліп әкетіп те көрді, оның алдында бөлек қисын қалыптастырмақ болып, қай-қайдағы қасаң қағидаларды ьтізеге сап иіп те көрді. Олар, айталық, типтілік дегенді белгілі бір әлеуметтік тарихи құбылыстардың мәніне әкеліп соғатын, реалистік өнердегі партиялылықты көрсетудің негізгі сферасы деп белгілейтін, типтілік проблемасы дегеніміз-әрқашан да саяси проблема, сондықтан көркемдік образды саналы түрде әсірелеу ғана оның типтілігін неғұрлым толық ашып, айқындай түседі деген формуланы» қолдан жасап, әдеби жұртшылыққа әлдебір жаңылтпаштар ұсынды. Дұрысында, бұл секілді тым жасанды «қисың»құрастырудың қажеті жоқ еді. Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы,даралауы болып табылады. Мұның өзі, сайып келгенде, әдебиетшінің әдебиеттегі әрекеті, яки творчестволық процесс. Мұны ешбір суреткер «типтілік»хақындағы «қисынға»,схемаға қарап жасамайды. Творчестволық процесс үстіндегі, тіпті, «өзім суреттеп отырған образ, портрет, характер дегендердің не екенін өзім жөндеп біле бермеймін, -дейді Гончаров, менің көргенім көз алдымда тұрған тірі кісі, осыған ғана қараймын, осының өзін дұрыс суреттеп отырмын ба, жоқ па деп абржимын, оны өзгелермен қарым-қатынасқа көшіріп, тағы бір кезек соған үнілемін....»

«Талтаңбайдың тәртібі» – сатиралық шығарма. Сондықтан онда ұнамсыз кейіпкерлердің іс-әрекеттерін әшкерелеуге көбірек орын берілген. Пьесада ұнамсыз кейіпкерлердің зиянкестік әрекеттері мен тоғышарлық мінез-құлқы өзінен-өзі айқындалмаған болар еді. Оларды әшкерелеу үшін автор комсомол жастар мен адал колхозшылардың ұнамды бейнелерін жасап, олардың іс-әрекеттерін Талтаңбайларға қарсы қояды.

Пьесадағы ұнамды кейіпкерлер: Бекен, Жанбол, Дәурен, Ақсүйрік деген колхозшылармен Қамза, Жұпар, Қайдар, Өтеміс тәрізді бір топ комсомол жастар. Бұлар Талтаңбаевқа қарсы топтар. Олардың сұрқиялығын мазақтап қабырға газетіне мақала жазады. Парыз бен Сүндетті ұрлық үстінде ұстаған да осылар. Бірақ олардың іс-әрекеттері әлсіз суреттелінгендіктен де характерлері толық айқындалмай қалған. Ұнамды кейіпкерлердің образдары жан-жақты ашылмай, кейде ұнамсыз кейіпкерлердің тасасында қалып қояды. Бұл – пьесаның әлсіз жағы.

Совет әдебиетінің қандай бір сатиралық үлгілі шығармасын алсақ та, онда совет адамдарының асыл мінезді, жаңалық сүйетін ұлы қасиеттері басымырақ суреттелінеді. Біздің қоғамға Талтаңбаев тәрізді тоғышарлардың әрбір қадамының жаттығы бүкіл пьесаның өнебойынан аңғарылып тұруы шарт [14,365].

«Әбділда төре», «Баянсыз бақ», «Желдібай Жындыбаев» - сатиралық әңгімелер. «Баянсыз бақ» пен «Желдібай Жындыбаев» кезінде фельетон болып баспасөзге жарияланған. Бұларда әңгіме табиғатына да лайық белгілер бар. Олар өзара ауыл үй қонысып, жарасым тапқан, шығармалар өз стилінде тартымды, уақиғасы қызғылықты, автор оқушылар ернін жимай отырып оқырлық етіп, әңгімеге күлкілік, сықақтық қасиетті шебер дарытқан.

«Әбділда төре» әңгімесінде Совет қызметіне айламен төрешілдікке салынған, қазақтың ескі салтын қуып қос қатын алып масқараланған, ақыры абақтыға түскен Әбділда әшкереленіп, сықақталады. Әңгімеде сатираға лайық өсіре көрсету әдісі қолданылады. Бірақ ол онша көп емес. Әбділда бай баласы, паң, тәкаппар, оқыған-тоқығаны бар, едәуір білімді болуы керек. Бірақ автордың суреттеуінде Әбділда советтік заманның сырын аңдамаған, ол туралы толғанып ешқандай пікір түймеген, сондықтан дағдылы ескі салт-санасының арасында жүрген адам болып көрінеді. Әбділданың бірнеше рет хат жолдайтын Ержан деген күштісі бар. Бар мансап дәрежесі соның сүйеуінің арқасында ұялағаны байқалады. Әлсіздерге, бағыныштыларға Әбділда қомсына қарайды. Жазушы оны әділет, адамгершілік деген ұғымдардан түйсігі жоқ адам етіп көрсетеді.

Б.Майлиннің әңгімелерінде әзіл-қалжың, юмор мен улы сықақ сабақтасып отырады. Ескерте кететін жағдай жазушы әңгімелерінде әзіл-қалжың мен сықақтарды сырттан әкеп телімдемейді, олар уақиғаның барысында өзінен-өзі туып өрбиді. Бірсыпыра әңгімелерін түгелдей сатиралық стильде «Зәкіржан молда», «Қадір түнгі керемет», «Айт күндері», «Арыстанбайдың Мұқышы» т.б. жазған. Бірсыпыра әңгімелерінде әзіл-қалжың, сықақтар, байсалды реалистік мәтінге қосыла ширатылып келіп отырады. Кейде улы сықақтар да ұшырайды. Әйтеуір Майлин әңгімелерінде оқушыға езу тарттыратын жағдайлар мол.

Осындай сипаттағы оқиғаларға бірер үзінді келтіре кетейік, «Маңдайынан сорғалаған терді сүртейін деп қалтасынан орамал алғанда, ащы ішектей шұбатылып тасбиығы да шығып, рюмкедегі араққа малынды. «Астапыралла» деп күбірлеп молда тасбиығын қолтығына қайта қысты». Бұл арада автор қызға қол салмақ болып бара жатқан молданың қысылып терлеуін, терін сүртемін деп орамалын суырғанда, тасбиықтың бірге шығып берекесін алуын, тасбиықты көрген соң молда ажырап қалып, лажсыздан «астапыралла» деуін суреттеу арқылы күлкілі ситуация жасайды. Қалжың, сықақтық жағдайлар көптеген жолмен жасалады. Бірде кейіпкердің сырт пішіні, қимылы, өрескел сөзі, өрескел қылығы жасалады, кейде күлкілі жағдайда ұшырауы арқылы жасалады.

Әңгіме - қазақ әдебиетіндегі қалыптасқан, өз дәстүрі мен арналы асуы бар жанр. Бұл жанрға: "Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қарасөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Әңгімеде, әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады" [17, 56 б.], - деген анықтама берілген әдебиеттану терминдер сөздігінде. Ал, бұл жанр табиғатын, оған қойылатын талаптарды академик 3. Қабдолов былайша нақтылайды:

"Алдымен көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды бірден баурап әкетуі үшін, сол шағын көлемдегі шағын өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене бастаған беттен-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы тиіс. Адам тұл көрінбейді, оның өзін, қоршаған айналасы айқын көзге түсуі, сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Әлгі адам-соның өкілі, типтік түлға болуы қажет. Осылардың бәрі жазушыдан өмірді терең білумен қабат, шүрайлы сөз байлығын, жіті байқампаздықты, асқан талғампаздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяға апарар терең білім мен биік мәдениетті талап етеді" [18, 230 б.].

Тынымбай Нұрмағамбетов - үлкен суреткер, шеберліктің шыңына шыққан жазушы. Суреткер үшін ең бастысы - адам. Оның прозасы - сол адамдардың қуаныш-арманы, ой-мақсаты, қиял-мүңы,т.б. жан дүниесіндегі өзгерістерге толы. Әсіресе, адам жанындағы түрлі сезім-шарпулар, түрліше психологиялық ахуалдарды жарқырата ашып беруді алдына басты мақсат етіп қояды. Әдебиеттанушы ғалым Л. Гинзбург: "Психологиялық талдаудың әртүрлі жолдары бар. Ол тікелей авторлық баяндау немесе кейіпкердің өзін-өзі байқауы (самоанализ) формасында, болмаса оның іс- әрекеті, қимылы арқылы жүзеге асады. Бүлардың ішінде талдауда кейіпкердің ішкі және сыртқы сөздері ерекше орын алады" [6, 45 б.] - деп ой түйеді. Осы айтылғандарды өз қаламгерлік мәнерінде автор да бар қажеттілікпен, ерекше ыждаһаттылықпен қолданады. Қаламгер шығармаларында кісіні зеріктіретіндей сылбырлық, бір ізділік қалып сақтала бермейді. Жазушы жазған дүниесін үнемі жаңашыл ой-толқындарымен, өзгеше амал-тәсілдермен байытып, туынды Тұнықтығын тазартып, шығарма кеңістігін кеңейтіп отырады. Бұған жазушының шығармашылығының кезекті кезеңі ретінде кез-келген кітабы дәйекті дәлел бола алады.

Баршамызға белгілі әңгіме - қысқа да нұсқа жанр. Қысқасы -- қиын жанр. Соған қарамастан кейбір кеуделі жазушыларымыз әңгімені қомсынып, менсініңкіремей жатады. Тынымбай Нұрмағамбетов болса бұл жанрға бар талантын сарқа жүмсап келеді. Қып-қысқа әңгімелері арқылы-ақ қаламгер өзінің үлкен концепциялы суреткер екенін танытты. Жазушы vстанымы туған жерге деген суреткерлік сүйіспеншілікті таныту, қарапайым еңбек адамын, оның ұлылығын, адамгершілік қасиеттерін жырлау. Сол себепті де оның кейіпкерлері- пәк, таза, ойлы жеткіншек, басына тағдыр салған тауқыметтен ерте есейген Бала, (Көктембай - " Қош бол, ата", Елжан - " Тұнық су", Қияс -" Он төрт жасар жігіт", Шорман -" Қарлығаштың үясы",т.б.), осы бауыр етінің болашағына алаңдап, ұрпақ тәрбиесінің халық дәстүрінен ауытқымауына, жіп үзіп кетпеуіне тілекші Қарт, (Сапарбек - "Перзент", Нүржан -- "Қауын исі", Қамқа кемпір - "Жүрек жылуы", Тәуекел - "Тұнық су", Нағашыбай "Бойтұмар",т.б.), еңбек адамдары - сушы Жаманқұл "Сушы", "Жер исі" романындағы - Қоңыр, т.б.

Өзінің шығармашылық мақсаты, өз кейіпкерлері туралы жазушының өзі былай дейді: "Мені әдебиетшілер де, оқушылар да ауыл өмірінен жазатын жазушылардың қатарына қосады. Әрине, бұл қала өмірін білмейді, қала өмірін жаза алмайды деген ұғымнан туып жатпаған болар. Мен бұған тасып та таласып та отырған жоқпын. Жазған, таңдаған тақырыбы үшін жазушыны дәріптеудің де, кінәлаудың да керегі жоқ. Тақырып - жазушының егіс егетін алаңы. Мәселе жазушы - диқанның сол жерден қандай өнім алуында. Бір диқан егістік жерді жылда өзгертер, екінші біреуі күтіп-баптау арқылы-ақ бір жерден тәуір өнім алар.

Жазушы мен диқан, асылы ұқсас. Диқан жерді, дәнді қалай сүйсе, жазушы да жазып отырған тақырыбын, адамдарын солай сүюі тиіс. Мұндай сүйіспеншілік жоқ жерде шынайы шығарма тумақ емес.



Жазушының біз білетін алғашқы әңгімесі - "Жиырма жас" деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет