Әдебиеттануға кіріспе пәні,19 тақырып: Көркем әдебиет тілі



бет15/19
Дата05.05.2020
өлшемі69,49 Kb.
#65839
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
306 adebit
-sabaq-kz-attachment-mzh.-aza-debiet-7-synyp-3-tosan-dostyy-zharasan-elmz, -sabaq-kz-attachment-mzh.-aza-debiet-7-synyp-3-tosan-dostyy-zharasan-elmz, 001273b1-18effb9d, Квалиметрия Лекция 1
Тапсырма №8

1.Әдеби бағыттарға слайд жасау

2.Романтикалық шығармага мысал келтіру,шығармадан қысқаша үзінді жазу

25 Тақырып Әдеби шығармалардың ұлттық ерекшелігі

Белгілі ұлттың халықтың өмір тануы, оны қабылдауы өзі тұратын ортаға, қоғамдық хал жағдайға, географ.қ, климаттық тұрақтылыққа байл. Туып, қалыптасып жататыны сияқты оның образды ойы да көркемдік түсініктері де әлгімен тығыз байл. Ұлтқа халыққа тән өзгешеліктер, айырым белгілер алдымен мазмұн, мән мағына ретінде қаралуы тиіс. Өйткені басқалық, өзгелік сол мазмұнға байл. Ғана байқалып танылмақ. Поэзияның фольклорлық түрінен бастап, негізін Абай қалаған жазба поэзияға дейінгі, онан соң бүгінгі дәуірдің поэзиясына дейінгі ұзақ творчестволық жол дәстүрлі жаңашылдыққа бай. Көне заманнан бері бар сөздік өнерін поэзия түрінде сақтап келген халықтың қалыптасқан ұлттық дәстүрі мол. Ұлттық дәстүрлердің көріну , байқалу жайлары сан алуан. Ең алдымен көзге түсетіні тұрақты ұлттық психикаға, мінезге байл. Туған белгілер. Ал психика да, мінез де белгілі бір халықтың, ұлттың белгілі бір мекенде, белгілі бір мезгілде белгілі қалыппен өмір сүруіне байл. Түзіледі. Психика дегенде өмір тану, өмір білу, тіршілік қамына, табиғат жайына байл. Орныққан мінез құлықты, түсінікті айтамыз. Поэзиядағы ұлттық дәстүр боп ұзақ жылдар бойы қалыптасқан сарын, мотив, тұрақтанған бейнелеу құралдары да осыдан таралмақ. Бейнелеу құралдарының бар арсеналы-қазақтың кең даласы, ондағы табиғат көрінісі,жан жануарлардың өмір тіршілігі, күн сәулесі, айлы түн келбеті, қамысты көлдің айдыны секілділер. Қазақ ұғымының маңызды факторлары болған табиғат пен қоғамдағы типтік көріністер. Өлең мен жырдың, халықтық поэмалардың түр формаларына байл. Ерекшеліктер өз алдына бір сала. Жыр, толғау, желдірме, қара өлең, айтыстың сан алуан түрлері, тақпақ, жаңылтпаш т.б формалар өзінің бағыт мақсатына қарай қазақ поэзиясында белгілі ұлттық ерекшеліктер қалдырған. Ұлттық характер- көркем шығармадағы кейіпкердің мінез-бітімі, ой-сезімі дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипат-ерекшеліктері. Әдеби характер адамның өмірдегі мінез, қимыл-әрекет ерекшеліктерін жинақтап, екшеп, типтік дәрежеге көтеріп, сомдап бейнелеу арқылы жасалады. Сондықтан да оны жекелеген қасиет-сипаттардың қосындысы деп санамай, солардың бірлік-тұтастығы, синтезі деп қараған жөн. Характер белгілі қоғамдық жағдайда қалыптасады, сол ортаға өз уақытына сәйкес болады. Адамның мінез-құлқы, оның әрқилы кездерде, әсіресе адамшылық қасиеттер сынға түсетін екіұдайда оөін қалай ұстап, қандай әрекет ететіні ой-өрісіне, сана-сезіміне байланысты. Осыған орай әдеби шығармада характер күрес-тартыс үстінде, кейіпкердің іс-әрекеті, ой-ниеті, мақсат-тілегі арқылы көрініс тауып, анық танылады.


Кейіпкердің бір-бірімен қарым-қатынасы олардың характерлерін барынша толық аша түседі. Әдеби кейіпкердің характері шығармада оның іс-әрекеттерін суреттеу арқылы, психологиясы, жан дүниесі тікелей бейнеленуі яғни мінез арқылы айқындалып сондай-ақ, сыр-сымбатын, бой-тұласын, бет-әлпетін, сөйлеу ерекшелігін көрсету, яғни жанама мінездеу арқылы жан-жақты ашыла түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет