Тақырыбы: Қоғамдағы өмір



Дата13.09.2022
өлшемі142,29 Kb.
#149441
Байланысты:
Қоғамдағы өмір

Қоғамдағы өмір

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Дұрыс сөз, дұрыс ой әдет

Дәйексөз

«Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз»

В. Сухомлинский

- Дәйексөзді қалай түсінесіздер? Неліктен?

Дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.

Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы». Қарым-қатынас ғылыми тілмен айтқанда – бұл екі немесе бірнеше адамның өзара қарым-қатынасы, яғни олардың арасындағы ақпаратпен алмасу. Қарым-қатынас нәтижелі немесе нәтижесіз болуы мүмкін. Бұл тек қоршаған ортаға ғана байланысты емес, бірінші кезекте өзімізге байланысты.

Қарым-қатынастың түрлері:

вербалды қарым-қатынас – сөз арқылы қарыс қатнас жасау;

вербалды емес қарым қатынас – ым-ишара, қимыл-қозғалыс арқылы;

жанама қарым-қатынас – хат, смс, телеграмма, интернет, телефон, факс;

іскерлік қарым-қатынас - әлеуметтік рөл бойынша қ-қ-с.

Компромисс дегеніміз не? Қалай түсінеміз?

Компромисс – ымыра, мәмілеге келу.

Адамаралық қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қарым-қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілікұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды

Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарапсыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Тапсырма

Авраам Линкольннің «Адамның кереметі басқалармен тіл табыса білуінде» деген сөзін басшылыққа алып эссе жазу

Үйге тапсырма

1. Қоғамдағы өмір тақырыбына презентация жасау

 

2. Қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері

Ғ. Мүсіреповтің тәлімді ойларының адамдармен ізгі қарым-қатынас жасауға тигізетін пайдасы туралы баяндау.

... «Асылы, адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға , оған ажар түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді».

«Өзің аспанда ойың төменде жүргенше, өзің төменде, ойың аспанда жүрсін. Биік деген немене, төмен деген немене - сонда түсінерсің»



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет