Әдебиеттерге шолу бруцеллез ауруының тарихы



бет2/8
Дата30.05.2020
өлшемі63,26 Kb.
#71657
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бруцеллез материал

2.2 Балау әдістері

Сарыпқа қарсы күресу шараларының ең басты шарты ауруды дер кезінде дұрыс анықтау болып саналынады. Малдардың сарыпын негізінен бактериологиялық, серологиялық, аллергиялық, биологиялық әдістердің көрсеткішіне қарай отырып және де, эпизоотологиялық деректермен бірге аурудың клиникалық белгілерін ескере отырып анықтайды.

Осы жоғарыда аталған әдістердің ішінде ең сенімдісі ол бактериологиялық әдіс болып табылады. Бірақ та бактериологиялық әдістің де бірқатар кемшіліктері бар. Атап айтқанда бұл әдіс өте күрделі, әрі ұзақ уақыт (1-1,5 ай) керек ететін әдіс, және де кей уақыттарда тексерілуге әкелінген патологиялық материалдар бұзылып іріп немесе шіріген болса, онда бұл әдістің көмегімен ондай биоматериалдардан сарып қоздырғышын бөліп алу мүмкін емес.[10;11]

Клиникалык диагноз қою. Сарып ауруы малдарда созылмалы түрде өтеді де соған байланысты, клиникалық белгілерде ауруға тән емес, тұрақсыз және де ондай белгілер басқада жұқпалы аурумен ауырған малдардада кездесетіні байқалады. Көптеген жағдайларда сарыптың клиникалық белгілерінің айқын болмауының салдарынан ауруды уақтылы дұрыс анықтауға мүмкіншілік болмай қала береді. Міне сондықтанда ауру мал дер кезінде анықталмастан ұзақ уақыт сау малдардың арасында қалып қояды да, ауруды сау малдарға таратып жатады.

Сонда да болса сарыптың клиникалық белгілерін ескере отырып басқада лабораториялық әдістердің көмегімен ауруды толық анықтауға болады. Жалпы сарыппен ауырған әр түрлі малдардың клиникалық белгілері ұқсас келеді, дегеніменде олардың өзіндік ерекшіліктеріде аз емес.

Мәселен ірі қара малда сарып көп жағдайларда клиникалық белгісіз болып, үстіртін түрде өтеді. Ауырған сиырдың ең басты белгісі ол іш тастау (аборт). Негізінен буаз құнажындар 3-4 айлық және де 6-7 айлық буаз кезінде іш тастайды, ал кексе буаз аналықтар олармен салыстырғанда әлдеқайда кемірек төлін өлі туады. Кейбір аурудың жіті түрімен ауырған мал фермаларындағы құнажындардың 50 және одан да көп проценттері іш тастауы ықтимал. Сонымен бірге сарып ауыруына душар болған буаз сиырлардың іш тастауына санаулы (2-3 күндер қалғанда оның сыртқы жыныс органдары қызара ісініп, жатырынан қызғылт түсті иіссіз кілегей ағады. Ауыруға шалдыққан сиырлардың жатырында бруцеллалардыц патогендік әсерінен кейін қабыну процестері пайда болады.

Содан барып сиыр организмімен төлдің арасындағы физиологиялық байланыс процесстері бұзылады да, соның салдарынан іштегі төлдің дұрыс қоректенбеуіне, содан соң төлдің өлі тууына әкеп соғады.

Мұндай малдың шуы көпке дейін түспестен ақырында әртүрлі эндометрит, метрит сияқты ауруларға әкеп соғады.

Сарыппен ауырған ірі қара малдың ішінде көбінесе іш тастау бірінші тума құнажындардың арасында жиі орын алады. Сарыптың салдарынан іш тастаған құнажындар әдетте келесі жылдары ұрықтандырылуға күні келмейтіндіктен қысыр қалуға әкеліп соғады[12].

Бактериологиялық әдіспен диагноз қою

Бұл әдіспен ауруды анықтау үшін сырқат немесе сарыппен ауырады-ау деп күдіктенетін малдардан алынған патологиялық материалдарды мысалыға: сарыптың салдарынан іштен өлі түскен төлдің ішкі органдарымен бірге, төлдің қарнындағы қоректік заттарын, төлдің шуын, қағанақ сұйығын, іш тастағанда бөлінетін сұйық заттарын және де ауырып өлген малдың бауыр, көкбауыр, бүйрек, жүрек артүрлі бездер сонымен бірге зәрін, сүтін таза күйінде зерттеуге болады.[13]

Бактериологиялық әдістің негізгі мақсаты жоғарыда аталған патологиялық заттардан сарыптың қоздырғышын (бруцеллаларды) арнайы жасанды қоректік орталарда өсіріп, бөліп алу болып саналады.

Бұл әдіс негізінен 3 кезеңнен тұрады:

1. Бактериоскопия. Ол үшін зерттеуге экелінген патологиялық заттардың бірнеше жерінен шыны бетінде жұқпа дайындалады. Жұқпаларды Грам немесе Козловский әдістелесінің көмегімен бояулайды.

2. Бруцеллаларды бөліп алу. Бұл кезеңнің мақсаты тексерілуге түскен паталогиялық заттардың кесінділерін құрамында 3%-тік глицерин және 0,5% -тік глюкозасы бар, бауыр-ет агар қоректік ортасында арнайы ультракүлгін сәулелерімен тазартылған бокста егіп, белгілі температурада (37° С) термостатта 2 тәулік көлемінде өсіріп бөліп алу болып саналады. Егілген қоректік ортада бөтен микроорганизмдердің өсіп шығуын тежеу үшін, алдын ала қоректік ортаға (агарға) генцианвиолеттің 1%-тік су ерітіндісі 1:200000 қатынаста қосылады. Бруцеллалардың таза төсіп шығуы үшін ең бастысы егілген пробиркалармен Петри табақшаларында 5-10% көмірқышқыл газы және ортаның рН-ы 7,2 немесе 7,4 болуы қажет. Сарыптың қоздырғышын ауру малдың қанынан бөліп алу үшін, таза күйінде алынған қанды, құрамында 0,5% лимонқышқылы натриы бар бауырдан жасалған сорпаға 1:10-1:15 қатынаста егеді. Ал көзделген қоздырғыштар тез және таза өсіп шығу үшін, оны 1 ай уақыт термостатта 37° С температурада сақтайды. Әр бір 5-10 күн сайын егілген флаконнан жұқпа алынып қоректік агарға егіліп, бруцеллалардың өсуін қадағалап тұрады. Нәтижеде өсіп шыққан қоздырғыштардың бруцелла екеніне жеткізу үшін, оны агглютинация реакциясымен зерттейді.

Биологиялық зерттеу әдісі. (Биологиялық әдіспен диагноз қою деген бөлімде). Биологиялық әдіспен диагноз қою. Биологиялық әдіспен диагноз қоюдың ең басты шарты ол сарып қоздырғышын тез арада қабылдайтын лабороториялық малдарға осы ауруды әдейі қолдан жұқтыру арқылы зерттеу болып табылады. Жалпы ғылым мен тәжірбие жүзінде бұл үшін көбінесе ақ тышқандарды немесе теңіз шошоқаларын қолданылады.Тәжірбие жасар алдында лабороториялық малдарды бруцеллезге қарсы агглютинация реакциясы (АР) арқылы тексеріп тек сарыптан сау тышқандарды реттеп алады. Биологиялық әдіс әсіресе бөтен микроорганизмдермен көп ластанған патологиялық материалдарды зерттеу үшін ең қолайлы және өте бағалы әдіс болып табылады. Аурудың қоздырғышын көбінесе 350-450гр салмақтағы теңіз шошқаларының құрсақ қуысының ішіне немесе тоқпан жіліктің тұсындағы тері астынан шприцпен жіберу арқылы жұқтырады. Негізнен бір биоматериалдан дайындалған сузпензия екі теңіз шошқасына жібереді: биологиялық зерттеуді жүргізуге аурау малдың ішкі органдары, бездерін, төлдің қабығын, жолдасын, қарындағы қоректік заттардың, малдың сүтін, зәрін, нәжісін жоғарыда көрсетілгендей арнайы өндеуден өткізіп қолданады. Ол үшін лабороторияға тексерімге түскен патологиялық материалдардың бір тілімін алып құм қосып арнайы ыдыста 1:5 немесе 1:10 қатынастан физиологиялық ерітінді қосып жаншиды.

Содан соң жаншылған биоматериалдың ірі бөлшектерін бөліп алу үшін мың айналымға 5-7мин центрифулайды. Бұдан кейін 2-3 сағ тоңазтқыш шкафқа қойып тындырады. Дәл осындай әдіспен дайын болған сузпензияларды тәжірбие қойылған малдардың тер астына 0,5 мл, құрсақ пердесінің ішіне 0,1-0,2 мл көлемінде ал сүт пен қаймақтың сузпензияларны 1-2 мл көлемінде қолданады. Егер де жұқтырған паталаогиялық матераилдардың құрамында небәрі 3-8 бруцелла клеткасы болса болғаны тәжірбие жасалған маладардың организмінде бруцелиз ауруының процесі басталады.

Небәрі 8-12 тәулік ішінде ең алғашқы бруцеллезге тән антителалар пайда болады, ал кейбір малдардың оргнанизмінде аглютиминдер тек 25-30 күннен соң немесе одан кеш мерзімдер де ғана орын ала бастайды. Сондықтан да бруцелиз процесінің басталғанына толық көз жеткізу үшін тәжірбиедегі малдарды кем дегенде 2 ай сақтап бақылау керек. Биоматераил жұқтырылған теңіз шошқаларынан әрбір 10-15 тәуліктен соң жүрегімен немесе құлағынан қан алып аглютинация реакциясымен тексеріп отырады. Тәжірбиеге қойылған малдардың қанының сары суын 1:5; 1:10; 1:20; 1:40; 1:80 және 1:160 қатынаста аглютинация реакциясымен тексереді. Егер реакция кем дегенде 1:5 немесе 1:10 қатынаста оң нәтиже көрсетсе онда тәжірбиедегі малдың бруцеллезбен ауыра бастағанын куәсі бола алады. Ондай оң нәтиже малдарды сойып бактериологиялық әдіспен зерттейді. Алайда биоматериалдар жұғылғын малдар АР- де теріс реакция көрсете ондай малдарды бактериялогиялық әдіспен 1,5-2 ай өткен соң сойып тексере беруге болады. Бактериалогиялық зерттеуге малдардың (теңіз шошқаларының) бездері алынады. Мысалыға: шат безі, мойын безі акселярлық без, жақ асты безі, жұтқыншақ безі зенитералдық безі сонымен қатар, көк бауыры, сүйек майы, қаны, зәрі, жүрегі, жатыры және абцесс болған жерлерінің іріңдері қоректік ортаға егіледі. Егер де теңіз шошқаларына ірі қара немесе түйе, жылқы, шошқа және иттен алынған патологиялық материалдарды жіберу арқылы жұққызған болса, ондай малдардан егілген пробиркалардың ішінде көмірқышқылы көтеріңкі жағдайда болуы қажет[13].

Аллергиялық диагноз қою

Аллергия деген сөз грек тілінен аударғанда алло - бөтен немесе басқа, эргон - әсер деген мағына береді. Ал енді жалпы медициналық және малдәрігерлік тұрғыдан алып қарағанда аллергия дегеніміз ол - организмнің аллендерге өзгеше жауап қайтаруын аллергиялық реакция деп атайды. Ең бірінші аллерген-туберкулинді Р.Кох 1890 жылы ашқан.

Аллергиялық реакциялар әрқашан өзіндік тән болғандықтан оны малдардың маңқа, сарып, туберкулезсияқты жұқпалы ауруларына диагноз қою үшін кеңінен қолданылып келеді.

Аллергиялық әдіс әсіресе сарыппен көптеп бері ауыратын малдарды анықтауда өте бағалы. Сонымен бірге, бұл әдістің көмегімен сарып ауруының жасырын түрін анықтауға болады. Аллергиялық зерттеулер үшін практикада ВИЭВ институтының шығарған бруцеллин қой мен ешкіге 0,5мл, ірі қарамен буйволдарға – 1 мл көлемінде сол жақтағы көздің төменгі терісінің сатына жіберіледі.

Шошқаларға бруцеллин құлағының үстіндегі тері ішіне 0,2 мл көлемінде жібереді. Аллергиялық реакцияны қой мен ешкілерде бір рет 42-48 сағат өткеннен соң, ал шошқаларда – екі рет 24 және 48 сағаттан соң саусақпен сипалап тексереді. Егер де егілген мал ауру болатын болса, еккен жерден тығыз, қалыңдығы 5-6 мм келетін аллергиялық реакцияға тән ісік пайда болады. Ал шошқаларда оған қосымша кей жағдайларда реакцияның орны қызарып немесе қанталап кетеді. Міне, мұндай реакция берген малдарды сарыппен ауырады деп есептейді де белгілеп отардан немесе табыннан алып, жеке ұстайды[14].

Серологиялық әдіспен диагноз қою

Аурудың басталғанынан оның патогенетикалық сатыларының пайда болып, және де кеселдің асқынуына дейін, мал организмдерінде әр түрлі иммуналогиялық өзгерістер болып жатады. Сондай өзгерістің, ең бастысы, организмге түскен бактериялық микробтарға жауап ретінде сол малдың қанында өзіндік тән антиденелердің түзілуі болып есептелінеді.

Антиденелер қолайлы жағдайларда өздеріне тән антигендермен байланысқа түсе алады. Сондықтан да оларды әртүрлі серологиялық реакциялармен анықталып соның нәтижесімен аураға диагноз қоюға мүмкіндік туады.

Қазіргі кезде мал дәрігерлік ғылыми қызметкерлері сарып ауруына диагноз қою үшін көптеген серологиялық реакцияларды ұсынып отыр. Солардың ішінде: Аглютинация, комплименті байланыстыру, комплементті ұзақ байланыстыру Розбенгал, шеңбер реакцияларын мал дәрігерлік лабороторияларында кеңінен қолданылып жүр[15].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет