Әдебиеттерге шолу бруцеллез ауруының тарихы


Малдың бруцеллез ауруын басқа жұқпалы аурулардың ажырату жолдары



бет4/8
Дата30.05.2020
өлшемі63,26 Kb.
#71657
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бруцеллез материал

2.3 Малдың бруцеллез ауруын басқа жұқпалы аурулардың ажырату жолдары

Кейбір малдардың сарып ауруы көбінесе жасырын түрде өтеді. Соған байланысты, алғашқы кездерде аурудың клиникалық белгілері тұрақсыз, белгісіз және де әр малда әртүрлі болып келеді. Сондықтан әсіресе аурудың алғашқы кезеңдерінде белгілерінің айқынсыз ауруға тән болмауының салдарынан бұл сырқатты басқа да жұқпалы, немесе жұқпалы емес кей кездереде жарақаттың әсерінен болатын аурулардан дұрыс ажырата білудің мәні зор.Сарып ауруын буаз малдар ауырғанда іш тастайтын және төлін шала туатын кампилобактериоз (вибриоз) лептоспироз, қошқардың жұқпалы қарақапталы, саймонеллез сияқты жұқпалы аурулардан, және де бір қатар жұқпалы емес аурулардан дер кезінде дұрыс анықтай білген жөн. Сарыппен ауырған малды уақтылы дер кезінде клиникалық белгілерінен сүйене отырып басқа індеттерден дұрыс ажыратып алудың мэні бар. Өйткені мұндай жағдайларда, ауру асқынбайды, ең бастысы дер кезінде жеке бөлініп алынса ауру сау малдың теңіне таралмайды. Сарып ауруының белгілері жоғарыда аталынып өтілген жұқпалы аурулармен өте ұқсас келетіндіктен ол аурулардың кейбір ерекшеліктерін және де ондай ауруларлды дұрыс анықтау жолдарын атап өткенді жөн көрді. Өйткені көптеген жағдайларда аурудың дұрыс анықталмауының салдарынан қоғамдық малдың тұрақтылығы одан алынатын өнімі төмендеп ара-тұра өлім-жетімге ұшырауына әкеліп соғады. Мәселен, биік риоз ірі-қара мен қайда кездеседі. Көбіне іш тастатқызатын жұқпалы ауру басқа малдар ауырмайды. Аурудың қоздырғышы инек таяқшаға ұқсас. Спирал тәріздес микробтар. Биік риозға шалдыққан табындағы сиырлар мен құнажындар буаздықтың түрлі кезеңдерінен (10%)-не дейін. Іш тастайтынды немесе қысыр қалады. Кейбір сиырлар уақтылы туғанымен бұзауларын шала-жансар етіп немесе өлі туады. Ондай сиырлардың шуы кешеуіндетіп түседі, қонымдылығы төмендейді, жатыры тарынады, кейбіреулері шығынға ұшырайды. Сол сияқты отардардағы сауықтар көбінесе буаздықтан екінуіі жартысында іш тастайды[22].

Сондықтан да бибриозды сарыптан дұрыс ажырату үшін, түсікті тұтас күйінде мал дәрігерлік лабороториялық, серологиялық және бактериологиялық зерттеуден өткеннен барып қорытынды диагноз қойылады.
Лептоспироз. Аурумен мал түліктерінің барлығы және де жабайы жануарлардың көбі ауырады.

Аурудың қоздырғышы спироедті тобына жататын жіңішке сприалға ұқсас ұзындығы 5-18 см, ал ені 0,2-0,3 микрон шамасындағы нектоспералар.


Бұл ауру негізінен үш түрде өтеді – жіті, жітілеуі және созылмалы болып. Аурудың жіті түріне шалдыққан бұзаулардың дене қызуы 40-45°С-қа дейін көтеріледі, күйіс қайтармайды, тәбеті нашарлап, жайылмайды, жүргенде тәлтіректейді, жалпы жағдайы төмендеп жата береді. Аурудың басталғанынан бір апта уақыт өткеннен соң ауызбен көздерінің сілекей қабықтары сарғайып, нәжісінің түсі бозара бастайды. Лептоспирозды, сарыптан және де басқа да жұқпалы індеттерден дұрыс ажырату үшін ең алдымен аурудың белгілерімен ішкі орындардағы сарғыш өзгерістерді бетизоотологиялық деректермен лабороториялық зерттеулерді, әсіресе отырып диагноз қояды. Егер диагноз қою қиынға соғатын болса, күдікті малдардан қан алып құрамындағы эритроцияттер, лейкоциттермен, гемглобиндердің физиологиялық деңгейден ауытқуын анықтап лептоспирозға соңғы диагноз қояды. Клиникалық белгілері жағынан сарып ауруына сәйкес келетін індеттің бірі сальмонеллез (паратиф) [23].

Бұл аурумен буаз саулықтар, сиырлар, биелер ауырып іш тастайды. Сальмонелезбен жас бұзаулар 20-60 күндік кезінде, ал қозылар 5-20 күндік кезінде жиі ауырады. Паратиф негізінен жіті және созылмалы екі түрге өтеді.


Аурудың жіті түрімен ауырған бұзаулардың азыққа деген тәбеті төмендейді, ден қызуы 40-41°-қа дейін көтеріледі. Ауру малының нәжісі сұйылады, кейде қан аралас іші өтеді. Мұндай бұзауларға дер кезінде шығу емдеу шараларын жасамаса олар 5-7 өлуге ұшырайды. Ал індет созылмалы түрге өтетін болса, онда бұзаулардың дене қызуы 39-40° аспай, шамалы іш өтеді, нәжісінің түсі сарғыш болып іріктеніп, көпіршікке айналады. Ауруға буаз саулықтар шалдыққанда, алғашқы күндері бірен-саран қойлар іш тастайды, ал шамамен он күнене соң отардағы саулықтар жаппай қозы тастайды немесе төл өлі тастайды. Індет басталған саулық отарларында жаңадан туған қозылар трапиттен ауыра бастайды. Олардың іші өтеді, ет алмай нашарлап, өкпесі қабынады. Онда қозыларға жедел емдік шаралар жасалынбаса олардың 60%-тейі шығынға ұшырайды. Міне сальмонолездің осындай өзіндік белгілерімен ерекшеліктерін, эпизоотологиялық деректеріне және ең бастысы бактериологиялық зертеулердің қорытындысын ескере отырып диагноз қояды. Парафитті әсіресе дисперция, лезинтерия, калибактериоз, ал саулықтар жаппай іш тастағанда сарып аурулырынан дұрыс ажырата білген абзал[24].

Мәселен дисперцияға және колибактериозға жас бұзаулар алғашқы он күннің ішінде шалдықса, ал противте туғаннан он күн өткеннен соң ғана шалдыға бастайды.

Сарып қоздырғышына генетикалық ең жақын келетін ауру ол қошқарлардың жұқпалы қарақапталы (эпидимит) болып табылады. Өйткені бұл ауруды бруцелла обиз деп аталатын микроб қоздырады. Бұл ауру сауықтарға ауру қошқарлардан жұғады, ал қарақаптал жұққан сауықтар іш тастайды немесе қысыр қалып, төлдемейді. Алғашқы түрінде қошқарлардың дене қызуы 41°-қа дейін көтеріліп емдері қабылынады. Ауру қошқарлар жүргенде ауырсынады, артқы екі аяқтарын ауырсынады. Бұл ауруды анықтау клиникалық, эпизоотолгиялық, бактериологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізу арқылы қойылады[25].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет