Әдебиеттік оқу. 25. 01. 2011 жыл. Тақырыбы: «Көктемде» І. Жансүгіров. Мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі482,55 Kb.
түріСабақ
Әдебиеттік оқу. 25.01.2011 жыл.

Тақырыбы: «Көктемде» І.Жансүгіров.

Мақсаты:

1.Білімділік: І.Жансүгіровтың «Көктемде» өлеңінің мазмұнын ашып, идеясын түсінуге жағдай жасау.

2. Дамытушылық: Ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.Өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыстарын қорытуға баулу.

3. Тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге баға беруге, табиғатты аялауға баулу.



Көрнекілік: Слайд (Авторлардың суреті, көктем көрінісі)

Әдісі: Ой қозғау, сұрақ – жауап, баяндау.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру:

А) Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру

Ә) Психологиялық дайындық

!Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Б) Топқа бөлу



В)Бағалау парағын тарату

2.Үй тапсырмасын тексеру

  • 1 топ – Бердібек Соқпақбаев жайлы мәлімет.

  • 2 топ – “Ағаштар неге ашуланды?”Мазмұндау.

  • 3 топ – Алмабекке мінездеме. (Слайдпен көрсету)

1

1924 жылы Қазіргі Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген.Қазақтың көрнекті балалар жазушысы.Оның “Менің атым Қожа”,”Жексен” атты шығармалары бар.

2. Мәтінді мазмұндау


  • Көктем көрінісі.

  • Мектеп жұмысы

  • Ағаштардың ашуы

  • Алмабектің қылығы

  • Ағаштардың ризалығы

3. Керекті сөздер: Алмабекке мінездеме

Ақылды, аяусыз, жалқау, еріншек, кішіпейіл,

табиғатты аялайтын, пысық, қамқоршы.

3. Жаңа сабақ.

- Осы жоғарыда айтылған жұмыстар қай кезде атқарылады?(Көктем суреті)

1 ТОП – Көктемдегі табиғат өзгерістері?

2 ТОП – Көктемдегі адам баласының еңбегі?

3 ТОП – Жануардың, құстардың көктемгі іс – әрекеті?

Оқушылардың жауабын тыңдай отырып



-Бүгінгі танысатын тақырыбымыз І.Жансүгіровтың «Көктемде» өлеңімен

1894 жылы қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында туған.Қазақ халқының дүл – дүл ақыны.



  • Дәптермен жұмыс.

Тиісінше, керекті мәліметтерді қысқаша шолып, жазып алу.

  • Оқулықпен жұмыс: “Көктемде»

Мәнерлеп , жатқа оқу(арнайы әуен ойналады)

-Бұл өлеңді тыңдағанда қандай әсер алдыңдар?

-Өз бетімен оқу

-Өлеңді оқуда таныс емес, күнделікті қолданыста жиі айтылматын сөздерді дәптерлеріңе түртіп алыңдар.



  • Сөз мағынасы.

  • Өкіреді –

  • Шымайт –

  • Құмайт –

  • Манаурап –

4.Бекіту:

-Бұл өлеңнің алдыңғы мәтінмен қандай байланысы бар?

-Жоғарыда өте көптеген көктем жайлы айтылған сөздер болды;

Табиғат өзгерісі

Жануарлар тіршілігі

Адам еңбегі

-Ал бізде ШКО, Самар өңірінде Көктем қалай келеді?

(Оқушы пікірін тыңдау)

-Көктемге байланысты тағы қандай өлеңдер білесіңдер?

-Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып өлең құрастыр:


Апамыз жүр,барып,
көктем келді,біз , гүл шоғырын, далаға,күннің көзі жадырап,қалаға, маужырап, жинаудамыз анаға,

5.Қорытынды

- Сонымен қорытындылай келе бүгінгі сабақта біз не өттік?

-Сабақ ұнады ма?

-Неліктен?



6. Бағалау

(Бағалау парағын санау)



7. Үйге тапсырма.

  • 1 топ – “Көктемде өлеңін жаттау”

  • 2 топ – Көктем көрінісінің суретін салу.

  • 3 топ – Көктем тақырыбына байланысты әңгіме жазу

Каталог: uploads -> doc -> 132c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
132c -> Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздер. Тұңғыш қазақ ғарышкері 2 Сілтеме
132c -> Сабақ жоспары 5 сынып Пән: «Қазақстан тарихы» Тақырыбы: «Қазақстан-егемен мемлекет»


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет