Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Бірінші сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін пайдалану жолдарын анықтаңыз



бет7/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

Бірінші сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін пайдалану жолдарын анықтаңыз.

зейін- адам санасының қандай да бір өзіне қажетті немесе қызықтырған затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп обьектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл обьектіге қатысы жоқтың бәріне назар аудармауды айтады.Білім беру үрдісінде зейіннің алатын орны ерекше. Оқыту мен оқуда, жетістікке жету, зерттелетін обьектіге зейін қоюдан басталады. Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін ескере отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдарын көрсетуге болады. Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Зейінді дамытудың жолы – жаттығу және берілген тапсырманы орындату. К. Д. Ушинский: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек» деген. Бүкіл сыныпқа, не жеке оқушыға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсе. Зейінді дамытуда сыртқы жағдайдың маңызын ескеру дұрыс. Шу, баланың сабағына қатысы жоқ әуен, қажетсіз әңгімелер т. б. болмауы керек. Жарық, таза ауа қажет.
Сабақ басталар алдында өтілетін тақырыптың мақсатын айтқан пайдалы. Балалар өздерінің міндеттерін түсініп, немен айналысатынын біліп отыру керек. Бұл іске жұмылдыру болады, зейінді шоғырландыруға көмектеседі. Материалдың оқудағы, өмірдегі маңыздылығын айтқан жөн. Ырықты зейін осылай қалыптасады. Ырықсыз зейінді ырықтыға аудару үшін: жарқын, эмоцияға толы, нақтылы деректер мен мысалдарға құрылған мұғалімнің қызықты әңгімесі, көрнекті құралдар, иллюстрациялар қажет. Баланы өзін - өзі қадағалай білуіне үйреткен жөн.Ы. Алтынсарин: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларды түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» деген.
Оқушылардың зейінін дүрыс қалыптастыруға мүғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер мүғалімнің өз зейіні дүрыс үйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып түрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мүғалім оқушылардың зейінін дүрыс тәрбиелей алмайды.Мүғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дүрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, үқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Мүғалім: "Кейбір оқушылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгірмейді" дейтін болса, бүл алдымен оның сабақты дүрыс үйымдастыра алмауының нәтижесі, өз жүмысындағы кемшілігі болып табылады.

Сабақ үрдісінде зейінді тәрбиелеу жолдары - өзара әңгіме, сұрақ қою, орындалған тапсырманы ұжымдық түрде қорытындылау, берілген тапсырма бастауыш сынып оқушысының бала күшіне сәйкес келуін қадағалап, ал, сабақ кезіндегі сергіту жаттығулары, ойын сәттері зейінді қалпына келтіретін әдістер болып табылады.Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет.  Бастауыш сынып оқушыларының зейінін аударуы үшін обьектілерді үнемі өзгертіп, не соларды бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн. Тек сонда ғана бала зейінінің тұрақтылығы дамиды. Төмендегідей жаттығулар бала зейінін дамытуға қажетті деп ойлаймын. Мысалы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет