Әдістемелік жұмыс қорытындысы 1-жартыжылдық Педагог кадрлармен жұмыс



бет5/9
Дата06.09.2023
өлшемі10,27 Mb.
#180306
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Метод 1 - жж 2022-2023 о.ж
психология 8, Аттестация 800метод-1, Педагогика квалл тест 2020ж23 апреля 1 docx сұрақ жауабымен 1, Оттегі мен оның қолданылуы, 1528955336099
Аттестация жұмысы
Мектептегі аттестация жұмысы оқу жылының басында "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қарашада № 25208 болып тіркелген бұйрық негізінде жұмыс жасады.
* "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі А. Аймағамбетовтың 2022 жылдың 30-желтоқсанында № 533 бұйрығы шықты.
Бұл бұйрықта 2016 жылғы 27-қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізілген. Бұл бұйрыққа сай бірінші электронды портфолио тапсырылады. Портфолиода сабақтың анализі, мұғалімнің өзінің сабаққа қорытындысы, басшылықтың пікірі, педагогтың жетістіктері мен оқушы жетістіктері . Биылдан бастап міндетті түрде педагогтардың іс-тәжірбиесі болуы қажет. Портфолио сараптама отырысынан оң нәтижес көрсетсе ғана аттестатталушы мұғалім ҰБТ тапсырады. Бұдан былай «Педагогикадан» тест тапсырылмайды. Тест мұғалімнің өзі сабақ беретін пәні және «Оқыту әдістемесі» бойынша тапсырады. Осы екі пәннен 30 тапсырма ғана келеді. Егер санат уақыты келгенде тест тапсырып, 2 рет өте алмай қалса, немесе педагог уақытында тапсыра алмаса онда бар санаты 1 санатқа төмендетіледі.
Ұлттық біліктілік тестілеуден 30 жылдық еңбек өтілі бар және зейнетке шығуына 4 жыл қалған мұғалімдер босатылады. 30 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдер портфолио ғана тапсырады. Бұрынғыша санат «екінші, бірінші, жоғарғы» санатты педагогтар «педагог-модератор» санатын ала алады. Егер аталған мұғалімдер бұл санатты, яғни «педагог-модераторды» алуға келіспей, жоғары санаттарға –«сарапшы, зерттеуші, шебер» өтуге өтініш берсе, онда ҰБТ тапсырады.
Үстіміздегі оқу жылының қыркүйек, қазан айында 2022-2023 оқу жылында кезекті және мерзімінен бұрын аттестациядан өтуші мұғалімдерден өтініш алынды.
Үстіміздегі оқу жылының қазан айында аттестациядан өтуге өтініш берген мұғалімдерге семинар өткізілді. Семинарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламала-рын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары таныстырылды.
Аттестатталушы мұғалімдерге тестке тіркелу мерзімі мен сайттары және тестке дайындау орталықтарының байланыс телефондары берілді. Тесттен кейінгі жинақ портфолиосының реті жан-жақты түсіндірілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет