Әдістемелік көмекші құрал (1 – 4 кластар үшін)



бет3/104
Дата24.11.2023
өлшемі5,81 Mb.
#193323
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы
фил 13 сабак, пәндік олимпиада
Логикалық есептер-кеңірек ойлануды қажет етеді.Есеп жауабы бір немесе бірнешеу болуы мүмкін.Логикалық есепті шешу қатаң дәләлге сүйеніледі.Сондықтан мұнда қысқа есептей салу,көрнекілікпен астарластыру болуы ықтимал.Мұндай есептер қиялдауға,ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Математикалық жұмбақтар мен жаңылтпаштар. Жұмбақтар өлең-ұйқас түрінде де,ребустар,викториналар түрінде де келтіріледі .Негізінен салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді.Оқушы қиялының дамуынаелеулі әсер етеді.Жаңылтпаш үйірме отырыстарында тіл ұстарту үшін қолданылады.Тіл-ой көркі.Сөйтіп, әр нәрсеге байыппен қарап, батыл сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне жаттықтырады.Халық тілін меңгеруге, халық қазынасына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Логикалық және ойын есептерді шығартудың білімдік те, тәрбиелік те маңызы зор екені баршаға аян.Өйткені ,есептерді шығару барысында оқушылар математикалық ұғымдарды меңгереді,ойлау қабілеті дамиды. Өз пікірлерін логикалық жолмен дәлелдей білуге,алған білімдері бойынша тиісті қорытынды жасауға,өздері игерген есеп шығару дағдыларын іс жүзінде қолдана білуге жаттығады.
Сабаққа деген қызығуды мұғалім оны жүргізу үстінде тудырса, ал жүйелі түрде жүргізілетін жұмыстар одан әрі дамытуға себепші болады. Сондықтан әрбір педегоготың, әрбір өтілетін сабаққа үлкен мән бере қарап, дұрыс шешімін табуға өзіндік үлес қосуы-бұл өмір талабы.
Түйіндей келе, бұл тапсырмалардың маңызы мен болашақтағы тиімді тұстары бағдарлама бойынша математиканы оқытуда сапалы деңгейге шығаруға көмектеседі деп ойлаймыз.
Ұсынылып отырған көмекші құралдың бастауыш класс мұғалімдеріне берері зор.


1 класс бойынша бағдарлама талаптары:


- cандарды оқуға, санауға, жазуға, үйрету;
- сандар құрамын жатқа білу,фигураларды тану;
- логикалық ойлау қабілетін жетілдіру;


2 класс бойынша бағдарлама талаптары:


- өрнектер бойынша сөз есепке мәтін құрастыру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет