Әдістемелік нұсқау н тарму 11/1 01-2018



бет2/3
Дата26.06.2023
өлшемі35,22 Kb.
#179182
1   2   3
Байланысты:
ЖОО --МӨЖ
4-лекция, 13 билет ресурс кз, Кымбат Метеорология (каз), Оқу бағдарлама Дүние жүз саяси экон.әлеу. геогр - копия, ландшафттану Байсеркеева Л, Каз экон геог кыскаша лекция
2. МӨЖ текстін жазу тәртібі
МӨЖ-ді жазу кезінде көшірмелерді өңдеу қажет. Ең алдымен жинақталған материалды оқып шығып МӨЖ жоспарына сәйкес жинау керек. Көшірмелерді сұрақтар бойынша жинақтағанда , студент кейбір сұрақтардың жауабы көп болғандықтан керек мәліметтерді алып, керек еместерін қысқартады. Ондай жағдайда магистрант ескі мәліметтерді қысқартады. Содан соң МӨЖ-ді орындауға календарлы жоспар құру қажет: МӨЖ-ге жоспарланған және сұрақ бойынша бет саны. Қорытынды мен кіріспеге бірнеше бет қалдырып , әрбір сұрақты жазуға уақытты үнемдеу керек.
МӨЖ-ді жазу–бұл ғылыми еңбек. Ол магистранттың тақырыпты терең оқуға, сұрақтарға ұзақ ойлануға, сұрақтарды ғылыми өңдеуге, және МӨЖ-ді күрделі жазуға талап етеді. Магистрант Магистранттың МӨЖ жазудағы еңбегі –бұл оның алғашқы ғылыми ізденісі. Ең басты бұл жұмыста жазуды логикалық қысқа түрде жазуға үйретеді. Кейбір магистранттардың көзқарасы текстке әр нәрсені жазуға болады деп ойлайды, бірақ ол дұрыс емес. Себебі сұрақтың мазмұнына байланысты ондағы дәлелденген құнды ақпараттарды және бір-бірімен үйлескен қорытындыларды жазу керек. МӨЖ жазғанда кейбір авторлардың тырнақшаға алынған ойларын міндетті түрде жазу керек. Көбінесе қорытынды, кіріспе жазғанда пайдалану қажет.
МӨЖ-дегі пайдаланған сандар толық дәлелденген болу тиісті.. Сандарды жазған кезде салыстырмалы түрде дәлелдену керек. МӨЖ-ді жазғанда сұрақтың бірінші, екінші үшінші және т.б сол сияқты бірізділікпен кейін кіріспені, қорытындысын жазу қажет. Қорытындыда жоспар бойынша жасалынған жұмысқа сипаттама беріледі. Кіріспені ең соңында жазған ыңғайлы, себебі сұрақтар толық айқындалған әрі ғылыми зерттелінген. Кіріспеде тақырыптың актуальдығын негіздеп, әдеби деректерге және тақырыпқа жалпы сипаттама беріп, зерттеудің мақсаты мен міндетін көрсету қажет. МӨЖ жазылып біткен соң оқытушы автор еңбегіне пікір білдіреді де қателіктері мен жетістіктерін МӨЖ-де көрсетеді. Содан соң МӨЖ-ді қайта өңдеп жазуға болады. Тексерілген МӨЖ- діқайта дұрыстап болған соң, магистрант семинар немесе зертхана,теориялық конференцияда баяндауға болады. Егер магистрант әдебиеттер мен материалды терең оқып, жақсы МӨЖ жазса, оны одан әрі курстық жұмыс немесе диплом жұмысына жалғастыруға болады.
Бөлімді қорытындылай келе, магистранттың жұмыстарында байқалатын өрескел қателіктерді байқауға болады:
Текст ақпарат көздерінен өзгеріссіз көшіріліп алынып, өңделмейді.
Текст жоспар бойынша сұрақтарға бөлінбей жұмыстың құрылымдық логикасы қарастырылмайды.
Жаңа әдеби деректер пайдаланбайды.
МӨЖ көлемі және безендірілуі талаптарға сай емес.
Қолданылған әдебиеттер тізімінің қатары дұрыс қойылмайды.
Автордың жеке қорытындылауы мен ұсыныстары жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет