Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы


-тақырып: Менің туған қалам



бет20/48
Дата07.02.2022
өлшемі357,5 Kb.
#87953
түріНұсқаулар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
6.2-тақырып: Менің туған қалам (Павлодар қаласы, орналасқан жері, келбеті, көрінісі, тұрғындары, табиғаты).
1-тапсырма. Павлодар қаласы жайлы әңгіме құрыңыз. Сөздік минимум: Көне қала, жаңа қала, шаһар, өте әдемі, керемет, тамаша, ауа-райы қолайлы, қолайсыз, демалыс орындары, спорт кешендері, зәулім үйлер, ғимараттар, театр, мұражай, саяжай, саябақтар. Сөйлесім үлгілері: Туған қалаңыздың тарихын білесіз бе?Иә, білемін. Жоқ, білмеймін. Иә, ол өте көне қала. Оның негізі 19 ғасырда қаланған. Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Қандай мұражайлар бар? Мемлекеттік мұражай. М.О.Әуезов мұражайы...
2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1, 121-б. 20-жаттығу].Алматы қаласы
Алматы қаласы – бұрынғы Қазақстан Республикасының астанасы. Ол – оңтүстік астана. Алматы - өте үлкен, әдемі қала. Алматыда Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бар. Олар қаланың орталығында. Алматының көшелері түзу және кең. Осы кең, түзу көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар, троллейбустар өте көп.Алматыда көп қабатты үйлер, Әуезов қазақ драма театры, лермонтов орыс драма театры, «Арман», «Алатау», «Байқоңыр» кинотеатрлары, Мәдениет сарайы, Орталық спорт кешені, мейрамханалар, дүкендер бар. Қаланың орталығында 25 қабатты қонақ үйі, цирк, «Заңғар» сауда үйі, теміржол бекеті, әуежай, орталық кітапхана және оқу орындары бар. Медеу мұзайдыны да жақын.
3-тапсырма.Ответьте на вопросы по тексту [1, 121-б. 20-жаттығу].Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы не? Алматы қандай қала? Алматыда қандай өзендер бар? Алматының көшелерінде не көп? Алматыда қандай театрлар, кинотеатрлар бар? Тағы нелері бар?
4-тапсырма. Раскройте скобки [1, 120-б. 18-жаттығу].Ыдыс-аяқ серванттың (внутри) тұр. Ағаш екі үйдің (между) тұр. Сөренің (на) кітап тұр. Ағаштың (у) шелек тұр. Диванның (возле) екі кресло тұр. Кереуіттің (под) мысық жатыр. Мектептің (перед) көп бала жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет