Әдістемелік нұсқаулардың



бет2/20
Дата06.02.2022
өлшемі219,5 Kb.
#81001
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________ А.А. Варакута 20___ж. «_____»_______

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды


20__ж. «___»______________ №____ хаттама


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Ақша, несие, банктер» курсы - теориялық курс. Ол болашақ қаржыгерлер мен банкирлерді кең профильді маман ретінде дайындауға негіз береді. Бұл курс экономикалық теория, макро- және микродеңгейдегі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, менеджмент және сол сияқты басқа оқу пәндерімен қосылып ақша-несие қатынастарының, банктік қызмет теориясының және оны ұйымдастыру негіздерінің мәні туралы білімді қалыптастырып, олардың маңызы мен экономикадағы қолдану механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.


«Ақша, несие, банктер» оқу пәні келесі мақсаттарды көзделеді:

  • студенттерде ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесін, халықаралық несие - есептік және валюталық қатынастар, бағалы қағаздар нарығының қалыптастыру негіздерінің толық білім жүйесін қалыптастыру;

  • ақшаның, ақша айналымының, банктік және биржалық қызметтің маңызын беретін түсіндірме - терминологиялық аппаратты ұсыну;

  • барлық түсініктердің өзара байланысын, олардың ішкі логикасын ашу.

«Ақша, несие, банктер» пәнінің міндеттері болып табылады:

  • ақша теориясы бойынша студенттерге қажетті теориялық білімнің минимумын ұсыну;

  • оларда, экономиканың ақша-несие саласындағы болашақ қызметі үшін тәжіріибелік дағды қалыптастыру.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білу керек:
- банктік операцияларын өткізу барысында заңдылықты;
- ақша, несиенің және бактердің теориялык негіздерін, практикалық қолданыды;
- Қазақстанда ақша жүйесінің даму мәселесі мен болашағын;
- Қазақстанның экономикалық жағдайында шетелдің оң тәжірибелерін қолдану.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер қолдана білу керек:
- ақша қарым-қатынастардың түрлері мен қалыптарын ажырату;
- несиелік механизмын қолдану;
- практикада несиелендіру, ақша жоспарлау, уйымдастыру саласында теориялық білімді колдану.
«Ақша, несие, банктер» оқу пәні «Экономикалык теория», «Микроэкономика», «Экономикалық ілімдер тарихы» сияқты жалпы кәсіптік пәндерден кейін оқылатын іргелі экономикалық пән болып табылады. «Банк ісі», «Валюталық операциялар», «Бағалы қағаздар нарығы жөне биржалық іс», «Банк қызметіндегі маркетинг және менеджмент негіздері» сияқты арнайы пәндерді меңгеруге негіз болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет