Әдістемелік құрал психологиядан


К. Томас тестінің сипаттамасы



бет8/51
Дата05.08.2020
өлшемі120,29 Kb.
#76179
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Байланысты:
Тест жинағы кітап
Жаттығу логопедке
К. Томас тестінің сипаттамасы

Тест Н.В. Гришинаның басшылығымен тұлғаның қақтығыстық іс-әрекетке бейімділігін анықтау үшін арнайы бейімделуден өткен. Кикілжің құбылыстарды зерттеуде, К.Томас дәстүрлі көзқарастың өзгеруін алып, соған басымдылық жасаған.

Сонымен, кикілжіңді шешудің мақсаты, жайдары, кикілжіңсіз адамдардың үйлесімді қарым-қатынасын сақтау болып табылады.

К. Томастың пікірінше, кикілжіңді зерттегенде келесі тұрғыларға аса мән беру керек:

Кикілжің жағдайда адамдарға іс-әрекеттің қандай 4 түрі тән, олардың қайсысы продуктивті немесе деструктивті болып келеді, адамның тиімді іс-әрекет етуіне қалай ықпал етуте болады?

К. Томас кикілжің жағдайда адамдардың іс-әрекетін сипаттау үшін, кикілжіңді реттеудің 2-сатылы үлгісін қолдануға болады дейді. Негізгі өлшем кооперация болып табылады. Кооперация дегеніміз — бір адамның басқа адамның қызығушылығына құрметпен қарауы. Ал айтқанынан қайтпауы — тек қана өз қызығушылықтарын қорғауға күш жұмсауды білдіреді. Осы аталған өлшемдердің негізінде К.Томас кикілжіңді реттеудің келесі тәсілдерін көрсетеді:

1) Бақталастық - өзгелерге нұқсан келсе де, өз қызығушылығын қанағаттандырута ұмтылу;

2) Икемделу - өзгелердің қызығушылығын қанағаттандыруға ынталы болу;

3} Ымыраға келу;

4) Кикілжіңнен қашу - кикілжіңді шешудің бұл түріне кооперацияға ұмтылудың да болмауы, өз мақсатына жетуге ұмтылыстың да болмауы жатады;

5) Ынтымақтастық - кикілжіңге қатысушылар екі жақтың да қызығушылықтарын толық қанағаттандыратын, альтернативті шешімге келумен сипатгалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет