Әдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы


Жұмыстың жеке кезеңдерін орындау бойынша нұсқаулар



бет15/16
Дата26.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#193561
түріНұсқаулар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
АМАН ЖҮРШІ, ҚАРТТАРЫМ! 2022, Қиық конус және оның элементтері (11сынып)
4.4 Жұмыстың жеке кезеңдерін орындау бойынша нұсқаулар

4.4.1 В жазықтығының диаметрі 45мм тесіктің осіне қатысты перпендикулярлықтан ауытқуды өлшеу үшін жұмыста ПБ-500 аспабы қолданылады, оның ИЧ түрлі бөлу құны 0,01 мм болатын көрсеткіші бар. Өлшеудің алдында тетіктің диаметрі 45 мм тесікке екі жағынан орталықты тесіктермен тығындар қойылады, бұл тесіктер бойынша тетік ПБ-500 аспабының орталықтарына орнатылады (4.8 сурет). Аспаптың реттеуіш бұрамаларын пайдалана отырып, көрсеткіштің ұштығы тетіктің үстіңгі В бетіне жақындатылады, «нольге» реттеледі және көрсеткіш бұл қалыпта бекітіледі (өлшенетін жазықтық ұштығының жұлынуын жоққа шығару үшін), өлшеу үрдісінде оны көрсеткіш межелігінің жартысына тең тартуымен реттейді және тек осыдан соң меңзерді бұдырланған жиекті бұрумен «нольге» шығарады. Тетікті бұрып көрсеткіштің В жазықтығының қарама-қарсы нүктесінде көрсеткіштерді анықтайды және алынған мән бойынша пернпендикулярлықтан ауытқу шамасының шын мәнісі туралы бағалайды (бұл ауытқу қарастырылатын ұзындық ретінде өлшеулер нүктелері арасындағы қашықтықты алады). Перпендикулярлықтан ауытқы шамасының жіберілетін мәні тетікке техникалық талаптарда беріледі (4.9 сурет).


4.4.2 Диаметрі 45 мм тесік қалпының ауытқуын өлшеу үшін қиылысқан қимада НИ нутромер пайдаланылады, оның өлшеу шектері 18-50 мм және өлшеу құрылғысының бөлу құны 0,01 мм (бұл жұмыс үшін нутромер 45,00 мм реттелген). Тесік қалпының ауытқуын анықтау үшін нутромердің өлшеу өзегін өлшенетін тесікке енгізеді де нутромерді тетікке қатысты шайқау жолымен көрсеткіштің ең төмен көрсетуін табады. Осыдан кейін өлшеу ұштығын бұру жолымен жаңа күйге орнатады (4.7 сурет), және барлық әрекеттер қайталанады. Өлшеулер төрт қимада өткізіледі. Әрбір қимада шын өлшемді анықтау қосу жолымен (егер көрсеткіш көрсетулері плюс белгісімен болса) немесе реттеу өлшемі 45,00 мм өлшеу нәтижелерін алу жолымен (егер көрсеткіш көрсетулері минус белгісімен болса) жүргізіледі. Қалып ауытқуының шамасы анықталады: тесіктің ең кіші және ең үлкен өлшенген диаметрінің арасындағы жартылай айырмашылық ретінде. Диаметрі 45 мм тесік қалпының ауытқуының жіберілетін шамасы 0,06 мм аспау керек.
4.4.4 Диаметрі 60 мм болатын беттің диаметрі 45мм тесіктің осіне қатысты радиаль ауытқуын анықтау үшін 4.4.1 бөлімімен ұқсас тетік ПБ-500 аспабының орталықтарына орнатылады, ал көрсеткіштің өлшеу ұштығы диаметрі 60мм бетіне жақындатылады, тартумен бірге «0»-ге реттеледі және бұл күйде бекітіледі. Орталықтағы тетікті бұрып, радиаль ауытқудың шамасын көрсеткіштің ең үлкен және ең кіші көрсетулердің айырмашылығы (бұл көрсетулердің таңбасын ескере отырып) ретінде анықтайды. Диаметрі 60 мм беттің радиаль ауытқуының жіберілетін шамасы 4.9 суретте келтірілген техникалық талаптардан алынады.
4.4.5 В жазықтығының және диаметрі 60мм беттің кедір-бұдырлығын анықтау кезінде кедір-бұдырлық үлгілерінің жиыны пайдаланылады (ГОСТ 9378-93). Тетік беттерінің кедір-бұдырлығы көзге анықталады, үлгілермен тікелей салыстыру әдісімен анықталады. Кедір-бұдырлықтың үлгісін таңдау кезінде бақыланатын беттің өңдеу түріне (мысалы, жонғылаумен өңделген бетке «жонығлау» жазуы бар үлгісін алады) және оның қалпына (мысалы, сыртқы цилиндрлік беттерге дөңес беті бар үлгі таңдалады) қарайды. Қолданылатын үлгілерде кедір-бұдырлық МЕСТ 2789-74 бойынша белгіленгенін ескерсек, алынған көрсеткішті оған сәйкес немесе мәніне аударады. Бақыланатын беттердің кедір-бұдырлығының жіберілетін шамасын 4.9 суретте келтірілген мәліметтер бойынша алынады.
4.4.6 Әрбір өлшеу құралын пайланғанның алдында оның «0»-ге реттелуінің дұрыстығын тексеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет