Әдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы



бет11/16
Дата26.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#193561
түріНұсқаулар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
АМАН ЖҮРШІ, ҚАРТТАРЫМ! 2022, Қиық конус және оның элементтері (11сынып)
3.3 ИКГ аспабының суреттелуі
3.3.1 Техникалық сипаттамалар. Калибр-тығын қалпының өлшеулері мен ауытқуларын өлшеу бұл жұмыста көлденең оптиметр ИКГ өткізіледі.
Оптиметр ИКГ сыртқы және ішкі сызықты өлшеулерді өлшенетін бұйымның 1 және 2 классты шеткі мөлшерлермен немесе үлгі-тетіктермен салыстыру әдісімен түйіспелі өлшеуге арналған.
3.3.2 Аспаптың құрылымы. Аспаптың оптикалық сызба-нұсқасы негізіне телескопиялық автоколимационды құбыр принципі салынған.
Автоколлимационды бейнені алуға қызмет ететін айна өлшеу өзегімен байланысқан және өзектің орын ауыстыруы кезінде сәйкесті бұрышқа ауытқиды. Межеліктің көрінетін автоколлимационды бейнесі, объективтің фокальді жазықтығында орналаскан, жылжымайтын индексқа қатысты өлшеу өзегіне пропорционал орын ауыстырады.
Оптиметр құбырының оптикалық сызба-нұсқасы 4.7 суретте көрсетілген.

3.3 кесте – Аспаптардың сипаттамалары



Сыртқы өлшеулердің өлшеу шектері, мм

Ұзындық

350

350

Диаметр

225

225

Межелік бойынша өлшеу шектері, мм

± 0,1

± 0,1

Межеліктің бөлу құны, мм

0,001

0,001

Аспаптың межеліктің кез-келген бөліндісі үшін қателігі, мм: 0-ден ± 0,06 дейін аралықта

± 0,0002

± 0,0002

0-ден дейін аралықта

± 0,0003

± 0,0003


3.7 сурет – Оптиметр құбырының оптикалық сызба-нұсқасы


Оған кіреді: 1 — айна; 2 — объектив; 3 — толық ішкі бейнелудің призмасы; 4 — тор; 5 — окуляр. Жарықтандыру жүйесін құрайды: 6 — бағыттап ұстауыштағы айна; 7 — окуляр шектерінде орналасқан призма.
Тор 4 өзімен межелік пен индексі бар шыны тілімшені көрсетеді, мұндағы межелік бөлінділері тілімшенің бір жағында, ал индекс – басқа жағында салынған. Окуляр жағындағы межелік призмамен окуляр арқылы тек индекс пен 1 айнадан шағылған межелік бейнесін көруге ғана болатындай етіп жабылған. Тор объективтің фокальді жазықтығында орнатылған.
Жарық сәулесі 6 айнасынан шағылып, 7 призмасы арқылы 3 призмасы мен 2 объективтен өтіп межелікті жарықтандырады, олар 1 айнасына параллель құлайды, одан шағылады да қайтадан 2 объективке түседі, призма 3, тор 4, окуляр 5 өтеді және бақылаушы көзіне түседі. Оптимер құбырының өлшеу бағыттауышының осьтік орын ауыстыруы кезінде 1 айна бұрышына ауытқиды, осыдан соң окулярдың көру өрісінде межелік бейнесі жылжымайтын индекске қатысты орын ауыстырады.
Құрылымды оптиметр келесі түрдей көрінеді (3.8 сурет).



3.8 сурет – Көлденең оптиметр ИКГ


Массивті шойынды 1 негізде көлденең бағыттау 2 білік бекітілген. Білікте сол және оң жақтарында қыспақты бұрамамен қажетті күйде бекітілетін екі жылжымайтын 3 және 4 кронштейндер орналасқан. Сол жақ кронштейнде сүйеутөлке 5 бекітілген, оның ішінде серіппесі бар өзек орын ауыстырады. Өзек қажетті күйде қыспақты 6 бұрамасымен бекітіледі. Өзек ұшында ұштық 7 бар өлшеу бағыттауышы бекітілген. Сүйеутөлке ұштығының ось бойымен орын ауыстыруы микрометрлік 8 бұрамамен іске асырылады. Оң жақ кронштейнде сүйеутөлкеден 9 басқа өлшеу ұштығымен проекциялық 10 саптама мен қуат 12 көзімен жарықтандырғыш 11 бекітілген.


Кроншетйндер 3 пен 4 арасында заттық 13 үстел бекітілген. Оның келесідей қозғалыстары бар:
- тігінен қозғалыс – үстелді көтеру мен төмендету дөңгелек 14 тұтқамен, шекті бұрамамен 15 іске асырылады;
- өлшеу сызығына көлденең, тігінен, қозғалыс бастиек 16 көмегімен жасалады;
- тік ось айналасынан айналмалы – өлшеу сызығына перпендикуляр, бастиек 18 көмегімен жасалады.
3.3.3 Аспапты «нольге» реттеу. Реттеу ұзындықтың шеткі өлшеулерінің жиынтығы көмегімен іске асырылады. Жиынтық тексерілетін калибрдің шақтама өрісінің ортасына сәйкес өлшем бойынша құрылады. Мысалы, егер де калибрдің ең үлкен орындау өлшемі 30,020мм тең, ал ең кішісі 30,010мм тең болса, онда шеткі өлшеулер жиынтығын 30,015мм өлшеміне құру керек. Шеткі өлшеулер жиынтығы заттық 13 үстелге (4.8 сурет) орнатылады және бұрандалы қысқышпен бекітіледі, мұнда үстел орташа күйге шығарылады. Сүйеутөлке 5 жиынтық өлшеу ұштықтардың арасында бос кіретіндей қашықтыққа орын ауыстырады. Дөңгелек тұтқалар 14 пен 16 көмегімен жиынтықты тік және көлденең жазықтықта тексереді, осыдан кейін үстел бұл күйде бұрамамен 15 бекітіледі. Микрометрлік 8 бұрама көмегімен межеліктің саптамада 10 суретін шамамен бөліндіге орнатылады және сүйеутөлке 5 тоқтатқышты 6 бұрамамен бекітіледі, бұл бұрама микрометрлік 8 бұраманың берілісі кезінде түсірілуі керек.
Шекті өлшеулердің өлшеу сызығы аспаптың өлшеу сызығымен сәйкес келуі үшін келесідей әрекет жасайды. Қолсаптың 17 көмегімен үстел окулярда межеліктің ең төмен мәні көрінетіндей етіп бұрылады. Кейін қолсаппен 18 үстел бұрылады және межелік бойынша ең кіші есептеу табылады. Осыдан кейін межелікті «нольге» орнатады және сүйеутөлкенің өзегін бұрамамен 6 бекітеді.
3.3.4 Аспапта өлшеу. Аспапты толық орнатқаннан кейін оң жақ өлшеу ұштығын (4.8 сурет) арретирмен 19 шығармай, шеткі өлшеулер жиынтығы бар үстелді төмен түсіреді. Кейін жиынтықты алып тастайды және калибр-тығынның сәйкесті өтетін жағын осьтің үстел жазықтығына перпендикуляр болатындай етіп орнатады. Бұрандалы қысқыш көмегімен калибр үстелде бекітіледі және аспаптың өлшеу ұштықтары арасында бекітіледі. Калибрдің өлшеу сызығының аспаптың өлшеу сызығымен сәйкестендіру үшін үстел бақылаушыға бағытталып орын ауыстырылады және одан бастиек 16 көмегімен саптама проекциясының межелігінде ең үлкен көрсетуге жетпегенше. Үстелді қолсаптың 18 көмегімен өлшеу сығынына перпендикуляр көлденең ось айналасында айналдыра отырып, межелікте ең төмен көрсетуге жетеді. Осыдан соң аспаптың көрсетулерін жазуға болады. Тексерілетін өлшем аспаптың көрсетулерінің (межеліктегі таңбаны ескере отырып) және шеткі өлшеулер жиынтығының өлшеулерінің қосындысына тең болады. Калибр-тығынның өтпейтін жағын өлшеу кезінде жоғарыда аталған әрекеттердің барлығы қайталанады, бірақ шеткі өлшеулер жиынтығы калибр-тығынның өтпейтін жақтың орындау өлшеулерін ескере отырып құрылады.
Калибр-тығынның өтетін және өтпейтін жағының қалпының бойлай және қиылысқан қималарда ауытқуларын өлшеу үшін 4.9 суретте көрсетілген сызба-нұсқаға сәйкес қосымша өлшеулерді орындау қажет.



а – өтетін жақ б – өтейтін жақ


3.9 сурет – Калибр қалыптарының бойлай және қиылысқан қималарда ауытқуларын өлшеудің сызба-нұсқалары


Дөңгелек 14 тұтқаны калибрмен бірге көлденең бағытта орын ауыстыра етіп өлшеулері өлшенеді. Осыдан соң тік ось айналасында қолсап 17 көмегімен бұра отырып өлшеулері өлшенеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет