Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Азық күлінің азықтандырудағы реакциясы, қышқылдық және сілтілік элементтердің мал азықтандыру мен рациондағы ара қатынасы



бет13/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС
Мал асылдандыру, Мал азығының түрлері

Азық күлінің азықтандырудағы реакциясы, қышқылдық және сілтілік элементтердің мал азықтандыру мен рациондағы ара қатынасы.

Минаралды заттарға мал азығын жоғары температурада (500-5500С) жаққанда қалатын «шикі» күл құрамындағы химиялық элементтер жатады. Олардың азық құрамындағы мөлшері грамдап есептеліп сегізі макро (көп мөлшердегі) элементтер деп, ал қалғаны микро (аз мөлшердегі) элементтер деп аталады.

Макроэлементтердің төртеуі – кальций, калий, натрий, және магний – алмасу барысында сілтілік қасиеттер көрсететіндіктен сілтілік немесе негіздік макроэлементтер деп, ал қышқылдық қасиеттер көрсететін үшеуі – фосфор, күкірт, хлор – қышқылдық макроэлементтер деп аталады. Сілтілік және қышқылдық макро элементерінің грам-эквиваленттік (атом салмағын валенттігіне бөлгенде шығатын сан.) арақатынасы мал организіміндегі зат алмасу процесіне қолайлы қышқылдық (pH-7.2-7.4) жағдайды туғызады.

Биохимиялық процестерге ыңғайлы әлсіз сілтілік орта туғызу үшін сілтілік грам-эквиваленттер қосындысы қышқылдық грам-эквивалентердің қосындысынан сәл басым түсуі қажет. Яғни осыны белгілейтін сілтілік-қышқылдық арақатынас 1,3-1,3, ал кейде керісінше, қышқылдық – сілтілік арақатынас деп атайды – ол 0,8-0,9 аралығында болуға тиіс.


80Р+62+28С + 1.0 = 0.8-0.9

50Ca+25.5+44Na+52M 1.2-1.3


Сондай – ақ өзара тығыз байланыста, бір-бірінің алмасуына әсер ететін макроэлементтер арақатынасын да қадағалайды. Айталық,натрий және калий арақатынасы 0,4-0,5 аралығында, ал кальций және фосфор арақатынасы 0,4-0,5 аралығында болуы тиіс. Сонда ғана бұл элементтер қорытылып, дұрыс жақсы сіңірілініп пайдаланылады. Арақатынастары бұзылған жағдайда бір элементтің мал азығында жеткілікті болуына қарамастан сіңіріліп, пайдалануы күрт төмендеп, организм зиян шегеді. Әсіресе, бұл кальций-фосфорлық арақатынастар бұзылуынан анық байқалады. Мал мен құсты кальций жетіспеушілігінен құтқару үшін республикамыздың әр жерінде шығарылатын, азықтық борды кеңінен қолдануға болады. Бірақ соған қарамастан мал мен құс түрлі сүйек ауруларына(остеопороз, остеомалиция), ал төл рахитқа шалдықыш келеді. Оның негізгі себебі мал азығында кальций жеткілікті болғанымен фосфор аз болып, олардың арақатынастарының бузылуында. Сондықтан шаруашылықтарда малды азықтандырғанда фосфорлы қосымшаларды қолдану малдың сүйегінің дамуына жақсы әсер етеді. Сүйекке кальцийдің дұрыс енуі фосфордың мөлшері ғана емес, сонымен қатар одан марганец микроэлементтерінің, Д витаминінің әсеріне де байданысты. Минералды элементтердің өзара қарым-қатынасы синергистік және антагонистік тұрғыдан сипатталады. Кейбір элементтер азықтандыру барысында бір-бірінің сіңімділігін, физиологиялық белсенділігін арттыра түседі. Оларды синергистік яғни бірін-бірі қолдаушылық қатынаста деп қарап, ал керісінше бір-бірінің сіңірілуімен физиологиялық әсеріне кедіргі туғызса – антагонистік, яғни бір-біріне қарама-қарсылық қатынаста деп қарайды. Малды коректендіру барысында, жемшөппен қажетті мөлшерден артық не кем азықтандыру да организмге зиянды әсер етеді. Айталық, тіпті протеиіндердің өзі шектен артық берілсе организмді уландырады. Сондай-ақ минералды заттарда тек белгілі мөлшерде, өзара қажетті қатынаста, организмге сіңімді түрде ғана қолдануы қажет.

Мал денесіндегі макроэлементтердің барлығы дерлік(хлордан басқасы) тотықтар немесе тұздар түрінде жиналып, денедегі бүкіл күлдің 99,6 проценттіне жетеді. Қалған 0,4 пайызы организмдегі бүкіл микроэлементтер қосындылары жатады.

А.П. Димитриченко, П.Д. Пшеничный(1975) деректері бойынша минералдық алмасуды дұрыс қамтамасыз ету үшін мал азығының құрғақ затында 6,0-6,5 процент минералды заттар шоғырлануға тиіс. Кем немесе көп болғанда жағдайда олардың сіңімділігі төмендейді.
Дәріс №5. Малазығы қоректік заттарының қорытылуы және оларды бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет