Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Дәнді азықтар. Дәнді азықтардың мал азықтандырудағы маңызы



бет29/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС
Мал асылдандыру, Мал азығының түрлері
Дәріс жоспары:

8.1 Дәнді азықтар. Дәнді азықтардың мал азықтандырудағы маңызы.

8.2 Бұршақ тұқымдас азықтар, олардың химиялық құрамы және қоректілігі.

8.3 Дәнді азықтарды малға беруге әзірлеу (ұнтақтау, ашыту, ыстықпен әсер ету, булау, сығу, бөрттіру, жаншу, т.б). Тазартып сортталғаннан қалған дән қалдықтарын пайдалану.



Құнарлы мал азығына энергетикалық қуаттылығы мен қоректілік құнарлылығы жоғары, құрғақ затындағы жасунығы - 19%-дан аспай, 1 кг- дағы қоректік заттар қосындысы — 0,5 кг-нан, жалпы қоректілігі — 0,65 азық өлшемінен асатын азықтар жатады. Оларға мал азығына жұмсалатын дән мен дән қалдықтары және кебегі, өсімдік май өндірісінің күнжара мен шрот түріндегі қалдықтары кіреді.

Құрғақ затындағы жасұнықтың көлемі бойынша ірі жемшөпке жатқызылатын шөп ұнын (витаминная мука) жалпы қоректілігі бойынша құнарлы азыққа жатқызуды жөн көрдік.

Шөп ұны. Жаңа шабылған көк балаусаны жоғары температуралық қондырғыда кептіріп, ұнтақтап дайындайтын азық. 600-800°С бірнеше минутта 12—14% ылғалдылыққа дейін кептірілгенде өсімдіктің ішкі температурасы 90— 100°С жоғары көтеріліп үлгермейді де, шөп ұнында көк шөптің барлық дерлік қоректік заттары мен витаминдері (каротині) толығымен сақталады. Дұрыс кептірілген шөп ұнындағы қоректік заттарының шығыны 1-2%-дан аспайды., Өте тез кептірілген олардың қоректілік қасиеттері кемімей, тек протеині біршама натурасызданып, энергетикалық қуаттылығы сәл төмендеп, 5-15% көлемінде каротині ыдырайды.

Әдетте шөп ұнын бұршақ тұқымдастар көгінен дайындайтындықтан, каротинмен қоса оның құнды протеині жоғары сақталып, дайындалған азықты витаминді-протеинді шөп ұны деп атайды. Оның қоректілік сапасын құрымындағы ылғалы, протеині мен каротині бойынша бағалайды.



Стандартты 13,5% ылғалдылықтағы шөп ұнында «шикі» протеин 25% болса – 30балл, 23% болса - 24 балл, 21% болса — 18 балл, 18% болса— 12 балл, 16%-дан төмен болса — 6 балл; 1 кг-дағы каротині 270 мг болса — 70 балл, 245 мг болса — 60 балл, 225 мг болса — 50 балл, 200 мг болса — 40 балл, 180 мг болса30 балл, 155 мг болса20 балл, 130 мг болса10 балл беріліп осы корсеткіштері бойынша 95 балл жинаған шөп ұнының сапасын - аса жақсы, 70—95 балл жинағанын - өте жақсы, 40-70 балл жинағанын —жақсы, 20—40 балл жинағанын қанағаттанарлық деп бағалайды.

1 кг-да 0.6-0,7 а.ө., 100—120 г қорытылатын протеин, 250—280 мг каротині болатын бұршақ тұқымдастар көгінен дайындалған шөп ұны қорытылатын протеині бойынша құнарлы жемге теңелсе, каротиннің сақталуы жағынан сол дақыл пішенінен 3-4 есе асып түседі. Оны каротин, протеин мен кальций көзі ретінде мал мен құстың қысқы азығына пайдаланып, құрама жеміне қосады. Шошқа және құс құрамажеміне шартты түрде қосылатын шөп сонымен қатар жемге аумақ беріп, желінуін реттейтін жасұнықтың көзі болып табылады.

Құнарлы азықтар.

Дәнді азық. Қоректілік қуаттылығы мен құнарлылығы ең жоғары болып келетін құнды мал азығы. 1 кг дәнді азықтың (жемнің) жалпы қоректілігі сұлы дәнінің өнімдік қоректілігі 1,00 а.ө. - теңестірілгендіктен сол шамалас болады. Мал азығына жұмсалатын дәндер көмірсулық, яғни энергетикалық қоректілігі басым астық тұқымдастар дәні мен протеиндік қоректілігі басым бұршақ тұқымдастар дәніне бөлінеді.

Мал азығына жұмсалатын арпа, жүгері, бидай, сұлы, қара бидай, тары, сорго, т. б. астық тұқымдастар дәнінің құрамында, орташалап алғанда, 9— 13% протеин, 1,5-2% май (сұлы дәнінде - 5%, жүгері дәнінде - 6-8%), 2—3% жасұнық (сұлы дәнінде — 9%), 65% крахмал, 2-3% күл болады. Крахмал түріндегі көмірсулары олардың энергетикалық қуаттылығын қамтамасыз етеді. Азықтық бұршақ тұқымдастар дәнінің құрамында 23—33% протеин, 3,5 -7% жасұнық, 3% күл, кейбіреулерінде (мысалы, соя дәнінде) біршама май болады. Ауыспайтын аминқышқылдарына қаныққан протеині олардың протеиндік құнарлылығын қамтамасыз етеді. Мал азығына жұмсалатын дәннің химиялық құрамы 1-кестеде келтірілген.


1-кесте. Мал азығына жұмсалатын дәннің химиялық құрамы


Дән түрі

«Шикі»

протеин

«Шикі»

май

«Шикі»

жасұнық

АЭЗ

«Шикі»

күл

Арпа дәні

13,3

2,0

2,4

68,0

1,9

Жүгері дәні

10,4

4,1

2,2

68,7

1.6

Сүлы доні

11,0

4,7

9,8

58,2

3,4

Қара бидай дәні

10,1

2,1

4,0

68,0

2,8

Бидай дәні

13,1

2,3

2,7

67,2

1,7

Сорго дәні

П,2

2,8

3,0

67,8

2,2

Тары дәні

11,1

3,7

9,2

56,6

9,2

Тритикале дәні

15,1

2,4

2,3

65,5

1,8

Ас бұршақ дәні

22,2

1,9

5,4

54,1

2,8

Азықтық бұршақ дәні

27.3

1,6

7,7

48,2

3,2

Соя дәні

34,5

17,4

5,7

16,8

4,6

Жасымық дәні

33,4

4,8

14,3

19,0

3,7

Сиыр жоңышқа дәні

25,8

1,3

5,3

50,6

3,0

Ноғатық дәні

26,9

1,2

5,3

50,8

3,0


Стандартты ылғалдылығы 13-15% дәннің жасұнығы аз болғандықтан, дәннің органикалық заты жоғары - 70-90%-ға қорытылады. Басқа жемшөпке қарағанда дәннің күлінде кальцийден гөрі (3-3,5%) фосфоры басым (15-18%) болады. Мал азығына дайындалған жемді сақтау барысында оның қоректілігі мен биологиялық құндылығына әсер ететін біршама биохимиялық өзгерістер орын алады. Және де ол өзгерістердің өріс алуына сақтау ылғалдылығы, жылулығы мен ауа алмасуы әсер етеді.

Қышқылдығы бойынша қалыпты қышқылдысына — 2 балл, сәл қышқылданғанына - 1 балл, қатты қышқылданғанына — 0 балл;

дәмі бойынша... ұнамды, тартымдысына5 балл, тартымсызына4 балл, сәл қышқылдысына3 балл, дәмсізіне2 балл, кермек дәмдісіне1 балл.

тазалығы бойынша.. таза, тек азықтық дәндерден тұратындарына 3 балл, улы және зиянды дәндер стандарт көрсеткішінен аспайтындарына 2 балл, улы және зиянды дәндер стандарттан асқанымен оларды таза дәннен бөлуге болатындарына1 балл, улы және зиянды дәндері бөлінбейтіндеріне0 балл ;

сақталуы бойынша... жақсы сақталған құрғақ дәнге4 балл, ылғалданып өнген дәнге3 балл, қызып, зиянкестермен зақымдалған дәнге — 2 балл, қамба зиянкестерімен қатты зақымдалған дәнге1 балл, қар астында қалған дәнге 0 балл беріледі.

Осы көрсеткіштері бойынша 30—26 балл жинаған дән — өте жақсы, 25— 20 балл жинаған дән - жақсы, 19—15 балл жинаған дән — орта, 14—11 балл жинаған дән нашар болып бағаланады да, 10 балдан төмен жинаған дәнді малға жегізер алдында өңделуі қажет ететін болып, қайсыбір көрсеткіштен 0 балл алған дәнді мал азығына пайдалануға болмайды деп саналады.

Мал азығына жұмсалатын құнарлы жемнің тазалығын қадағалайды. Дәнді азықтардың құрамында көгеріп, бұзылған дәндер — 3%-дан, басқа да бөгде қосындылар — 1,5%-дан аспай, дән қышқылсыз, хош иісті болуға тиіс. Оларды малға бүтін немесе ұнтақтап жегізеді. Сұлыны жылқыға мыжып берген жөн. Жем жеуге үйретіп, сілекей шығаруын молайту үшін төлге алғашқы аптада қуырылып, ұнтақталып, қабығынан тазартылған арпа, жүгері, бидай, ас бұршақ дәнін жегізеді. Қуырған дәннің крахмалы декстринделуінен дәмі тәттіленеді. Витаминдер жетіспейтін қысқы кезеңде дәнді малға өндіріп берген пайдалы. Ол үшін жалпақ ыдысқа салынған дәнді жылы сумен жауып, жылы жарық бөлмеде өндіреді. Ұнтақталған дәнді ашытуға болады. Ашытылған дәнде протеин, витаминдер көбейеді. Жоғары ылғалдылықтағы дәнді аузы тығыз жабылған ыдыстарда салмағына 1,4— 1,5% пропион немесе сірке қышқылын қосып, 9 айға дейін сақтауға болады.

Жалпы энергетикалық қоректілігі мен қоректік құндылығы жағынан құнарлы мал азығына кебек түріндегі ұн өндірісінің қалдығы және күнжара мсн шрот түріндегі өсімдік май өндірісінің қалдықтары жатады.

Кебек. Дәнді ұнтақтап, елегенде шығарылатын дән қабығы. Елек көзіне сәйкес ірі немесе майда кебек шығарылады. Оның протеинінің аминқышқылдық құрамы өндірілген дәнінікіне сәйкес болады, ал витаминдік құнарлылығы, әсіресе негізінен дән қабығында жиналатын В тобының

витаминдері бойынша, дәндікінен асып түседі. Мал азығына жұмсалатын негізгі дәндер кебегінің химиялық құрамы 2-кестеде келтірілген.



2-кесте . Түрлі дән кебегінің құрамы, %

Кебек түрі

«Шикі»

протеин

«Шикі»

май

«Шикі»

жасұнық

АЭЗ

«Шикі

күл

Бидайдың майда кебегі

15,3

4,0

8,5

54,7

4,8

Бидайдың ірі кебегі

15,4

3,9

20,0

52,5

5,1

Қара бидай кебегі

14,6

3,0

6,0

55,0

4,0

Арпа кебегі

13,9

3,5

12,8

51,1

4,9

Жүгері кебегі

10,9

3,9

6,4

59,2

2,9

Күріш кебегі

7,1

7,0

34,0

33,5

И,8

Кебек - барлық мал түлігінің азығына пайдаланылатын, олардың ас қорытуына көмектесетін диеталық жем. Бидай кебегінің 1 кг-да 5,7 г («шикі» протеинге — 3,6%) лизин, 1,9 г (1,2%) метионин, 1,4 г (1,0%) цистин, 1,9 г (1,2%) триптофан бар. Оның 70,3 г/кг мөлшеріндегі көмірсуларының 2,4% қант, 15% крахмал, 30,7% пентозандар, 8% целлюлоза, 10,5% лигнин үлесіне тиеді. 1 кг құрғақ затында минералды элементтерден кальций - 5,7 г, фосфор - 11,2 г, марганец - 150 мг, мырыш 93 мг, мыс - 1 5 мг, кобальт - 150 мкг болса, витаминдерден тиамин - 5,4 мг, никотин қышқылы - 220 мг, пантотен қышқылы — 28 мг, холин 1450 мг мөлшерінде болады.

Бидай кебегі құс құрамажеміне жасұнық көзі ретінде (толықтырушы -наполнитель) қосылса, жаңа босанғандықтан әлсіреп, шөлдеген малға ас қорытуын қалыптастырып, суарылуы үшін жылы суға шыланып беріледі. 1 кг-да 0,72-0,74 а.ө. (8,8-8,9 МДж АЭ), 90-97 г қорытылатын протеині бар бидай кебегімен қатар малды азықтандыруда басқа да қара бидай, арпа, сұлы, тары секілді дәнді дақылдар кебегі жұмсалады.

Қоректілігі бойынша жасұнығы аз болғандықтан бидай кебегінен кейінгі орынды 1 кг-да 0,77 а.ө. (9,0 МДж АЭ), 112 г қорыт. прот. бар қара бидай кебегі алады. Бұларды төл азығына да жұмсап, басқа дән кебегін тек сақа малдарға беруге болады. 1 кг-да арпа кебегінде — 0,83 а.ө. (9,1 МДж АЭ),

110 г корытылатын протеин, жүгері кебегінде — 0,89 а.е. (9,3 МДж АЭ), 90 г қорытылатын протеин, күріш кебегінде 0,63 а.ө. (7,9 МДж АЭ), 76 г қорытылатын протеин болады.

Ұн өндірісінің азықтық қалдықтарына кебекпен қоса ұн шаңы (мучная пыль) жатады. Олардың қоректілік сапасын түсі, иісі, қышқылдығы, зиянды қосындылармен ластануы және қамба зиянкестерімен зақымдалғандығы бойынша бағалайды. Ұн шаңының түсі не боз, не ақ болуға тиіс. Қарайған ұн мал азықтандыруға жарамайды.



Кебек түсі дән түріне байланысты өзгереді. Айталық, бидай кебегінің түсі қызғылт-сарғыш болса, қара бидайдікі қоңыр не жасыл тартқан боз түсті болады. Ұн мен кебек хош, жағымды иісті, қышқылдығы 45 Тернер градусынан аспаған, дәмі тұщы болуға тиіс. Оның үлгісіндегі Новус қондырғысымен анықтаған металл қосындысы 0,8%-дан аспай, өткір қосындылары болмауға, ал зиянды қосындылары (головня мен спорынья) көлемі 0.05%-дан аспауға тиіс. Ұзақ сақталған жағымсыз және көгерген иісті қамба қоңыздарымен қатты зақымданған бал иісті ұн мен кебек мал азығына жұмсауға жарамайды.

Күнжара мен шрот. Майлы дақылдардың майын механикалық түрде престеп сығып шығарғаннан кейінгі қалдығын күнжара деп атайды. Дақыл майының шығарылуын жеңілдету үшін дәнді алдын ала 130°С дейін қатты қыздырады. Қыздырылған дәннің майының шығарылуы жеңілдегенмен жоғары температурада натурсыздануына байланысты, бір жағынан, белогының қорытылуы төмендесе, екінші жағынан, ондай күнжараның дәмі де нашарлайды. Және де қаншама қатты сыққанмен күнжара құрамында біршама (7—9%) майы қалып қояды. Ол майды қалдырмай толығырақ өндіру үшін өсімдік май өндірісінде шикізатты бензин секілді түрлі органикалық еріткіштермен өңдегеннен кейінгі қалдығын шрот деп атайды. Оның құрамындағы майдың мөлшері 2—3% -дан аспайды (3-кесте).

3-кесте. Майлы дақылдар күнжарасы мен шроттың құрамы,

'

Кебек түрі

«Шикі» протеин

«Шикі»

май

«Шикі»

жасұнық

АЭЗ

«Шикі»

күл

Күнбағыс күнжарасы

39,2

2

13,0

22,5

6,3

Күнбағыс шроты

40,5

3,1

13,7

25,5

6,4

Соя күнжарасы

38,5

7,6

4,8

30,7

5,5

Соя шроты

40,0

2,0 _

6,4

28,4

6,4

Мақта күнжарасы

37,0

8,2

11,0

37,9

5,8

Мақта шроты

38,3

2,0

13,2

26,4

7,0

Рапс күнжарасы

33,0

7,3

12,0

31,0

7,7

Зығыр күнжарасы

29.2

11,2

9,7

16,9

7,2

Зығыр шроты

33,3

1,9

22,9

20,0

6,0

Кендір күнжарасы

30,4

юд

26,6

17,9

7,7

Кендір шроты

33,1

2,1

29,7

15,5

8,6

Майы алынған шикізат қалдығы 1 кг-да 0,82-1,29 а.ө., 244-430 г қорытылатын протеині бар құнды протеинді мал азығының қосындысы ретінде жұмсалады. Оны мал азығына протеині аз сабан, сапасы нашар – пішен мен сүрлем берілгенде протеин мөлшері мен сапасын арттыратын қоспа түрінде пайдаланады. Күнжара мен шрот сүт, сары май мен сырды сапасыздандыратындықтан сауын сиыр азығына шектеп жұмсайды. Сауын сиыр басына берілетін зығыр мен күнбағыс күнжарасы мен шротының тәуліктік мөлшерін - 2-4 кг-нан, ал мақта күнжарасы мен шротының көлемін 1- 2,5 кг-нан асырмайды.

Осындай шектеумен қатар күнжара мен шрот құрамында бірқатар улы, зиянды заттар болатынын ескереді. Ол заттарды анықтау үшін ұнтақталған күнжараны жылы суда бөктіріп қойып, 13—15 минуттан кейін иіскейді.

Улы глюкозидтері көп күнжара үлгісінен қыша иісі шыға бастайды. Осыны ескеріп мал азығына жұмсарда күнжара мен шротты алдын ала зиянды алколоидтары мен глюкозидтерінен, эфир майларынан залалсыздандырады. Мұны оларды протеиндік қосынды ретінде құрамажемге қосқанда да ескереді.

Күнбағыс күнжарасы және шротымен қатар дәнінің қабығын да мал азығына жұмсауға болады. Оны протеинге, майға, витаминдерге бай қосымша азыкқ ретінде тәулігіне сауын сиырға г 2—2,5 кг, тана-торпаққа .5 -1.8 кг, бұзауға - 0,8-1 кг, қойға 1—2 кг беруге болады.

Зығыр күнжарасы мен шроты. Барлық мал түлігі жақсы жейтін бағалы протеиндік азық болып табылады. Сынықтары қатты болғандықтан, майдалау қиын болса да, зығыр күнжарасы мен шротын мал азығына құрғақ түрінде ұнтақтап пайдаланған жөн. Өйткені піспеген зығыр дәнінде линамарин атты зиянды циан-глюкзиод липаза ферментінің әсерінен ыдырап, өте улы синил қышқылына айналады. Піскен зығыр дәнінде синил қышқылын шығаратын глюкозоид қалмайды. 1 кг-да 1,02 а.ө. (11,7 МДж АЭ), 245 г қорытылатын протеині бар зығыр күнжарасы мен 0,83 а.ө. (10,6 МДж АЭ), 248 г қорытылатын протеині бар зығыр шротын мал азығына кеңінен пайдалануға болатын құнды азықтар.

Мақта күнжарасы мен шроты. Мақтаның тазартылған немесе тазартылмаған дәнінен шығарылатын құнды протеинді азық. 1 кг-да 1,11 а.е.

(11.1 МДж АЭ), 307 г қорытылатын протеині бар мақта күнжарасы мен 0,97 а.о. (10,2 МДж АЭ), 314 г қорытылатын протеині бар мақта шротын тәулігіне сиыр басына — 3—4 кг, тана басына —- 0,2-1,5 кг, қой басына 0,2 кг, жылқы басына 1—1,5 кг, шошқа басына жалпы жемінің 10% көлемінде басқа жемдермен араластырып береді. 455 г/кг мөлшеріндегі «шикі» протеинде 4,3% лизин, 1,2% метионин, 1,6% цистин, 1,4% триптофан, 1 кг-да 10,2 г Са, 10.4 г Р, 36 мг Мп , 62 мг 2п, 18 мг Си, 300 мкг Со; 4 мг тиамин, 36 мг пикотин кышкылы, 14 мг пантотен қышқылы, 2890 мг холин болады.

Мақта күнжарасы мен шротын мал азығына пайдаланғанда олардың құрамында улы госсипол глюкозидының болуын ескеру қажет. Оның улы әсері әсіресе төлге, шошқаға, жылқыға қауіпті. Госсиполмен уланған малдың ас қорытуы бұзылып, тезегі қатып немесе керісінше іші өтіп, тышқаққа ұрынады. Күнжараны госсиполдан астық тұқымдастар дәнінің ұнымен қоса кайнатып босатуға болады. Стандартты I класс мақта шротындағы бос госсипол мөлшері 0,02%-дан аспауға тиіс. Зауыттарда қажетті еріткіштер қолдану арқылы госсиполсыздандырылған мақта шротын шығарады.

Мақта күнжарасы және шротымен қатар мал азығына мақта дәнімен қауызын мүйізді ірі қара мал мен қой азығына пайдаланады. Құрамындағы госсиполы 0,01%-дан аспайтын мақта дәні мен қауызын тәулігіне сиырға - 6- 8 кг, құнажынға - 3-5 кг, танаға - 2-3 кг, бордақылаудағы мүйізді ірі қара малға — 10—12 кг, қойға 1,5-2 кг, тоқтыға 1—1,5 кг басқа азықтармен араластырып береді.

Рапс күнжарасы мен шроты. Органикалық заттары 67—70% қорытылатын протеииді қосынды. 1 кг-да 1,11 а.е. (11,1 МДж АЭ), 277 г қорытылатын протеині бар рапс күнжарасы мен 0,91 а.ө. (10,1 МДж АЭ), 318 г қорытылатын протеині бар рапс шротын құрғақ күйінде тәулігіне сиыр басына 2-2,5 кг, шошқа басына 0,5 кг беріп, торай жеміне 4-5%, мегежін

жеміне 3%, қабан жеміне 5—8% көлемінде қосады. Малға берер алдында глюкозидтерден арылту үшін ылғалды ыстық өңдеуден өткізіп, улы эрук қышқылы мен глюкозинолаттардан тазартады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет