Бидай — бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60% мөлшері бидайдан алынады. Мазмұны



бет1/6
Дата27.10.2023
өлшемі38,91 Kb.
#188804
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бидай және оның жалпы сипаттамасы
8 гео бжб 2 тоқ, 3-тоқ маниторинг, Лекциялар жинағы

Бидай және оның жалпы сипаттамасы.
Бидай — бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60% мөлшері бидайдан алынады.
Мазмұны
І. Кіріспе
1.1. Бидай және оның жалпы сипаттамасы.
ІІ. Негізгі бөлім.

ІІІ. Қорытыңды. 
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Бидай — бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60% мөлшері бидайдан алынады.
Бидайдың жиырмадан астам түрі бар. Солардың ішінде ең көп тарағамы—жұмсақ бидай. Бұл дақылдын, алуан түрлі сорттары бар және олар жер шарының барлық аймақтарында егіледі. Біздің елімізде бидай ауа райы өте қатал Якут АССР-і жерінде, мүлде қар жатпайтын Закавказ айма- ғында, Қазақстан мен Орта Азияның аса құрғақ алқаптарында және Приморьенің ылғалды аудандарында өсіріледі.
Азық-түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні — аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады.
Европадағы елдерде адамға қажетті барлық калорияның 35% бидайдан алынады. Адам организмі үшін қажетті белоктар мен углеводтардың жарымына жуығын, Ві витаминінін 70—80%, РР және Е витамииінің не дәуір белігін, минералдық тұздарды және басқа қажетті заттарды бидай өнімі береді. Бидай наны азық-түлік көзі ғана емес, сонымен қатар ерекше катализатор болып табылады. Осы пайдалану нәтижесінде ас қорыту жақсарады жете басқа қоректер де жақсы сіңеді. Бидай белогының да ерекше бағалы қасиеттері бар, оның амин қышқылдық құрамы үйлесімді ке- леді.
Қазіргі жоғары механикаландырылған және мамандандырылған ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайында бидай түсімін арттыра берудің және мол өнім алудың негізгі факторы — дақыл үшін ылғал, керек және режимінің ең қолайлы жағдайын жасаумен қатар, оның аса бағалы сорттарын өсіріп шығару болып табылады.
Адамға қажетті азық-түлік пен мал азығы және шикізат үшін қажетті өнімдер молшылығын жасауда дәнді дақылдар селекциясының маңызы зор.
Қазіргі заманғы өсімдіктер селскциясының мақсаты — әр түрлі агроэкотипке арналып шығарылған сорттарды сыртқы орта жағдайына мүмкіндігіне көбірек бейімдей түсу, яғни белгілі бір генотип пен сыртқы ортаның абиотикалық және биотикалық факторлары арасындағы үнлесімділікті барынша арттыра түсу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет