Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер



бет36/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС
Мал асылдандыру, Мал азығының түрлері
Тамыр-түйнек жемістілер. Шырынды мал азығына азықтық және қант қызылшасы, сәбіз, топинамбур (жер алмүрты), турнепс секілді тамыр жемістілер, картоп секілді түйнек жемістілер жатады. Олардың құрамында 70-90% су болып, 10-30% қүрғақ затының басым бөлігі жеңіл қорытылатын қанттар мен крахмалдан тұрады. Протеиннің жартысына жуығы белок, ал қалғанын одан тыс амидтық азотты қосындылар құрайды. Жасунығы мен липидтері аз мөлшерде болады. Тамыр-түйнек жемістілердің өнімділігі жоғары болатындығынан егіс көлемінен алынатын қоректік заттар өнімі бойынша көкшөп пен дәнді дақылдардан қалыспайды. 1 кг қүрғақ затының жалпы қоректілігі 1 азық өлшеміне шамалас келеді. Малдың төбетін ашып, сүттілігін арттыратын тәтті де жеңіл қорытылып тез сіңірілетін қүнды қысқы азығы.

Мал азығына жүмсалатын азықтық тамыр-түйнек жемістілердің химиялық құрамы 7-кестеде келтірілген.
7-кесте. Азықтық тамыртүйнек жемістілер құрамы, %

Азық түрі

Су

Протеин

Май

Жасұнық

АЭЗ

Күл

Азықтық қызылша

84,4

1,49

0,12

1,06

11,86

1,04

Қант қызылшасы


75,5

1,77

0,16

1,38

20,33

0,85

Қызыл сәбіз

84,9

1,34

0,29

1,96

10,15

1,38

Картоп

77,3

2,51

0,12

0,54

18,14

1,44


Азықтықық кызылша. Құрамындағы 7—12% құрғақ затының негізін тез еріп, жеңіл ыдырайтын қанттар және пектиндік заттар қүрайды. Жасунығы 1% аспайтындықтан, құрғақ заты өте жоғары - 85—87% қорытылады. Мүйізді ірі қара мал, жылқы, қойға азықтық қызылшаны тазартып, бүтін күйінде немесе турап береді. Шошқаларға пісіріп не буландырып берген жөн. Бірақ пісірген қызылшаны салқындатқан кезде селитрадан пайда болатын нитраттар мен нитриттерден малдың уланбауын бақылау керек. 1 кг-да 0,14 а.ө., 9,8 г қорытылатын протеин, 0,33 г Са, 0,33 г Р болатын азықтық қызылшаны тәулігіне сүтті сиырға - 20—30 кг,

жылқыға — 10-15 кг, шошқаға — 5—7 кг немесе әр 100 кг тірілей салмағына шаққанда — 4-5 кг, қойға 3—5 кг жегізуге болады.

Кант қызылшасы. Құрғақ заты азықтық қызылшанікінен жоғары - 20-25% қант қызылшасын қант өндірісімен қатар мал азығына да жұмсайды. 70% қанттан тұратын органикалық заттарының қорытылымы да жоғары — 80-85%. Қантының молдығынан мал азығының оңтайлы қант протеиндік қатынасын қалыптастыруға жұмсалады. Сонымен қатар қант қызылшасының құрамында қымыздық қышқылы мен оның тұздары, нитраттар, сапониндер жиналатынын да ескеру қажет. Сапониндердің аз мөлшері қоректік заттардың сіңімділігін арттырса, көп мөлшері организмді уландырады.

Қызылша жапырағында 2—5% көлемінде жиналатын қымыздық қышқылы көп желінсе (тәулігіне 20 кг қызылшамен), малға зиянын тигізетіндігін және де бірден көп көлемде жегізілген қызылша қанты месқарындағы ашытуды қатты үдететіндігін ескеріп, оның мал басына жегізілетін тәуліктік мөлшерін бірнеше бөліп, бір бергендегі көлемін 5- 6 кг-нан асырмай жегізеді. 1 кг қант қызылшасында 0,24 а.ө., 14 г қорытылатын протеин, 0,5 г Са, 0,5 г Р болады. Азоттық тыңайтқыштар көп қолданылған жерде өсірілген қызылшада нитраттардың да көп жиналатынын ескеру керек.



Картоп. Түйнек жемісті дақыл. Шырынды азық ретінде мал азығына пайдалануға болады. 25-30% қүрғақ затының 80% крахмалдан тұрады. 1—2% көлеміндегі картоп протеині негізінен биологиялық құндылығы жоғары туберин белогынан тұрады. Егіс көлемінің бірлігіне шаққандағы картоп өнімі протеинді дәнді дақылдармен бірдей, ал энергияны олардан екі есе артық өндіреді. Картоптың органикалық затын күйісті мал - 85- 87%, жылқы мен шошқа 90-93% қорытады. Картоп құрамында С витаминінің мол мөлшерімен қатар жөне В2 витаминдері де болады.

Тазартылған картопты малға турап шикі түрінде немесе пісіріп бүтін беруге болады. Пісірілген картоптың тез ашитындығын ескеріп малға сол арада жегізу керек. 1 кг-да 0,3 а.ө., 12-16 г қорытылатын протеин, 0,14 г Са, 0,6 г Р болатын картопты тәулігіне сауын сиырға — 10—15 кг, бордақылаудағы мүйізді ірі қара малға - 15-20 кг, жылқыға - 5-6 кг, шошқаға — 6—12 кг, қойға 1—2 кг жегізуге болады.

Картоптың өзінен немесе оған сабан, кебек қосып сүрлем дайындауға болады. Картопты мал азығына жұмсағанда оның құрамында 10 мг%, ал қабығында 60 мг% көлемінде жиналатын улы сапонин глюкозидінің әсерінен сақтандыру қажет. Сапонин әсіресе көгеріп, өнген картопта көптеп жиналады (картоптың өнген көздерінде 700 мг% дейін жетеді). Көгеріп, өнген картоптың өнген көздерін тазартып, буға бөктіріп, бөктірілген суын төгіп тастап барып малға жегізеді.

Пісірілген картоптың тез қышқылданатындығын ескеріп, 5-6 сағатта малға жегізіп тауысу керек. Шошқаға жегізілген шикі картоп қорытылуы — 80—83% болса, буға бөктірген картоптікі — 88—90%, пісірілген картоптікі 94-96% болады. Мал азығына жүмсағанда картоптың жануар майын нығыздайтын (уплотнение жиров, сала) қасиетін ескеру керек. Бұл шошқа майының тағамдық сапасын арттырады, ал сиыр сүтінен өндірілетін сары май дәмі мен консистенциясын бүзып, сапасыздандырады.



Азыктык, сәбіз. Азықтық сәбіздің сары және қызыл сорттарында 12- 13%

негізінен қанттардан тұратын құрғақ зат болады. Каротин мөлшері 60—80 мг/кг болғандықтан сәбізді қыста мал азығындағы каротин көзі ретінде жұмсайды. Осы қасиетіне байланысты ол тұқымдық малдың ұрық сапасы мен ұрықтандыру қабілетін арттыратын азық болып есептелінеді. Сақтау барысында каротині ыдырап, азаятындықтан (5—6 айда екі есеге жуық), ұзақ мерзім сақталатын сәбізді ұсақтап, химиялық қосындылармен консервілеуге болады.

Жуылып тазартылған сәбізді салмағының 5-8% көлемінде тұздап барып, 30 см сабан, 30 см шашағы мен жиналған сәбіз қабаттарын таптап сүрлемдеуге болады. Мұндай сүрлемді сиыр басына 1—3 кг жегізеді. Каротинді азық ретінде сәбізді барлық мал азығына қосуға болады. Ол сүттің, одан дайындалған майдың дәмі мен түсіне, жұмыртқа сарысының, құс ұшасы терісінің боялуына (сарғыштануына) оң ықпал етіп, олардың тауарлық түрін жақсартады. Азықтық сәбіздің қызыл сорттарының 1 кг-да 0,15 а.ө., 9 г қорытылатын протеин, 35 г қант, 0,9 г Са, 0,6 г Р болады.

Топинамбур. Химиялық құрамы мен энергетикалық куаттылығы жағынан картоп тәріздес дақыл. Топинамбурды күздік азықтық дақылдар шабылғаннан кейін сепсе, гектарына 1 кг-да 0,27 а.ө., 15 г қорытылатын протеин, 0,5 г Са, 0,4 г Р бар 600-700 ц өнім береді. Топинамбурды тәулігіне сиыр басына — 20—25 кг, қой басына 4—5 кг жегізуге болады. Топинамбур нашар сақталатындықтан қыстың басынан-ақ малға жегізіп тауысады. Болмаса оны күзде жинамай қыста жерде қар астында қалдырып көктемде қазып алады. Көгі шабылған топинамбур өскен жерге шошқа жаюға болады.

Турнепс. Тамыржемістілердің ішіндегі ең сулысы (91%) және жылдам пісетіні. Күздік дақылдарды көк конвейерге шапқан жерге өсірсе, гектарына 1 кг-да 0,1 а.ө., 6 г қорытылатын протеин, 0,5 г Са, 0,4 г Р бар 600- 900 кг тамыр өнімін береді. Турнепсті тәулігіне сиыр басына — 20—25 кг, қой басына 4-5 кг жегізуге болады. Көп мөлшерде жегізсе, оның дәмінің сүтке берілетінін ескереді. Нашар сақталатындықтан қыс басында малға жегізіп тастайды.

Барлық тамыр-түйнек жемістілер ылғалдылығы жоғары болғандықтан, сақтауға шыдамсыз, тез арада бүзылғыш келеді. Олардың бұзылғыштығы сақтауда тамыр-түйнектердің тыныстануынан орын алатын ферментациялық өзгерістермен байланысты. Сондықтан оларды сақтайтын жердің ауасының температурасы мен ылғалдылығын төмендету арқылы шикізат тыныстануын тежеуге тырысады. Бірақ турнепстің — -1°С, қызыл- ша мен сәбіздің — -1,5°С үситінін ескеріп оларды сақтау температурасын 0—2°С шамасында үстайды. Температураның +3—4°С дейін жоғарылауы тамыр-түйнектердің тыныстануы мен ылғалының булануын өсіріп, көгеріп-өнуіне, тіпті шіруіне соқтырады. Ұсақ тамыр-түйнектермен салыстырғанда сулы келетін ірі тамыр-түйнектер жылдам бұзылады. Сондықтан оларды мал азығына алдымен жұмсайды.

Қант қызылшасы мен картоп азықтық қызылша мен турнепстен ұзағырақ сақталады. Сақтауға шыдамайтын сәбізді сүрлемдеғен жөн. Сақталу мерзімін ұзарту үшін тамыр-түйнек жемістілерді жинағанда ұрылып, соғылмауын, зақымдалмауын, үсікке шалынбауын қадағалайды. Зақымдалып, үсік шалған тамыр-түйнек жемістілер тез арада бұзылып, ұзақ сақтауға шыдамайды. Оларды сақтау үшін сүрлемге салады. Жиналған тамыр-түйнек жемістілерді орлар, апандарда (траншеяларда) құрғақ топырақпен көміп немесе арнайы салынған ішкі ауасы, ылғалдылығы мен температурасын белгілі деңгейде ұстайтын қамбарларда сақтайды.

Дұрыс сақталмай, бұзылған тамыр-түйнек жемістілерді мал азығына қолдануға болмайды. Олар малдың ас қорыту барысын бұзып, сиыр сүтінің дәмін кермектендіріп, қойлардың ішектерін ісіндіреді. Бұзылған тамыр-түйнек жемістілерді мұқият тазартып, бумен өндеп барып малға жегізуге болады. Тамыр-түйнек жемістілерді ұзақ мерзім сақтау үшін арнайы қондырғыларды кептіруге болады, бірақ бұл оларды дайындаудың өзіндік құнын көп өсіріп жібереді. Өйткені онсыз да 1 азық өлшемін өндіруге көк азықпен салыстырғанда 5-7 есе, құнарлы азықпен салыстырғанда - 2,5—3 есе шығын көп жүмсалатын тамыр-түйнектерді мал азығына дайындауды мейлінше механикаландырып, қолмен өңцеу жұмыс- тарын азайтып, арзандатуды көздеу қажет.



Сактаудағы тамыр-түйнектердің сапасын бағалау. Картопты қарапайым органолептикалық тәсілмен бағалау үшін 100 түйнегін алып, сыртқы түріне, түсіне қарайды. Қажетті жағдайда қабығын аршып, тазалығын бақылайды. Жақсы сақталған, сапалы картоптың сынған ортасы таза, үнға үқсас болады. Орташа сапалы картоптың иісі шығып, бөлінген жері суланып, қарайып түрады. Қатты суланып, иістенген, қарайған, шіри бастаған нашар сапалы картопты малға жегізуге болмайды.

Түрлі ауруларға шалдыққан түйнектердің пайызын есептейді. У3 бөлігі шіри бастаған картопты қайнатып, пісіріп барып малға жегізеді, 2/3 бөлігі шіри бастаған картопты мал азығына пайдалануға болмайды. Таза тамыр-түйнектілерді малға бүтін, бөлшектеп, кесіп, булап сүрлеп беруге болады. Азықтық асқабақ пен қарбызды малға турап береді. Қызылшаны жапырағымен беруге болады.

Қызылша сапасын алдымен ондағы нитритгер көлемінен байқайды. Жиналған нитриттерін анықтау үшін қызылшаның әр жерінен алынған 10-15 г үлгісін шыны ыдысқа салып 50 мл суда 15 минут қайнатып бір қабат сорғыш қағаздан өткізеді. Нитраттар көп болса кристалдар маңайы — көк, аз болса қызғылт түске боялады. Тамыр-түйнек жемістілер сапасын бағалау әдістері пен практикумында берілген.

Баска шырынды азықтар. Тамыр-түйнек жемістілерден басқа шырынды азықтарға азықтық асқабақ, азықтық қарбыз, азықтық өңгелек (кабачки) пен азықтық қырыққабат (капуста) жатады.

Азықтық асқабақ. Құрамында каротині мол (сары сорттарында - 40— 70 мг/кг), 8% құрғақ затының жартысынан астамы малға жағымды да жүғымды азотсыз экстрактивті заттардан тұратын шырынды азық. Органикалық заты 70-75% қорытылады. Малға шикі түрінде турап жеке немесе басқа азықтармен араластырып береді. 1 кг-да 0,14 а.ө., 10 г қорытылатын протеин болатын асқабақты тәулігіне сиырға — 8—10 кг, тана-торпаққа 5-6 кг жегізуге болады. Сиырға 12 кг-нан астам жегізілген асқабақ сүт дөміне шығады. Шошқа мен құсқа өсіресе каротинге бай асқабақтың сары сорттары пайдалы. Асқабақты олардың азығына арнайы салынатын құрама сүрлемнің көмірсулық жөне витаминдік қоректілігін жоғарылату үшін шартты түрде қосады. Басқа құрғақ жемшөптің (сабанның) 1 бөлігіне асқабақтың 2—3 бөлігін қосып сүрлемдейді.

Азықтық қырыққабат (капуста). Құрамында 50—70 мг/кг каротин және 5 мг/кг В2 витамині, С витамині болатын шырынды азық.

Тамыр-түйнек жемістілер бастаған осы шырынды азықтарға химиялық құрамы және қоректілігі жағынан бақшалық өнімдер (шырынды жемістер) жақын. Олардан мал азығына азықтық қарбыз, өңгелектер жұмсалады.

Азыктық қарбыз. Азықтық қарбыз құрамындағы 5—8% құрғақ заты 0,9—1,2% протеиннен, 0,2-0,7% майдан, 1,6-2,2% жасұнықтан, 3,3-4,2% азотсыз экстрактивті заттардан, 0,4—0,6% күлден тұрады. Органикалық заты 70-80% қорытылады. 1 кг-да 0,09 а.ө., 6 г қорытылатын протеин болатын азықтық қарбызды мүйізді ірі қара мал азығына күзде ұсақтап басқа азықтармен араластырылып береді. Құрамында жеңіл еритін қанттар көп болғандықтан, құрама сүрлем дайындауға пайдаланылады.

Азықтық әңгелек. Әңгелектер қарбызға қарағанда тез өседі. Құрамындағы 7-8% құрғақ затының 1—1,2% протеиннен, 0,1% майдан, 1,6% жасұнықтан, 4,3% азотсыз экстрактивті заттардан, 0,6% күлден түрады. 1 кг-да 0,07 а.ө., 6 г қорытылатын протеин болатын әңгелектер ерте пісетіндіктен, мүйізді ірі қара малға жаздың екінші жартысында жаңа пісіп, қабығы қатаймаған кезде жегізеді.

Дәріс № 11. Микробиологиялық синтездеу арқылы алынған азықтық заттар.


Дәріс жоспары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет