Егер түйсік сыртқы дүние заттары құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады


Қабылдау саласындагы айырмашылықтар, оларды қалыптастыру жолдары



бет6/6
Дата22.06.2020
өлшемі27,92 Kb.
#74295
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Егер түйсік сыртқы дүние заттары құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса

Қабылдау саласындагы айырмашылықтар, оларды қалыптастыру жолдары

Адамдардың барлығы біркелкі қабылдай бермейді. Мүнда топ адамға тән типтік өзгешеліктер де болады. Кейбір адамдар қабыл-дау кезінде заттың өзіне, жеке түрқына, сырт көрінісіне көңіл ауда-руға бейім болады, олар көргенін баяндауды ғана мақсат етеді. Енді біреулер сол заттың мән-мағынасына кез жібереді, қабылда-ғанын жан-жақты түсіндіріп беруді қажетсінеді. Осы айтылғанға орай бірінші топтағы адамдарды қабылдаудың баяндаушы типіне, ал екіншілерін түсіндіруші типке жатқызуға болады.

Қабылдау саласында адамдар объективтік және субъективтік типтер болып та бөлінеді. Бірінші типтің өкілдері заттар мен қүбы-лыстарды дәл, айқын, ешбір қоспасыз, сол қалпында қабылдай-ды, өз жанынан еш нәрсе қоспайды. Ал субъективтік типтегі адам-дардың қабылдауында долбарлау, қиялдап жаңа образдар қосу жағы басым болады. Мүндайда қабылданатын затган гөрі адамның сезім күйлері (үміт, үрей, елжіреу, алдану т. б.) ерекше әсер ететін бо-лады. Субъективтік типті кейде қабылдаудың эмоциялық типі деп те атайды.

Қабылдау синпгездік (сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарын үнемі түтастай қабылдап, бірақ оның үсақ-түйегіне жөнді мән бермейтіндер), анализдік (мүндайлар керісінше заттардың үсақ-түйектерінен шыға алмағандықтан, оны түтастай қабылдауға шо-рқақ болады) типтер де кездеседі. Халық осылардың біріншісін «көрмес түйені де көрмес» десе, екіншісін «Түймедейді түйедей» ететіндер дейді. Қабылдаудың өмірге өте икемді типі анализдік-синтездік тип. Қабылдау саласындағы типтік ерекшеліктер бүл айтылғандармен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, бүлардың қай-қай-сысы да түрақты, өзгермейтіні қажет емес. Түрмыс, дағды-әдет, іс-әрекеттің мақсаты мен мазмүны, адамның жас және дара ерек-шеліктері т. б. белгілі жағдайларда қабылдау саласындағы типтік ерекшеліктерді өзгеріске түсіріп отырады.

Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің дамуымен бірге жүріп отырады. Қабылдаудың дамуында тілдің шы-ғуының маңызы зор. Өйткені қабылдаған нәрсенің аты-жөнін атап отыру — оның мағынасын үғынуға жөрдем етеді. Мағынасын үғыну арқылы ғана затты жақсы қабылдауға болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың өмір тәжірибесі аз. Сон-дықтан, олар заттарды көбінесе үстірт қабылдайды. Мәселен, терт-бес жастағы бөбектер кеңістік пен уақытты, алыстық пен қашық-тықты нашар ажыратады. Екі-үш жастағылардың кейде аспандағы ай мен күнді әпер деп шешесіне маза бермейтіндігі де көпшілікке мәлім. Бала ең алдымен өзінің қолы жететін, жақын жердегі кеңістікті таниды.

Уақытты дүрыс қабылдау да балаларға қиын. Бөбектер күн мен түнді, жылдың төрт маусымын бір сыдырғы ажыратқанымен, бүгін мен ертеңді, кешегі мен бүрсігүнді бір-бірімен шатастырып отырады. Олардың үзақ мерзімді, келер шақ пен өткен шақты қабылдауы да өте мардымсыз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне байланысты және эмоциялық бояуларға бай болып келеді. Мәселен, олардың қозғалмалы, бояулы заттарға тез зер салғыш келетіні, қанық бояулы нәрселерге ерекше қүмартатыны да осыдан. Төменгі сыныптарда оқитын балалардың қабылдауында мына төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар өлде де болса қүбылыстарды түтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Бала заттың көлденеңнен кезіккен жеке қасиеттері мен белгілерін ғана көреді, затгарды талдай қабылдау жағы да жетпей жатады. Мәселен, ол заттың өзіне үнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға үмтылады. Мүндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Егер объектіні қабылдау қиынға соқса, бала оған қынжылмайды, екіншісіне ауысады, қабылдаған затының жеке бөліктерін тізбекгей алғанмен, бірақ онда жүйе болмайды. Мәселен, оқушы кебелектің қүрылысын айтқан кезде: «Көбелектің қанаты ақ. Қанатында дөңгелек қара нүкте бар. Көбелектің мүрты, көзі, қүйрықшасы болады» деп жай тізбектейді де, оның негізгі ерекшеліктерін (түрі, түсі т. б.) айтуды естен шығарады. Кейде бала нәрсенің жеке жақтарын қабылдайды да, оның түтас зат екенін үмытады. Мәселен, оқушы кружканың суретін салғанда, түтқасын шамадан тыс үлкейтіп жібереді, ал үйдің суретін салғанда есік, терезесі еденінен төбесіне дейінгі жерді алып жатады.

Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы осындай қателері азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала өр заттың өзіндік белгісін үққысы келеді, оның меніне, ішкі, сыртқы қүрылысына, жасалу принципіне зер сала бастайды. Енді затты жан-жағынан байқап көргісі келеді. Заттарды дүрыс қабыл-дай алу, мөніне түсіну барлық пәндер бойынша бірдей болмайды. Мәселен, күнбе-күн өтілетін арифметика, ана тілі сабақтарына қарағанда сирек болатын ән-күй, сурет сабақтарынан бала қабыл-дауының даму дәрежесі әлдеқайда баяу болады.

Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу кабілетінің көрінуімен үштасады. Байқаудың карапайым элементі бірінші сынып окушыларында да бар. Мәселен, «коңыздың мүртшасы, көзі, табаны, аяғы бар» деп баланың тізбектеуі — оның байқай алатындығының белгісі. Байқау — белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі. Ал екінші сынып оқушыларында селсок. қабылдаудан белсенді қабылдауға көшу, үксас заттарды іздестіру, дәлелдеме келтіру біршама жетіле түседі. Мүғалім баланың белсенді қабылдауының дами түсуіне дүрыс басшылық беруі тиіс. Мәселен, оқушыларға объектілерді бірден сомдап бермей, бөлшектеп берсе, олар байқау тапсырма-сын онша қиналмай орындайтын болады. Үшінші, төртінші сы-нып оқушылары объектінің түсіне, түріне, үлкен-кішілігіне де назар аудара алады, байқаудың мақсатын түсінеді, нәтижесін сөз арқылы түжырымдап, бірнеше объектілерді қатарынан байқай алуға шамасы келеді, объектілердің бір-бірімен байланысын түсінуді ойлайды. Осы жастағы баланың байқауы да кдбылдауы сияқты эмоциясы-мен, қызығуларымен қосарлана жүреді. Байқаудың белсенді жүріп отыруына сезім мен қызығу жақсы әсер етеді. Сондықтан да мүғалім байқау кезінде оқушылардың әрқайсысының белсенділігін қадағалап отырғаны абзал. Өйткені бала объектілерді қарауға селсоқ кірісетін болса, байқау дәрежесі өте төмен болады.

Мектепте жүретін барлық сабақтардың бала қабылдауын дамы-тудағы ерекше рөлін ескере келіп, өрбір мүғалім мына төмендегі шарттарды орындап отыруы тиіс:

1) Көрнекті қүралдарды (модельдер, суретгер, коллекциялар) пайдалануда балалардың жас ерекшелігін мүқият ескеру жөн.

2) Оқушы байқаудың, қабылдаудың мақсатын айқын үғынып, қабылданатын заттар мен қүбылыстардың мәнісіне қалай да түсінгені мақүл. Мәселен, бала әдебиеттегі көркем шығарманы қабылдағанда оның мазмүнымен бірге басты кейіпкердің мінез-қүлқына, мазмүндаудың тәртібін түсіне білмейінше, оны мағыналы түрде қабылдай алмайды.

3) Қабылданатын заттар мен қүбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бүрынғы білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға, әр-түрлі объекгілердің жеке жақтары мен үқсастықтарын ажыратуға көзделген басты мақсат пен жеке мәселелерді түсініп, айыра алуына қатты зер салу қажет.

4) Оқушылардың сабаққа белсенділігін артгыруда оқу матери-алының түрі, көлемі, ауыр-қиындығы еске алынып, бүларды қабыл-дауының сапалы болуы мүғалімнің дүрыс нүсқау бере білуіне де байланысты. Мәселен, сурет көрмесін көрген оқушыларға кейін ондағы нәрселерді қайтадан айтып беру міндеті койылмаса, сол нәрседен санасында бүддыр елес қана қалатын болады.

5) Оқушылардың байқағыштық қасиетін тәрбиелеу үнемі есте болғаны жөн. Қабылдау мен бақылаудың дәлдігін төрбиелегенде баланың ауызша сөзіндегі немесе жазғандағы қателерін өзіне түзетгірш, оны қайтадан дүрыс қабылдап үйренуге әдетгендіру қажет.



Әдебиет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет