Ежелгі дәуірдегі саяси інімнің дамуы



Дата01.04.2022
өлшемі26,63 Kb.
#137568
Байланысты:
Саясаттану Шоқан


Ежелгі дәуірдегі саяси інімнің дамуы


  1. Қазақ ағартушысы Ш. Уәлихановтың саяси ойлары

Қазақстандағы XIX ғ. қоғамдық-саяси, философиялық жəне ағартушылық ой-пікірінің бірінші өкілі Ш. Уəлиханов (1835–1865) өз дəуірінің белгілі ғалымы, ағартушы-демократы болды. Шоқан Уəлиханов Қазақстандағы ағартушылық ойдың басында тұрды. Ол бірінші болып ХІХ ғасырдың ортасындағы қазақ қауымның дамуына сəйкес ағартудың саяси, философиялық жəне социологиялық принциптерін негіздеді.
Оны қазақ ағартушылық идеологиясының негізін салушы деп санауға болады. Отандық ғалым Мұрат Өрленбайұлы Насимовтың айтуынша: «Қазақ ойшылы, этнографы, тарихшысы, географы, ғұлама ғалымы жəне ағартушысы Шоқан Уəлихановтың ғылыми еңбектері мен қоғамдық көзқарастары бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпайды. Оның «Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка», «Жоңғария очерктері» атты мақалалары халқымыздың қалыптасуы мен дамуы туралы баяндайды»
[Шоқанның ағартушылық көзқарастары бай мазмұнға толы. Ол қазақтардың кедейлік тұрмысының жəне саяси белсенділігінің төмендігінің себебі ретінде надандықты санады. Осыдан ол ағартуды аса жоғары бағалаған. Оның пікірінше, білімді адамдар кедейшілікпен нəтижелі түрде күресе алады. Халықтың дамуы үшін ең бірінші бостандық пен білімді қажет еткен ойшыл, патшалық биліктің қазақ даласына ғылымды жəне мəдениетті жібермеу саясатына қарсы тұрды. Бұл мəселеге байланысты қазіргі ғылыми зерттеулерде кездесетін мына пікірмен келісуге болады: «Қазақ ойшылы өзінің «білімсіз, мəдениетсіз, тұрлаусыз» халқының ауыр жағдайына күйзеліп, отарлық езгі мен ұлттық тепкінің астында жүрген елінің күреске шығуға мүмкіндігінің мүлдем жоқ екенін ашына жазады» [5]. Дегенмен, ағартушы осындай отарлық езгіден этникалық ерекшеліктерінің эволюциялық даму жолында өз сапалық түрлерін сақтап қалуға тырысқан, қазақ халқы ешуақытта басқа өркениеттік ұлттардың жетістіктерінен аулақ болған жоқ деп есептейді. Тіпті, оның айтуынша, қазақ халқының дамуы мен өркениеттік мəдениетке жақындаудың бір жолы — ол жалпы азаматтық ағартушылыққа қол жеткізу болып табылады. Осы айтылған ойларымызды растауда Шоқанның мына сөздерін еске алуға болады: «Біздің тұжырымымыз еуропалық, əрісі жалпы адам баласына тəн ғылым-білім бұлағының нəр алуда, сол мақсатқа жету жолындағы бөгеттермен батыл күресу. Бұл дамуға, мəдениетті өрістетуге қабілеті қандай да болмасын халықтың түпкі мақсаты болу керек. Ал қазақтың еуропалық қайта туындау идеясын қабылтайтын қабілеттілігін арттыру үшін оған алдын ала білім беру арқылы ой қабілеттілігімен жүйке жүйесін жетілдіру керек»
Ойшылдың ағартушылық дүниетанымының мазмұны оның қазақ ауылдарда діни мектептердің ашылуына қарсы болғанынан да көрініс табады. Керісінше, ол орыс мектептердің ашылуы тиісті деп есептеген. Себебі ол жаңашылдықтың жақтасы бола тұрып, өз елінде білім мен ғылымның таралуын шын ниетімен қалады. Шоқан ресей мен еуропалық ғылым жəне адамгершілік жүйесіне негізделген тиянақты халықтық тəрбиені қалыптастыруға шықырды. Оның көмегімен қазақтардың дəуірлік артта қалушылықты жою мүмкіндігіне жəне дамыған елдердің қатарына қосылуына жол ашылады деп санайды атақты ойшыл.
Сонымен қатар Шоқан өзінің ғылыми еңбектерінде қоғамның экономикалық проблемаларын да қарастырғаны белгілі. Олардың астарында да терең ағартушылық мəн бар десек, қателеспейміз. Мысалы, ол аймақта өндіріс күштердің дамуына кедергі жасайтын бұрынғы керітартпа дəстүрлерді жою қажет деп есептеген. Соның бірі – барымта болып табылады деген ойшыл. Егер осындай дəстүрлер экономикаға кері ықпал етсе, оларды ұстанбауға шақырған.
Ойшыл қазақ шаруаларын қанауға өте қарсы болды. Өзінің сот реформалары жөніндегі жазбаларында отаршыл əкімшіліктің тонаушы саясатын атап көрсеткен. Əсіресе шенеуніктердің тұрғылықты халықты заңсыз тонап жатқанын ашына көрсеткен. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан жəне кедейшіліктен құтқару үшін билеушілердің саяси үстемдігін шектеп жəне де халықтың демократиялық құқықтарын кеңейту қажет. Осы жерде халықтың сол құқықтарды пайдалана алуына назар аударған. Сол үшін халықтың білім алу мəселесін шешу қажет деп тұжырымдайды ойшыл.
Ағартушы көзқарастарының прогрессивтік-демократиялық сипатын жəне жергілікті əкімшіліктің қызметі жөніндегі ойларын оның көзқарастары толық түрде баяндайды. Бұл жерде ол тиімді сайлау элементтерін енгізуді ұсынғаны туралы айтып кету қажет. Мысалы, Орынбор басшылығының артықшылығы мен кемшілігін байқауында, ойшыл оның кемшілігін келесі тұжырымдама арқылы түсіндіреді: «Орынбор дала басқармасының негізгі көпшілігі, орда шенеуніктерін халықтың сайлауымен емес, шекара бастықтарының қалауымен сайлауында» [6; 96]. Оның ойынша, сайлау принциптерін дұрыс қолдану, билікке таңдаулы адамдарды əкелуі тиіс.
Шоқанның ағартушылық көзқарастарының тағы бір саяси сипаты қоғамдық өмірді реформалаумен тығыз байланысты болды. Оның пікірінше, қоғамның білімді мүшелері қандай да болмасын реформаларға қол жеткізіп сол арқылы халықты қоғамдық прогреске жетелеуге тиісті. Осы жерде ол реформаларды қалай дайындау жəне өткізу керек деген қызықты ойлар ұсынады. Бұл ойлар қазіргі өзгерістер заманында өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ойшыл реформаларға тарихи жағдайларды ескере отырып, ғылыми бағытпен қарау керек деген. «Қоғамдық мəселеде халық реформасынан аса қажет мəселе жоқ» — деп жазып, ол халықтың мұқтаждығына тікелей қатысты экономикалық жəне əлеуметтік реформаларға аса назар аударады. Себебі, ағартушының ойы бойынша прогресс бүкіл адам баласының түпкі мақсаты, яғни материалдық əл-ауқатын жақсартумен тығыз байланысты. Осыған орай ойшыл: «Қоғамдық тұрмыс мұқтаждығын жақсартуға бағытталған қандай да болмасын реформа қоғамның мұқтажы мен қаражаты белгілі болғанда ғана кездейсоқтыққа ұшырмай, діттеген мақсатына жете алады», — деген ой білдірген
Ұлы ғалым-ағартушы басқару саласын қайта құру мəселесіне көңіл бөлуде, реформалар барысында билеу округтерінде халыққа жақынырақ өзіндік басқару жүйесі пайда болады деген. Ағартушының ойынша, адамның тұрмысын жақсартуға бағытталған реформалар табысты болып, ал оған зиян келтіретін реформалар мақсатқа жетуге кедергі жасайды. Сондықтан Шоқан осы мақсатқа сəйкес келмейтін реформаларды жоққа шығарған. Реформалар қоғамдық өмірдің экономикалық жəне əлеуметтік жақтарын қозғауы тиіс, себебі олар «халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа» болып табылады. Ал, саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде болады.
Ойшыл мəжбүрлі реформаларға түбегейлі қарсы болған. Күшпен жүргізілген реформалар адамзатқа үлкен қасіреттер əкеледі деп тұжырымдайды. Ол ондай əдістерге қазақ даласында жол беруге болмайтыны туралы айтады. Сондай-ақ «жалған теорияларға негізделген жəне басқа халықтың өмірінен алынған» реформалар да қасірет əкелуі мүмкін. Солардың қатарына ол дайындалып жатқан сот реформасын жатқызады. Үкіметтегі шенеуніктердің реформа туралы пікірді халықтан емес, ақсүйектерден сұрауын қате деп санайды. Оның айтуынша, реформаторлар мен заң шығарушылар өз қызметтерінде қоғамдық пайданы ескерулері тиіс. Осы ойларды əрі қарай дамыта келе, Шоқан жалпы саяси басқару, билік жүргізу, əрқашан «қоғамдық организм жан-жақты дами алатын мызғымас прогресс заңына негізделіп», іс жүзінде асырылуы тиісті деп тұжырымдайды ғалым
Шоқанның ойларында қоғамның өзгерістерге деген қажеттілігі қоғамдық даму жəне халықтың өмір сүру деңгейіне байланысты екені көрсетіледі. Бұл жерде дифференцияланған бағыт қажет деп санайды ойшыл. Сонымен бірге ағартушы халықтың өмір принциптерінің сақталуына көп көңіл бөлген. Оның ойынша, көп ғасырлық дəстүрлер жəне халық тапқырлығы көшпелі қоғамның əлеуметтік-саяси жəне адамгершілік бастауларының негізі болып табылады. Осыдан ұлттық, тарихи, мəдени дəстүрлерді жəне көшпелі тұрмыстың ерекшеліктерін жан-жақты ескеру қажет деп санайды ойшыл. Ол қоғамдық дамудың төменгі сатыларының саяси құрылымының жетістігі ретінде гуманизм идеясы болуы тиіс деп санады жəне адамгершілік мəселесіне зор көңіл бөледі. Ол үстем таптың адамгершілік принциптерін сынға алып, қарапайым халық пен бай адамдардың мүдделері сəйкес келмейтінін атап көрсеткен. Жалпы алғанда, ойшыл қазақтарды бейбітшіл, дарынды халық екеніне шүбə келтірмей, олардың прогреске жету жолдарын қарастыруға тырысқан жəне осыдан өз халқының айқын болашағының кепілін көрген.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет