Семинар Тақырыбы: ХХ ғ. Басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес



бет1/6
Дата24.02.2023
өлшемі33,1 Kb.
#169991
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 семинар
Емтихан сурактары Терминология каз, Винилацетат, Дш 36 сабақ,

Бакытжанова Аяулым Бакытжанқызы
6BO1701 – қазақ тілі мен әдебиеті
1 курс , 103 топ
2-семинар
Тақырыбы:ХХ ғ. Басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес
Негізгі сұрақтар:
1 сұрақ
Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы
Жауабы : Қазақ зиялылары сол кезеңдегі басты мәселерді көтере отырып, ұлт санасын ояту үшін , өз қызметтерін де ысыра қоя , қалың қазақ елін өз соңдарынан ілестіре алды .Біз білетіндей , қазақ жерін отарлаушылар қазақ елінің ұлан байтақ кең жеріне және ондағы табиғи байлықтарына көз тігіп қана қоймай , қарапайым халықтың сағын сындырып , рухани жағынан әлсізденуі үшін де шараларды пайдаланды.Ашынған қазақтардың шер-мұңын алға батылдықпен шығып айта алған бірден бір жан – Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің, елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді; «Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық… Оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек емес нәрселерге жұмсалады… Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға, біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселесіне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды»
Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі петициялардың Қарқаралы петициясы болған еді.1905 жылы маусымында Қарқаралы қаласына жақын орналасқан Ботов жәрмеңкесінде император Николайға қазақ халқының атынан петиция ұйымтастырылғаны белгілі.Оған Қарқаралы уезінен 42 қазақ халық арасынан қол қойған.Кейіннен оған басқа да облыстардан қазақтар қосылып жатты.Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді.Ол жерден 1905 жылы 22 шілде күні патшаның өз атына жолданған еді.Ал петицияны жазуға белгілі қайраткерлер соның ішінде Ә.Бөкейханов , А.Байтұрсынов , Ж.Ақбаев , Т.Нүрекенов т.б атсалысқан болатын.
Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау , азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту , шенеуніктерді қысқарту,жоғары билік органдары сияқты талаптары болды.Қарқаралы петициясында мынадай талаптарға қол қойылды:
халықтың құқығы мен аяқасты етуге жол бермеу
патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу
халықтың ана тілінде білім алуын жете ұйымдастыру
қоныстандыру саясатын түбегейлі тоқтату
тартып алынған жерлерді қайтару


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет