Ежелгі әлем өркениеті Ежелгі Египет өркениеті Ежелгі Месопотамия өркениеті



бет4/7
Дата26.12.2021
өлшемі34,09 Kb.
#105949
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 тапсырма
Горманизация Сапақ Ақерке, Горманизация Сапақ Ақерке, 5-сабак «Қараой», МФНСУРОВ НAНО негіздері
Ежелгі Қыта өркениеті.Б.з.б. 6 – 3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және техникалық ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғылыми- техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, тағы басқа). Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған.Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 жылы жазылған. Б.з.б. 138 – 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және «Ұлы Жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты.Сун дәуірінде (960 – 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап – «Нэйцзин» Қытай медицинасының дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш «фармакология» кітабы Қытайда жазылды.Инемен емдеу әдісі Қытай медецина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. Қытай дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғасырда Қытайда оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 – 5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс – Қытай қорғаны. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.).Кітап шығару тарихы Қытайда 5 – 6 ғасырларға саяды. Қытайда кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет