Ежелгі грек философиясы: Милет мектебі, Гераклит пен Демокриттің философиясы



бет4/7
Дата27.02.2022
өлшемі45,85 Kb.
#133611
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ежелгі грек философиясы реферат
Дарынды баламен мұғалімнің өзара әрекет етуіндегі өте тиімді бір әдіс
Милет мектебі
Милет мектебі – ежелгі Грекиядағы көне философиялық мектеп (б.з.б 6 ғасыр). Негізгі өкілдері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр. Ионий аймағындағы (Кіші Азияның батыс жағалауы) Милет қаласының атымен аталған. Милет мектебі ежелгі грек философиясының негізін қалады. Милет философтары құбылыстың мәніне байсалдылықпен қарап, барлық заттар біртұтас алғашқы негізден пайда болған, әр алуан құбылыстардың ар жағында онан өзгеше заттардың мәні (“алғашқы негіз”) бар деп білді. Милет мектебі өкілдері көңіл аударған басты мәселе – әлемнің негізін іздеу. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған. Тіпті жердің өзі су бетінде қалқып жүрген дөңгелек. Анаксимандр дүниенің негізі – су немесе басқа бір зат емес, белгісіз, байыпталмайтын бастама – апейрон деп білді. Дүние пайда болып, жойылып жатады, ал мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын тек апейрон ғана. Ол әлемнің түрлері көп болатыны болжады. Анаксимен дүниенің негізі ауа деп есептеді. Оның көзқарасы бойынша, ауаның қоюлануы мен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болған. Милет мектебі кейінгі грек ойшылдарының дүниетанымдық көзқарастарына зор ықпал етіп, ежелгі Грекияда философтар ойдың әрі қарай дамуына елеулі әсер етті.
Милет мектебінің өкілдері
Милет қаласы сауланың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой – өрісі мен ғылыми ынта – талабының жан – жақты өрістеуіне жағдай жасады. Олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.
Фалес
Фалес (б.д.д. 624 – 547 ж.ж) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585 – 584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын – ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай – ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирмиданың биіктігін анықтайды. Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялық – материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал. Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамасы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.
Анаксимандр
Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610 – 546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы Табиғат туралы атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – архе (негіз) ұғымын енгізді, дүниенің негізі – апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама – қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортасында тұр. Жер төңірегеінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері – жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам – балықтан пайда болған.
Анаксимен
Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) – ежелгі грек материалист – философы, стихиялы – диалектик, Анаксимандрдың шәкірті. Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материядан – ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қолғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп – отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз заттардың өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар – от, бірақ оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған алып аспан денесі деп үйретті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет