Ежелгі грек философиясы: Милет мектебі, Гераклит пен Демокриттің философиясы



бет7/7
Дата27.02.2022
өлшемі45,85 Kb.
#133611
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ежелгі грек философиясы реферат
Дарынды баламен мұғалімнің өзара әрекет етуіндегі өте тиімді бір әдіс
Қорытынды
Ерте замандағы грек философиясының тарихына талдау жасай отырып, сондағы байқағанымыз, философиялық проблемалар әрбір дәуірдің айнасы сияқты, сол заманның саяси, әлеуметтік, экономикалық қатынастарымен тығыз байланысты болып шықты. Айталық, құлдық қоғамда жаңа экономикалық және саяси қарым-қатынастардың өркендеуі қарапайым түрде болса да ілімдер мен білімдердің пайда болып, ары қарай дамуына жол ашты.
Сондықтан философиялық ойлар да ғылымның, әсіресе, жаратылыстану саласының қауырт дамуына байланысты жаңа сатыға көтеріліп, натурфилософиялық дәуірді дүниеге әкелді. Көне грек философиясының бұл дәуірінде Демокрит сияқты ғалымдар дүниеге келді. Бұлар ғылыми Көне грек философиясының аса бір дамығын дәуірі – құлдық демократиялық қоғамның құлдырап, идеология саласында күрестің басталған уақыты. Міне, осы кезде философияда бір-біріне қарама-қарсы екі ағымның арасы бұрыныдан да ашыла түсіп, олардың күресі саяси-әлеуметтік мазмұнға ие болды. Көне
замандағы философтардың, әсіресе грек ойшылдарының негізгі мақсаты ұдайы күрес, пікір тартысы, идеологиялық тұжырымдарды қарсыластарына қарсы жұмсап, қалайда жеңіске жетуді көздеу емес. Керісінше, әрбір дәуір тудырған экономикалық, саяси-әлеуметтік қайшылықтарды жете түсініп, дұрыс шешу оңайға соққан жоқ.
Сонымен, қорыта келгенде түйіндеген ойымыз – көне грек философиясы адамның мәнін түсінуге үлкен қадам жасады. Ал одан кейінгі дәуір – ортағасырға тікелей назар аударып, оны ендігі жерде ғарышпен, табиғатпен, заттармен шатастырмай, оны құдайдың сүйген құлы, тірі жан деп есептеді. Сөйтіп, жаңа дәуірде адамды сезімдік материалдық зат деп қараудан арыла бастады. Бірақ адамды затпен, табиғатпен, ғарышпен шатастырған теріс көзқарастан толық арылуға әлі де көп уақыт бар еді. Ол үшін алдағы сан ғасырларды бастан кешіру керек болды.

Қолданылған әдебиеттер:


https://psychoexpert.ru/referat/demokrit-d-baza-d-bsha/
https://stud.kz/referat/show/57830
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D0%B3%D1%96_%D0%93%D1%80%D0%B5%D0%BA_%D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет