«Әке -асқар тау» әкелерге арналған тренинг Мақсаты



бет1/2
Дата21.05.2024
өлшемі20,42 Kb.
#202665
  1   2
Байланысты:
Әке асқар тау



«Әке -асқар тау» әкелерге арналған тренинг
Мақсаты: Отбасындағы тәрбиеде әке рөлі маңызды екенін көрсете білу, әке мен бала қарым-қатынасын қолдау, ұлттық құндылықтарды бала бойында қалыптастыру.
Міндеттері:

  • Отбасындағы тәрбиеде әке рөлін арттыру;

  • Ұлттық құндылықтарды дәріптеу;

  • Әкенің іс-әрекеті арқылы отбасының беделін көтеру;

  • Отбасылық құндылықтарды сақтау;

  • Әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру;



Өзектілігі:

  • Оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату,әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау,баланың тұлға ретінде патриоттық көзқарас қалыптастыру;

  • Ата-аналардың оқу процесіне және бала тәрбиесіне белсенділік танытпауы;

  • Ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауда ұрпақтар сабақтастығының әлсіреуі.

Күтілетін нәтиже:
Отбасында әке рөлінің маңыздылығы артып, ұлттық құндылықтарды бағалап өседі.
Қатысушылар: Әкелер
Құрал-жабдықтар: түрлі түсті карандаштар,интерактивті тақта,ақ парақ
Тренинг шарты:тренингтің қызықты,түсінікті болуына,бір сәт демалуға өзімізге жағдай жасау.
-өзін еркін ұстау; өз ойын ашық айта білу;ұялмау;құпия сақтау;сенімділік;тыныштық;шапшаңдық;кезекпен сөйлеу;бірігіп жұмыс жасау,күлімсіреу.Тренинг ережесін бұзбай,дұрыс қабылдау,есте сақтау.
Бір-біріміздің қателіктерімізді бетке айтуға,сынап –мін тағуға болмайды.
Тренинг барысы:
1. Дәріс тақырыбы «Отбасы мен бала тәрбиесінде әкенің рөлі»
2. « Мен қандай әкемін ?» тесті
3. Ескеру мен шектеулер
4. «Мадақтау-жазалау» жаттығу
5. « Балаңыз туралы не білесіз?» ойын
6. « Әкелерге өсиет» жадынамасы


« Мен қандай әкемін?» тесті
Керемет үлгілі ата-аналар болмайды,бірақ өзінің тәрбиелеу манерінде қателерін байқау өте күрделі.Ұсынылып отырған тест өз балаңызды тәрбиелеуде қандай қателіктер жіберетініңізді түсінуге көмектеседі.
Нұсқау:Жиырма бес пайымдамаларды оқып шығып ,өзіңіз келісетініңізді белгілеңіз.Әрбір келіскен пайымдамаға 1 ұпайдан қойып отырыңыз.
1.Менің балам өзін әдейі жаман ұстайды,ол әдейі мені ашуландыру үшін істейді.
2.Есейген соң,бала өмірде қиыншылықтармен міндетті түрде кездеседі,сондықтан ата-ана парызы-оны қиыншылықтардан қорғау керек.
3.Балалық шақтағы қатал тәртіп күшті-мінез құлқын тәрбиелейді.
4.Кез-келген отбасылық проблемаларды шешуде баланың пікірін ескеру қажет.
5.Мен баламды өзімен жастылармен салыстарғанда,олар маған ересектеу болып көрінеді.
6.Мен әрдайым балама көмектесуге тырысамын.
7.Менің балам өмірде мен жетпеген жетістіктерге жетсе деп армандаймын.
8.Мен өз баламды аяймын.
9.Жақсы ата-аналар баласын өмір қиындықтарынан қорғайды.
10.Менің баламды барлығы мазақ қылатын сияқты.
11.Мен баламның өсіп,есейіп кеткеніне өкінішпен қараймын,оның кішкентай кезін сүйсініп еске аламын.
12.Маған ата-аналар балаларынан талап етіп қоймай,өздері соған үйрену керек сияқты.
13.Балалық шағындағы қатал тәртіп мінезін қалыптастырады.
14.Балама ең жақсы дос-мен өзім деп санаймын.
15.Менің балам барлық жамандықты тез сіңіріп алады.
16.Балалар есейген соң қатал тәртіпке рахмет айтатын болады.
17.Балаңмен жазғы демалысты өткізсең демалу мүмкін болмайды.
20.Ең бастысы-балада лайықты,қамсыз балалық шақ болу керек.
21.Баламен қақтығыста мен оныкі өзінше дұрыс деп кейде қабылдаймын.
22.Менің баламда ата-аналарынан құпиясы болмау керек деп ойлаймын.
23.Менің балам өз-бетінше бір нәрсені де істей алмайды,ал істесе,міндетті түрде ойдағыдай атқара алмайды.
24.Менің балам кез келген адамды жынды қылып жібереді.
25.Балалар өз ата-аналарының қателесетінін ерте түсінеді.
26.Баланың оның ата-анасына ұнайтын баламен дос болғаны дұрыс болады.
27.Менің балам өмірге үйренбеген болып өсетін сияқты.
Нәтижелерді қорытындылау: мінез-құлық стереотипі
«Наразы әке»1,5,17,22,25
«Бетімен жіберуші әке» 4,8,12,19,23
«Сақтаушы әке»2,9,11,14,18
«Өктемшіл әке»3,7,13,16,20
«Бала бағушы әке»6,10,15,21,24
Мінез-құлықтың бір стереотипі екіншісіне ұқсастықта болатынына назар аударыңыздар.Мысалы,әрбір шкала бойынша 4-5 ұпай алсаңыз ,сіз бір мезетте «үнемі наразылықта болатын өктемшіл оққағар әке »болуыңыз мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет