Әке туралы жыр. Сөзі: М. Шахановтікі



Дата20.02.2023
өлшемі108 Kb.
#169523
Байланысты:
Әкелер семинар 16.02.2023 ж (1)
ЭЛЕКТР ТОГЫ


Әке туралы жыр.
Сөзі: М.Шахановтікі
Әні: Н.Тілендиевтікі

Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем де алыс қанат қағып,
Өзіңдей қамқор адам қайда маған?!
Сүрінсем сынай қарап от жанарың,
Сен мені жақтамадың, ақтамадың.
Әрдайым осы қатал мінезіңнен
Күш алып мақсатыма аттанамын.
Жан әке, шертіп сезім домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның аспанына құлаш ұрсам,
Арқамда асқар тау боп сен тұрасың.
Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,
Кім мөлдір болса соның жолдасымын.
Қуан сен, қуана бер, әкетайым,
Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
М.ТӘЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





«Әке - асқар тау, биік шың!»
мектепішілік семинар
Мөңке би-2023 ж


«Әке - асқар тау, биік шың!» тақырыбында өтетін мектепішілік семинардың бағдарламасы.

Өтетін орны: М.Тәжин атындағы ЖОББМ


Өтетін мерзімі: 16.02.2023 жыл, сағат 9:00-де


Семинардың мақсаты:

  • «Қамқор әкелер» кеңесі жасөспірімдер тәрбиесін түзеумен салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарды дәріптеумен айналысып, отбасылық тәрбиені насихаттап, мектептегі бала тәрбиесіне атсалысу қызметін іске асыру;

  • Мектепте тәрбие бағытында оқушылардың, ұстаздардың және ата-аналардың психологиялық жай күйін ескере отырып, мектепте және отбасында рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту жолдарын қарастыру, тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруда тәрбиелік-әдістемелік көмек беру;

  • Оқушыларды әке-шешелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың бойында асыл адамгершілік, өнегелі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу;

  • Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Жанұя арасындағы байланыс, әкенің ұл мен қызға тәрбиесінің ықпалын арттыру;



Қатысушылар:






р/с

Өтетін іс-шаралар мазмұны

Уақыты

Жауапты

Теориялық бөлім

1

Семинарға келген қонақтарды күтіп алу, тіркеу

9:00-9:10

Мектеп әкімшілігі

2

Семинардың ашылуы
1. Кіріспе сөз
А.Тлеужанов
мектеп директоры
2. Амандасу тренингі
Мектеп психологы
Н.Искужина

9:15-9:35

А.Тлеужанов мектеп директоры

Практикалық бөлім

1

Сабақтарға қатысу.
МАД, 1-11 сыныптар аралығы
Пән мұғалімдері

9:40-10:25

С.Жакасова
ДОІЖО

2

Дөңгелек үстел
«Әке-алтын діңгек»
Ж.Балмұрат
8 «а» сынып жетекшісі

9:40-10:25

А.Абишева ДТІЖО

3

Үзіліс



10:25-10:40

А.Абишева
ДТІЖО

Қорытынды бөлім

1

«Әке - асқар тау, биік шың!» мерекелік бағдарлама


М.Бисеналина - тәлімгер
Р.Зейнулла, Н.Асанова
педагог-ұйымдастырушы

10:40-11:25

А.Абишева ДТІЖО

2

Спорттық сайыстар
Е.Сәден
Ә.Алдияр
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

11:30
13:00

Ж.Тұржанов
Спорт нұсқаушысы

3

Семинарды қорытындылау, ұсыныстар қабылдау

13:00-13:30

А.Тлеужанов мектеп директоры



Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: А.Абишева

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет