Екі жастың бас қосып, отау тіккеннен кейін тілейтіні бала-шағалы болу. Бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-зайыптылардың тіреу діңгегі


«Қамқорлық»  акциясының  өткізілу



бет9/9
Дата21.12.2021
өлшемі408,43 Kb.
#104609
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Бала құқығын қорғау
адал ұрпақ, ата анамен жұмыс, SOCh Angliyskiy yazyk 9 klass, Ата-аналарға арналған нұсқау, үлгерімі төмен оқушылар, Ата-аналарға арналған нұсқау, үлгерімі төмен оқушылар, Көркем жұмыс, Көркем жұмыс, Көркем жұмыс
«Қамқорлық»  акциясының  өткізілу

ЖОСПАРЫ






Іс-шаралар атауы

Мерзімі

Жауапты

 

Айлықтың іс-жоспарын талқылау және бекіту ,ақпарат бұрышын шығару.

 

Мектеп – лицей директоры

М.Казиева



2

Шағын аудандарды аралап 0-18 жас аралығындағы балалардың санын анықтау.

  1. 8.01

Шағын аудандары бойынша жауаптылар

3

Жетім, жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген отбасы, көпбалалы, сәтсіз жанұялы балалардың үйлерін аралау /рейд/

 

Сынып жетекшілері

4

Оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын қадағалау

үнемі

Сынып жетекшілері, ОІМ, ТІМ

5

Оқушылардың сабаққа келуін, берекесіз отбасыларынан шыққан жасөспірімдерді қадағалау

аптасына бір рет

Сынып жетекшілері, аға тәлімгер

6

Сыныптар арасында «Қайырымдылық марафонын» ұйымдастыру

 

Сынып жетекшілері

7

Оқушыларды ыстық немесе буфеттік тамақпен, әсіресе аз қамтылған отбасындағы балаларды бір мезгілдік тамақпен қамтамасыз ету

үнемі

Әлеуметтік педагог

А.Амреева



8

Күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына және басқа да санаттағы балаларға демеушілерден көмек ұйымдастыру

айлық бойынша

Әкімшілік,

әлеуметтік педагогтар

А.Амреева

Б.Умиров


9

Түнгі уақытта үйінен тыс жерлерде жүрген балаларды анықтау (вокзал,көңіл көтеру ұйымдары)

  1. 3.02

Әкімшілік, Әлеуметтік педагогтар

А.Амреева

Б.Умиров

Мектеп инспекторы

А.Батталова

 


10

5-9 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдердің құқығы» тақырыбында әңгіме өткізу

18.01.

Әлеуметтік педагогтар

А.Амреева

Б.Умиров

Мектеп инспекторы

А.Батталова

Сынып жетекшілері



11

5-9 сыныптарда «Оқу үлгерімі» экранын шығару. Апта сайын сынып сағаттарда, мектеп кеңесінде оқушылардың үлгерімі және сабаққа қатысуын бақылау, қорыту

Апта сайын

«Өзін-өзі басқару» ұйымы

12

Ата-аналар жиналысы отырысында «Жаппай біліммен қамту» мәселесін қарастыру

 

Ата-аналар комитетінің төрайымы

13

Оқушылардың оқулықтарын тексеру рейдін өткізу, қорыту

 

Кітапханашы

14

Жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануын анықтау

 

Сынып жетекшілері

15

«Қамқорлық» қайырымдылық акцияның қорытындысы туралы мақала  жариялау,сайтқа салу.

Айлық аяқталғанда

Әлеуметтік педагогтар

А.Амреева

Б.Умиров


16

Директор жанындағы кеңесте «Қамқорлық» қайырымдылық акцияның қорытындысын тыңдау

08.02

Әлеуметтік педагогтар

А.Амреева Б.Умиров



17

Айлық нәтижелерін талдап, қорытынды ақпаратты 10.02.14-не дейін Балалар құқығын қорғау жөніндегі басқармасына  тапсыру

 

Әлеуметтік педагогтар

А.Амреева Б.Умиров




2013-2014  оқу жылы барысында атқарылған

«Қамқорлық» акциясы іс-шаралар есебі

 

       Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын  қорғау комитетінің 2009 жылғы



4 маусымдағы бекітілген республикалық акцияларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдамасына және 2013 жылғы 28 желтоқсандағы №3-12-3/3771 хатына сәйкес 2014 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында  республикалық «Қамқорлық» акциясы өткізілді.

       Акцияның мақсаты:  әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту жұмыстарын   ұйымдастыру.

      Мектебімізде  «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар құрылды, акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды. Атап айтатын болсақ, бюджет  қаражаты  есебінен он бір балаға  (аз қамтылған, жетім және мүгедек отбасы  балаларына)  800 мың теңге сомасында  материалдық көмек көрсетілді. Жоғарыда аталған отбасы балаларына мектеп формасын, спорт киімдерін, қыстық куртка, полувер,спорттық аяқ - киім,жеңіл күртешелер  берілді. Бюджеттен тыс үш балаға  22 мың теңге сомасында әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға көмек берілді.Олар: 8 «А» сынып оқушысы Султанмурад Ердаулет, 5 «А» сынып оқушысы Садуакасов  Марат, 5 «Ә» сынып оқушысы  Сағатов Нұрберген.

Сондай –ақ  0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту айлығы бойынша мектептің шағын ауданына 73 көше бекітілген, әр көшеге жауапты мұғалімдер бекітіліп, көшені аралау кезінде қойылатын талаптармен таныстырылды.Шағын аудандар бойынша

7690 пәтерлер араланды. Мектепке қамтылмай қалған балалар жоқ.

Астана қаласы  балалар үйіне мектеп –лицей мұғалімдері тарапынан қамқорлық жасалып ,  24000 мың теңге сомасында әр түрлі балаларға  спорттық керекті заттар сатылып алынды.Бұл шараға барлық сыныптар өз үлесін қосты,белсенді қатысты.Сынып сағаттарында «Қайырымдылық» ,«Жақсыдан шарапат», «Мейірімділік» тақырыптарына арналған  әңгімелер өткізілді.Сынып марафоны өткізіліп, 9 «В» сыныбы- 7100 теңге,сынып жетекшісі Садықова М.А.

5 «Ә» сынып жетекшісі Башеева Л.К. 2000 теңге, өз үлестерін қосты.

        Кәмелетке  толмағандардаң  бос уақыттарын   тиімді  ұйымдастыру және олардың бей-берекет жүрмеулері үшін мақсатты жұмыстар  жүзеге асырылуда. Олардың  мәдени-көпшілік  іс-шараларға  қатысулары, спортпен шұғылданулары, әр алуан үйірмелер мен спорт секцияларына қатысулары бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.  Педагогикалық ұжыммен бірлесіп нашақорлық және  зиянды заттарға әуестенудің алдын алудағы бағдарламалар бойынша мақсатты түрдегі жұмыстар жүзеге асырылуда. Білім басқармасы, Әділет департаменті,Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы, Денсаулықты сақтау  басқармасы, СПИД-тің алдын алу орталығы, СӨС қалыптастыру, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарымен бірлесе жұмыс атқарылуда. Бірлесе атқарылатын бұл іс-шаралар: рейдтер, кәмелетке толмағандармен жұмыс бөлімінде есепте тұрған балалармен жұмыс. Құқық бұзудың алдын алу шаралары: «Жасөспірімдердің  құқығы» тақырыбында мектеп –лицей инспекторы А.Батталова,әлеуметтік педагог А.Амреева 5-9 сыныптың оқушыларымен кездесу өткізіп, мектептің акт залында әңгіме өткізді. Мектепте 10  рет профилактикалық отырыстар өтіп, оқушының тәртібі қаралды. Сабаққа келмейтін,себепсіз қалатын оқушылардың мәселелері қаралды. 2013 жыл бойы  ІІБ ӘПБ ЮПТ есепте тұрған  Ахунов Ерасыл 5 «Ә» сынып оқушыс және мектепішілік есепте тұрған  оқушылардың жыл бойы тәртібі қадағаланып қосымша жұмыстар жүргізілуде. Түнгі уақытта үйінен тыс жерлерде жүрген балаларды анықтау мақсатында ( интернет клубтар мен жертөлелерге) әлеуметтік педагог  А.Амреева  және мектеп инспекторы А.Батталова рейдтер  жүргізді.


«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы шеңберінде



атқарылған іс-шаралар есебі

 9 қаңтардағы №3  хатына сәйкес 2015 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында   «Қамқорлық»  қайырымдылық акциясы өткізілді.

       Акцияның мақсаты:  әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту жұмыстарын   ұйымдастыру.

      Мектебімізде  «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар құрылды, акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды. Атап айтатын болсақ, бюджет  қаражаты  есебінен 76 оқушыға (5-9-сыныптар бойынша аз қамтылған, жетім, көп балалы  отбасы  балаларына) 291,6 теңге сомасында  тегін бір мезгіл ыстық тамақ беріледі. Бюджеттен тыс үш балаға  31 500 мың теңге сомасында әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға көмек берілді. Олар: 8 «Ә» сынып оқушысы  Емилова Данагүл, 5 «Ғ» сынып оқушысы  Темірбай Аяжан,7 «Г» сынып оқушысы Шаймерденова Гүлназ. 5 «Ғ» сынып оқушысы Шадыбаева  Назерке.



Сондай –ақ  0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту айлығы бойынша мектепке қамтылмай қалған балалар жоқ.

Бұл шараға барлық сыныптар өз үлесін қосып,белсенді қатысты.Тәрбие  сағаттарында «Қайырымдылық», «Жақсыдан шарапат», «Мейірімділік» тақырыптарына арналған  әңгімелер өткізілді. Сынып марафоны өткізіліп, сыныптар өз үлестерін қосты.

«Фирма«Астана NS – company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына демеушілік жасап, 10 оқушы Оқушылар сарайына үйірмелерге қамтылуда. «Фирма«Астана NS – company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Маликова Сандуғаш Абдуманапқызына алғысымыз шексіз. Балалар да ата-аналары да дән риза.

«Фирма«Астана NS – company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен Оқушылар сарайына үйірмелерге қамтылған оқушылар

            Кәмелетке  толмағандардаң  бос уақыттарын   тиімді  ұйымдастыру және олардың бей-берекет жүрмеулері үшін мақсатты жұмыстар  жүзеге асырылуда. Олардың  мәдени-көпшілік  іс-шараларға  қатысулары, спортпен шұғылданулары, әр алуан үйірмелер мен спорт секцияларына қатысулары бойынша және  педагогикалық ұжыммен бірлесіп нашақорлық және  зиянды заттарға әуестенудің алдын алудағы бағдарламалар бойынша мақсатты түрдегі жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда. Білім басқармасы, Әділет департаменті,Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы, Денсаулықты сақтау  басқармасы, СПИД-тің алдын алу орталығы, СӨС қалыптастыру, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарымен бірлесе жұмыс атқарылуда. Бірлесе атқарылатын бұл іс-шаралар: рейдтер, кәмелетке толмағандармен жұмыс бөлімінде есепте тұрған балалармен жұмыс. Астана қаласы «Алматы» ауданының ІІБ ӘПБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Ғ. Шамаева мен әлеуметтік педагогы А.Амреевамен бірге «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығының» МКҚК нарколог-дәрігер Токтар Толеуханұлы  Койшибековтың  акт залында 8-9 сынып оқушыларына «Энергетикалық сусындар. Насыбай пайдалану мен шылым шегудің зияны» тақырыбында дәріс оқу өткізілді.Құқық бұзудың алдын алу шаралары: «Жасөспірімдердің  құқығы» тақырыбында мектеп –лицей инспекторы Ғ.Шамаева, әлеуметтік педагог А.Амреева 5-9 сыныптар мен кездесу өткізіп, мектептің акт залында әңгіме өткізді. Мектепте қаңтар және ақпан айларында үш рет профилактикалық алдын алу кеңес отырыстары өтіп,15 оқушының оқу үлгерімі мен  тәртібі қаралды.(хаттама жазылды). Түнгі уақытта үйінен тыс жерлерде жүрген балаларды анықтау мақсатында (интернет клубтар мен жертөлелерге) әлеуметтік педагог  А.Амреева  және мектеп инспекторы Ғ.Шамаева рейдтер  жүргізді.


       Астана қаласы IIД «Есіл» ауданының IIБ ӘПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімінің инспекторы полиция майоры Алия Жолаушықызы Макаева «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында  ата-аналар комитеті отырысында дәріс оқыды.

  

    Жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалауын ұйымдастыру мақсатында дене шынықтыру мұғалімі   А.Дюненбаев  8-сыныптар арасында спорттық жарыстар (волейбол және баскетбол жарыстарын) өткізді.




Жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануы

 «Қамқорлық» қайырымдылық



акциясы  шеңберінде көмек алған оқушылар

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 


 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер: Қ.Республикасының бала құқығы туралы конвенция,



Бала құқығы туралы Заң,

Журнал "Жасstar", №2 (16), апрель-июнь 2008 г.













Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет