Екінші кіші топ Қуыршақтарға қонаққа


Шымшық торғайлардың балапандары мен мысық



бет20/23
Дата07.02.2022
өлшемі192,16 Kb.
#92370
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ҚИМЫЛДЫ ОИЫН КАРТОТЕКА 2кіші топ

32.Шымшық торғайлардың балапандары мен мысық.
Балалар бөлменің қабырғасына жағалай қойылған кішкентай скамейкада, үлкен
текшелердің (биіктігі 15-20 см) үстінде тұрады. Бұл – үй төбесінде немесе ұяларда
отырған шымшық торғайлардың балапандары. Шеткеректе мысық отырады, оның ролін
балалардың біреуі орындайды. Тәрбиеші: «Шымшық торғайлар балапандары ұшты», -
дейді. Шымшық торғайлар балапандары төбеден немесе ұялардан секіріп-секіріп түсіп,
қанаттарын қағып, яғни қолдарын екі жағына созып, бөлменің ішінде жүгіріп жүреді.
Бұл уақытта мысық ұйықтап отырады. Бірақ мысық тез ояна қалады, «мияу-мияу»
деп керіліп алады да шымшық торғайдың балапандарын қуа жөнеледі. Олар
үйдің төбесіне немесе ұяларына, өз орындарына бару керек. Ұстаған
шымшық торғайлар балапандары мысық өз үйіне әкетеді.



33.Бақалар.
Алаңның ортасында үлкен дөңгелек шеңбер сызады немесе дөңгелек форма етіп жуан жіп
тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары алаңның екінші
бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге
тәрбиеші мынадай өлең айтады:
Бақалар басы қалтаңдап,
Шоршиды жолда талтаңдап.
Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ,
Жүгіреді талтақтап.
Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең
аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады (бақаларды
шошытады); бақалар шалшық суға – сызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді.
Ойын қайталанған кезде, балалар рольдерімен алмасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет